Біліп жүр

Мейрамхана брендингі: Мейрамхана ашу кейсі

Жақсы мейрамхананың сырын білгіңіз келсе, оқып шығыңыз

Мейрамхана кәсібін брендке айналдыру үшін әдемі логотип, тәтті тамақ жеткіліксіз. Қонақтар аңсайтындай ыңғайлы орын және естен кетпес ас мәзірі болу керек. Balbal.kz мотивациялық сайты атақты мейрамхана кейстерін мысалға келтіре отырып, бренд қалыптастыру үлгілерін материал ретінде дайындады.

Неліктен мейрамхананы сақтап қалу қиын?

Профессор Х.Г. Парсаның «Мейрамхана неге істен шықты?» кітабында мейрамхана индустриясы банкроттыққа жиі ұшырайтын сала делінген. Мейрамханалардың 59% сәтсіздікке ұшырайды.

Мейрамханаларға бір үлгімен адамдарды жинау қиын. Өйткені қонақтардың талғамы әртүрлі. Бірақ жақсы ойластырылған және жан-жақты бренд үшін бұл қорқынышты емес.

Қонақтардың тәжірибесіне назар аударыңыз

Келген қонақ сізден көп нәрсе күтеді. Сіздің мекемеңізге ғана емес, сонымен қатар сайт, тапсырыс жасау нысанына немесе әлеуметтік желілерге де мән береді.

Қонақпен берік қарым-қатынас орнату үшін әлеуметтік желілер мен электрондық пошта маркетингін қолданыңыз.

Budu sushi кейсі

Қонақтардың тәжірибесіне назар аударудың мысалы ретінде Budu sushi жапондық кафе желісін айтуға болады.

Әрбір қалада жапон асханасының дәмханасы бар. Сушиді көбісі ұнатады. Суши-барлардың арасындағы бәсекелестік те көп.

Budu sushi-дің басты құндылығы — шығармашылық байланыс. Олар қонақтарының қалауын ескеріп, сауалнама алады.

Дәл осы кафені басқа суши-бардан ерекшелендіретіні – қонақтың өзін жайлы сезінуіне мүмкіндік береді және айтарлықтай эмоционалды орта қалыптастыруға тырысады. Бұл атауынан көрінеді. Орысша оқысаң, «будешь суши?» дегенге «буду суши» деп жауап қайтарғандай. Қонақтың сұрағына бірден жауап береді, есте сақтау оңай.

Кафенің логотипі мен атауы — бұл брендтің тек басы, оның артында тұжырымдама бар. Кафе жүйесі тұтынушы тәжірибесіне мұқият бейімделу керек.

Өзгеріске дайын болу

Әдетте рестораторлар брендингті мейрамхана ашу сатысында ойлап қояды. Жоспар бойынша жақсы жұмыс істейді. Бірақ уақыт өте келе бәрі өзгеру мүмкін. Бәсекелестік орта, нарық, тіпті адамдардың өзі өзгереді. Соған дайын болыңыз.

«Папа Гриль» кейсі

2011 жылы «Папа Гриль» нарыққа кіргенде, оның қонақтары — жолда шұғыл тамақтанатын жүргізушілер еді. 8 жыл ішінде жағдай күрт өзгерді. Қазіргі кезде донерді тұтынушылар — 18-30 жас аралығындағы жас қыз-жігіттер. Оларға мүлдем басқа тәсіл қажет.

Жаңартылған логотип бастапқы символын сақтап, қазіргі заманға сай өзгерді. Ашық-жарқын, динамикалық үлгі жастар отыратын жерге айналды.

Оқиғаны баяндаңыз

Сюжет сіздің брендтің бөлігі болады. Осы арқылы клиенттермен байланыс орната аласыз. Драма және кейіпкерге деген жанашырлық — бұл жақсы оқиғаның негізгі компоненттері. Мүмкін сіз мейрамхана ашатын ғимараттың тағдыры қызықты болуы мүмкін немесе арнайы тағам туралы идея «ой, мен лимонды құлатып алдым» деген таңғажайып жағдайда пайда болды.

«Сытый Бо» кейсі

«Сытый Бо» америкалық фильмдерде кездесетін қораптағы кеспе туралы ірі брендтің тарихын айтып берді. Бренд тарихы тұрғындардың сезіміне әсер етті.

Қолында үлкен кеспесі бар күлімсіреген азиат кафенің жақсы асханасы мен қонақжайлылығын дәлелдейді.

Шынайы болыңыз

Бүгінгі таңда мейрамхана брендингіндегі басты бағыттардың бірі — бұл түпнұсқалық. Келген қонақ сізді танығысы келеді. Ерекшелену үшін сіз өзгеше нәрсені ұсынуыңыз керек. Орындай алмайтын нәрсені уәде етпеңіз. Егер сіздің кафеңіз демалып отырып таңғы ас ішетін жер болса, калориялы тамақ туралы айтпаңыз. Өз мүмкіндіктеріңізді шынайы бағалаңыз.

Шынайы болу қоғамға қамқорлық жасауды да білдіреді. Көбісі экологияға мән беретін, жағдайы нашар жандарға тамақ беретін немесе қайырымдылық қорына көмектесетін брендтерді таңдайды. Қонақтарыңызға қамқор екеніңізді көрсетіңіз. Ол жақсылығыңыз елеусіз қалмайды.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!