Миллионер

Кітап дүкені бизнесі: ерекшелігі мен бастапқы капиталы

Кітап сатумен айналасқыңыз келсе...

Кітап дүкені бизнесін ашу екі түрлі пікірге ие. Бірі кітап оқитындардың көп екенін айтса, екіншісі ол тиімсіз, адамдар онлайн оқығанды ұнатады деп есептейді. Бірақ белгілі бір нәрселерді ескерсе, оны оңтайландыруға болады. Назарларыңызға кітап дүкенін ашудың қыр-сырын ұсынамыз.

Кітап дүкені бизнесінің плюсы мен минусы

Артықшылығы:

  • Кітап сатуға кеткен инвестиция бір жыл ішінде өтеледі.
  • Ең қиын экономикалық кезеңдерде де кітап басылымдарына сұраныс азаймайды және жылына 25% кіріс алады.
  • Кітаптың басқа тауар сияқты жарамдылық мерзімі болмайды. Сондықтан алғашында сатып алушылар аз болса да, оның иесі шығынға ұшырамайды.
  • Бұл кітап оқитын және әдебиетті жақсы білетін адамдар үшін керемет бастама. Үлкен инвестицияларды қажет етпейді және елеулі шығындарға әкелмейді.

Кемшілігі:

  • Көпшіліктің кітап оқымауы. Көбісі электронды кітаптарды оқығанды жөн көреді,
  • Басылымдар көп. Олардың көпшілігі қызықсыз әрі бос кітаптар. Әр кітапты талдау, зерттеу қиындық тудырады.
  • Пираттық нұсқалар.

Дүкен форматы

Кітап дүкенін ашар алдында оның форматын анықтау керек.

Дүңгіршек

Кітапқа құмар жандарға арналған шағын кітап бұрышы. Оны дүкен деп атау  қиын, өйткені ол кішігірім әуесқой клубқа ұқсайды. Онда тұрақты клиенттер бар. Менеджер мен сатушы өз клиенттерін жақсы біледі, олардың жеке деректерін алады.

Дүңгіршек белгілі бір сала түріне бағытталу керек. Атақты баспалардың сирек кездесетін және түпнұсқа кітаптары мұндай бөлшек сауда нүктесі үшін тиімді.

Көбіне бұлар көптеген оқу орындары мен студенттер көп қалашықтарда ашылады.

Үлкен кітап желісінің форматы

Егер сіздің қалаңызда бәсекелестік аз болса және кітаптар сұранысқа ие болса, онда дүкендер тізбегі тек пайда әкеледі. Бірақ алдымен қарапайым кітап дүкенін ашып, қайсысы сұранысқа ие болатынын анықтау үшін бірнеше форматты қолданып көріңіз.

Көптеген кәсіпкерлер мұндай бизнес жобаны жасаудан қорқады, өйткені ол көп инвестицияны қажет етеді.

Қарапайым дүкенмен салыстырғанда, кітап желісі мыналарды қажет етеді:

  • Бірнеше сауда орындары;
  • Көп сатушылар, кассирлер және есепшілер;
  • Орталық кеңсе мен қойманы ұйымдастыру.

Әдетте мұндай дүкендер тізбегі түпнұсқалық дизайнмен, брендпен ерекшеленеді.

Бір кітапты дүкен

Токионың Morioka Shoten Ginza дүкені осы идеямен танымал болды.

Takram фирмасының түпнұсқа дизайны бар шағын бөлмеде сіз тек бір кітапты көре аласыз. Оның тұсаукесері мен сатылымы бір аптаға созылады, содан кейін ол басқасына ауыстырылады.

Дүкеннің ерекшелігі тұсаукесерге мән береді. Кітаптың презентациясын жасайды. Ол бөлменің ортасында кішкентай тартпаларда орналасқан. Оның айналасында, қабырғада кітап пен оның авторы туралы арт-бейнелер көрсетіледі.

Орналасатын жерді таңдау

Осы кезде халқы көп, бірақ жалға беру құны азырақ жердіқарастыру керек.

Кітап сатуға жақсы орындар:

  1. Ірі сауда орталықтарында. Әсіресе екінші немесе үшінші қабаттарда.
  2. Жаяу жүргіншілер өткелінің жанында.
  3. Университетт, мектеп, балабақшаларға және супермаркеттерге жақын жер.

Кәсіпкер ол үшін мақсатты аудиторияны анықтау керек. Егер аналар сатып алатын балалар әдебиетіне назар аударылса, онда мектеп, балабақша және супермаркет жанынан ашасыз.

Егер сіздің кітаптар ассортименті кең болса, онда үлкен сауда орталықтарын таңдауыңыз керек. Мұндай дүкен барлық жастағы клиенттерді тартады.

Дүкеннің ауданы 30-40 шаршы метр болса жеткілікті. Ал 50-60 шаршы метр болса, оңтайлы артықшылық береді.

Жеткізушіні қалай таңдаймыз

Кітап шығаратын баспахана —  жақсы жеткізушілер. Сіз олармен жеңілдіктер туралы келісе аласыз. Сондықтан кітаптарға үстеме ақы 50-ден 70% -ға дейін жасалу мүмкін. Алайда баспагерлер кітаптарды үлкен тиражбен шығарады. Бұл жас кәсіпкерлер үшін тиімді емес.

Сондықтан тікелей баспагерлерге тапсырыс бергеннен гөрі, жергілікті компаниялардан сатып алу тиімдірек. Олардың бағасы қымбатырақ болғанымен, қалаған өнімді жеткізу жылдамырақ болады. Олар да тұрақты серіктеске жеңілдіктер  ұсына алады.

Ілеспе өнімдерге қатысты заттарды (кеңсе тауарлары немесе сыйлық жиынтықтары, балаларға арналған ойыншықтар) Интернеттегі жарнамалардан оңай табуға болады.

Кітап ассортименті

Түрлі әдебиеттерді сатылымының рейтингі ассортимент таңдауда көмектеседі.

  1. Оқу, танымдық және әдістемелік әдебиеттер.
  2. Әр түрлі жанрдағы көркем шығармалар.
  3. Балалар әдебиеті.
  4. Эзотерикалық.
  5. Мәдениет және өнер туралы кітаптар.
  6. Қолданылатын.
  7. Кәсіби.

Егер сіз шамамен 30-40 м2 болатын сауда орталығын ашуды жоспарласаңыз, онда сізге ең танымал әдебиеттерден кем дегенде 2000 кітап қажет. Алматы мен Астанадағы кітаптардың орташа бағасы шамамен 2000-2500 теңге. Тауарлардың саны мен ассортименті сіздің қаражатыңызға тікелей байланысты.

Кітап дүкенін жабдықтау

Дүкен таза және ыңғайлы болуы керек. Ауаны таза ұстау үшін кондиционер қажет. Дизайн қатаң әрі жағымды етіңіз. Тым көп әсемдеу негізгі өнімнен алшақтатады.

Жиһаз ағаштан жасалу керек. Ағаш сөрелердегі кітаптар тартымды көрінеді. Ағаш сөрелерді қалпына келтіру оңай.

Кітаптар ашық сөрелерде болу керек. Кез келген клиент оны ала алады, кіріспе немесе мазмұнын оқи алады.

Дүкенге керек жабдық:

  1. Жарықтар. Дүкенде жеткілікті жарық болуы керек.
  2. Ұрлыққа қарсы құрылым.
  3. Кассалық аппаратура.
  4. Өрт дабылы және өрттен қорғау құралдары. Ағаш сөрелер мен кітаптарға жарық тисе, өртке себеп болуы мүмкін.

Неше теңгемен бастаймыз: шығындар есебі

Бастау үшін айтарлықтай айналым капиталы қажет.

Ауданы 40 м2 болатын дүкенді орналастыру үшін шамамен осындай:

  1. Кітап сатып алу — 350 мың теңге.
  2. Ілеспе өнімдерді сатып алу — 50 мың теңге.
  3. Коммерциялық жабдықтау — 800-900 мың теңге.
  4. Кассалық жабдықтар — 170-200 мың теңге.
  5. Басқа жабдықтар — 250-300 мың теңге.
  6. Қор — шамамен 1 млн. теңгені құрады.
  7. Екі айлық жалдау — 250-300 мың теңге.
  8. Екі қызметкер жалақысы — 200 мың теңге.
  9. Бастапқы жарнама — 165-200 мың теңге

Нәтижесінде кітап дүкенін ашу үшін сізге 8-9 миллион теңге қажет.

Алты айдан кейін сіз қанағаттанарлық нәтижеге қол жеткізе аласыз. Клиенттерге сыпайылық және адалдықпен қарау өте маңызды қадам. Олар сіздің дүкеніңізді достарына ұсынатын адамдар.

Сіздің дүкеніңіз тек екі жылдан кейін ақысын өтейтініне дайын болыңыз.

Кітап дүкенін ашатындарға кеңес

  • Айына бір рет жеңілдіктер ұйымдастырыңыз.
  • Жаңа бестселлерлердің шығуын қадағалаңыз.
  • Сатып алушылар үшін «Кітап оқитындар» клубын аша аласыз. Бұл оқырмандарды тартады.
  • Байқаулар, жазушылармен кездесу, поэзия кештері, шеберлік сыныптары және басқа да қоғамдық шаралар ұйымдастырыңыз. Бұл дүкеннің имиджін жақсартады.
  • Балалар әдебиеті, көркем, оқу-әдістемелік кітаптар үлкен сұранысқа ие екендігін ескеріңіз.
  • Әлеуметтік желілерде белсенді болыңыз.
  • Кері байланыс бизнестің дамуына ықпал етеді. Яғни анда-санда кішкентай сауалнамалар жүргізіңіз.
Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!