Имплант тіс салдыру стоматологияның жаңа жетістігі десек те болады. Протездің орнына имплант тістер салдыру белең алды. Назарларыңызға импланттың артықшылығы мен қауіпті тұстары, имплант тістің күтімі туралы материал ұсынамыз.
Имплант деген не?
Бұл — сүйек тініне жалғанып, тіс тамырын жасанды түрде алмастыратын металл құрылымдары. Имплантация жасау үшін арнайы металдар қолданылады. Оларды адам денесі бөгде зат ретінде қабылдамайды, яғни үйренісіп кету оңай. Сонымен қатар титаннан, цирконий диоксидінен жасалады.
Не үшін тіс салдыру керек?
Тіс — біздің ағзамыздың бөлшегі. Егер 32 тістің бірі түгел болмаса, функция бұзылады. Тіс салдырғанда не болады:
- Шайнау функциясы қалпына келеді;
- Ас қорыту жүйесінің мәселелері азаяды;
- Жанындағы сау тістер тұрақты болып қалады және босамайды;
- Сенімділігіңіз артады, тісіңіздің болмағанына ұялып жүрмейсіз.
Артықшылығы, пайдасы
Тіс имплантаттары классикалық протездеуге қарағанда бірнеше артықшылыққа ие.
- Металл түйреуіштер жаққа оңай енгізіледі;
- Басқа тістерді зақымдамайды.
Пайдасы:
- Протез функционалдылығы мен эстетикасына қатысты барлық талаптарға сәйкес орнатылады;
- Қабыну процестері болмайды;
- Тіс ауырып, жағымсыз әсер қалдырмайды.
Ем сапалы, ұқыпты жүргізілсе, имплант ұзақ уақытқа жарамды. Бір жарым жылдан кейін ғана оны толық бағалауға болады. Егер бес жыл ішінде имплант ешқандай қиындық тудырмаса, демек металл денеге толық енген.
Имплант түрлері
Олар пішіні, сыртқы түрі, мақсаты бойынша ерекшеленеді.
Монолитті өнімдер бір сатылы имплантация жасалған кезде қолданылады. Яғни отадан кейін салынады.
Жинақталатын модификациялар екі сатылы имплантация үшін қолданылады. Бірінші штифттің бірігуін күтеді, содан кейін оны тірек басымен толықтырады және протездеу жүргізеді.
Имплантологтар науқастың ауыз қуысын ескере отырып, тиісті модификацияны таңдайды. Олар тіс түбіріне ұқсас, бұрандалы немесе ламель тәрізді, цилиндр түрінде кездеседі.
Имплант қаупі
Тіс салу оңай іс емес. Егер дұрыс салынбаса, ол ауыз қуысына зиян тигізеді. Түрлі аурулар пайда болады. Мысалы:
Қан кету;
Ауырсыну;
Қызыл иектің қабынуы;
Ісіну;
Тігістердің ашылып кетуі;
Мұрынның перфорациясы;
Жақ сүйегінің гайморын тесу;
Нервтердің зақымдануы;
Переимплантит;
Мандибулярлық канал қабырғасының деформациясы.
Сол үшін олардың сапасына және маманның біліктілігіне мән беріңіз. Жоғары күтімді қажет етеді және тыйымдар мен күтімдерді ұстану керек.
Имплант салғаннан кейінгі күтім
Тағайындалған дәрі-дәрмектерді пайдалану;
Белгіленген диета — ұннан жасалған, қатты және жабысқақ тағамдардан бас тарту;
Антисептик пен антибиотик қолдану;
Алкоголь мен темекіден бас тарту;
Процедурадан кейінгі бірінші айда ыстық ванна қабылдамау, солярийге, саунаға бармау;
Дәрігердің тұрақты тексеруіне бару.
Кімдерге имплант салуға болмайды?
Имплант салатын адамның дені сау болу керек. Қандай аурумен ауратындарға тыйым салынады:
Қан аурулары — лейкемия, анемия;
Туберкулез;
Қант диабеті;
Эндокриндік жүйенің бұзылуы — бүйрек үсті бездерінің патологиялық өзгерістері;
Остеопороз;
ЖИТС / АИТВ;
Ауыз қуысының аурулары;
Алкоголь мен есірткіге тәуелділік;
Психикалық және венерологиялық аурулар.
Одан бөлек ағза соған дайын болу керек. Тістегі кариестен құтылыңыз. Одан кейін тұмауратып жүргенде, бала емізетін және жүкті әйелдерге болмайды.
Оны салдыру үшін жасыңыз 22-ден жоғары болу керек.
Ең тиімдісі – 25 -60 жас. Алпыстан асқан адамдар имплант салдырғысы келсе, толық тексерістен өткені жөн.