1430 қызметі арқылы қазақстандықтар үйден шықпай-ақ салалық бейінді дәрігерлерден кеңес ала алады.
Азаматтар бет-жақ хирургі, рефлексотерапевт, трансфузиолог, ангиохирург, геронтолог, нефролог, генетик және т.б. мамандарды қоса алғанда, әртүрлі бейіндегі дәрігерлерге онлайн-қабылдауға жазылуға мүмкіндік бар.
Бұл – медициналық мекемелерге барғанда, әсіресе карантин және қолданыстағы шектеу шаралары кезінде кезекке тұрмаудың балама нұсқасы.
1430.kz сайтына қолдағы талдау нәтижелерін жүктей отырып, бейне және аудио байланыс режимінде кеңестер ала аласыз.
1430.kz-ті қолдану үшін не істеу керек?
- Ол үшін сайтқа есіміңізді, телефон нөміріңізді көрсете отырып, тіркеуден өту қажет.
- Оң жақ жоғарғы бұрышта тіркелген пациенттің аты шығады, соны басу керек.
- «Файлдар» қойындысына өтіп, оң жақта «Файлды жүктеуді» таңдаңыз, мұнда сіз талдама нәтижелерін қоса аласыз.
- Дәрігерге жазылу үшін сайттың басты бетіне өту қажет, іздеу жолағына (сол жақта) дәрігердің аты-жөнін, консультация уақытын жазып, қабылдауға жазыла аласыз.
- «Мәселенің сипаттамасы» бөліміне сізді не мазалайтынын қысқаша жазуға болады.
- Одан кейін «Төлеу» бөлімін таңдайсыз.
Басты бетте дәрігерлердің аты-жөні, олардың профилі, жұмыс өтілі, сондай-ақ онлайн қабылдау уақыты көрсетілген «Дәрігерлер» бөлімі бар.
Қажет маманды табу
Сайттың басты бетіндегі тегтер бойынша қажетті маманды табуға болады. Мысалы, «тұқым қуалайтын аурулар» белгісін таңдағанда, генетик дәрігер туралы мәліметтер, тәжірибесі мен кеңес беру құны көрсетілген профилі ашылады.
Науқас қабылдауға жазылғаннан кейін дәрігер жазба туралы хабарлама алады, пациенттің талдамаларымен және оның медициналық картасы бар жазбамен алдын ала танысып, зерттейді.
Осыдан кейін, белгіленген уақытта дәрігер бейнекеңес жүргізеді. Қажет болған жағдайда ол күндізгі қабылдауға жаза алады.
Сондай-ақ, 1430 нөмірі бар байланыс орталығы және 1430 мобильді қосымшасы жұмыс істейді. Қосымшада сіз дәрігерге онлайн-қабылдауға жазыла аласыз, талдамалар мен медициналық қорытындыларды қоса жүктеп, кеңестеріңізді бақылай аласыз.
1430.kz мобильді қосымшасын қалай жүктейді?
Ол Android платформасында қолжетімді. Оны Play Market-те іздеу жолағына «1430.kz» деп енгізіп жүктеуге болады.
Айта кету керек, карантин кезінде тәжірибелі дәрігерлер 1430.kz сайтында тегін бейнекеңестер берді.
Қазіргі уақытта порталда Қазақстанның бірқатар қалаларынан онлайн-қабылдаулар жүргізетін 826 білікті дәрігерлер тіркелген.