Біліп жүр

HADI циклдары: hypothesis, actions, data, insights

HADI циклдары деген не?

HADI циклдары – кәсіпкерлер мен маркетологтар үшін өз өнімін дамытуға және оны жақсы сатуға көмектесетін маңызды құрал. Олар салыстырмалы түрде қысқа мерзімде қажетті көрсеткіштерді жоғарылатуға көмектеседі: сайт трафигі, жарнамалық баннердегі басу саны, конверсия және т.б.

Бірақ HADI циклдары – бұл өзін-өзі тәрбиелеуде де қолдануға болатын әмбебап құрал. Мақалада біз тек бизнес саласымен шектеліп қалмаймыз және өзін-өзі жетілдіру саласында HADI циклдарын қалай қолдануға болатынын қарастырамыз.

HADI циклдары дегеніміз не?

HADI – hypothesis, actions, data, insights деген сөздердің аббревиатурасы. Олар гипотеза, іс-әрекет, деректер және қорытынды деп аударылады.

HADI циклдарының мәні мынада:

  • біз гипотезаны тұжырымдаймыз;
  • тексереміз;
  • оны мәліметтермен толықтырамыз;
  • кері байланыс аламыз;
  • содан кейін қорытынды жасаймыз.

Ал енді қадамдардың әрқайсысын бөлек қарастырайық.

Мақсатты анықтап алу

Иә, бұл мәселе циклда жоқ. Бірақ оған тоқталмай кете алмаймыз.

Гипотезаны тұжырымдамас бұрын сіз проблеманы тауып, мақсатты тұжырымдап, қажетті соңғы нәтижені анықтауыңыз керек. Мақсатты SMART әдісін қолдану арқылы жақсы анықтай аласыз.

Мысалы, «көп сату» немесе «ақылды болу» – бұл өте айқын емес мақсаттар. Сондықтан нақты гипотезаларды тұжырымдау қиын. Бұл жағдайда ең маңызды нәрсені жіберіп алу қаупі бар.

Сондықтан мұндай жаһандық мақсаттарды бірнеше жеке және нақты мақсаттарға бөлген дұрыс. Мысалы, «лендинг конверсиясын көбейту» және «әлеуметтік желілердегі жарнамаларды дамыту» немесе «тез оқып үйрену», «шығармашылық ойлауды дамыту» деп қарастырған дұрыс болады.

Гипотезалар (hypothesis)

Циклдың мақсаты қойылғаннан кейін гипотезалар алға шығады.

Гипотеза – бұл көздеген мақсатқа жету үшін не істеу керек екендігіне болжау жасайды. Мысалы, «әңгімелесушінің тілін таба алу» үшін «есімін атаңыз, сонда сізді ұнатып қалады» деген болжам болуы мүмкін.

«Егер …, содан кейін …» – бұл гипотезаның негізгі құрылымы. Оның көп деңгейлі болуы мүмкін екенін ескеріңіз. Мысал ретінде:

Егер сайттың ішін қарап шығу ыңғайлы болса, тапсырыс саны көбейеді. Веб-сайтыңыздың дизайнын жеңілдетсеңіз, ішіне кіріп аралау жеңілірек болады. Содан кейін дизайнды жеңілдетуге арналған гипотезалар мен ұсыныстар пайда болады.

Әрине, гипотезалар кездейсоқ түрде ұсынылмауы керек. Оларды тексеру үшін уақыт пен күшті қажет етеді. Сондықтан әр гипотеза бір нәрсеге негізделуі керек. Зерттеу мәліметтеріне сүйене отырып, басқа адамдардың тәжірибесін қарап шешім қабылдаған жөн.

Сонымен қатар кейбір жағдайларда HADI циклын қолдана отырып пайдалы инновацияларды сынауға уақыт жоғалтпаған дұрыс. Кейде бірден әрекет етуге мәжбүрміз.

Әрекеттер (actions)

Сіз гипотезаны ойлап тапқаннан кейін оны тексеретін кез келеді. Гипотезада айтқаныңызды жасаңыз.

Бірақ бірдей нәтижеге бағытталған бірнеше гипотезаны бір уақытта сынамаңыз. Яғни, егер сізде өзін-өзі ынталандыру деңгейін қалай көтеруге болатындығы туралы екі болжам болса, оларды бір-бірлеп тексеріп көріңіз. Әйтпесе бір гипотезаның әсерін басқасынан қалай ажыратуға болады? Қандай нақты әрекет қандай нәтижеге әкелетінін қайдан білесіз?

Басқа сыртқы факторларды да, әлбетте, ескеру керек. Мысалы, егер сіздің оқу жылдамдығыңыз жоғарылаған болса, бұл нәтиже мәтіннің жеңілдігімен байланысты болуы мүмкін.

Сол себепті сіз гипотезамен туындаған өзгерістерден басқа ешқандай өзгерістердің болмауын ескеріңіз. Егер нәтижеге сыртқы факторлардың әсер ету ықтималдығы болса, гипотезаны екі рет тексерген дұрыс.

Деректер (data)

Сонымен гипотеза тұжырымдалып, әрекет жасалады. Содан кейін қандай қадам жасалмақ?

Енді сіз нәтиже алуыңыз керек. Ол үшін сізге көрсеткіштерді нақтылау керек. Маркетингте барлығы қарапайым болуға тиіс: жарнаманың саны, сатылым саны және т.б. Статистиканы ашып, оң өзгерістердің бар-жоғын білуге ​​болады.

Өзін-өзі тәрбиелеу саласында табыстың критерийлерін бөліп көрсетуге тырысу керек. Оқу жылдамдығын өлшеу, әртүрлі  тестілер және т.б. Гипотезаның шын немесе жалған екенін қалай анықтауға болатындығын қарастырыңыз.

Кейбір жағдайларда деректерді бірнеше рет тексеріңіз. Бұл көп уақыт пен күш жұмсауды қажет етеді. Бірақ алынған мәліметтер дәл болады. Қате қадам жасауға жол бермеңіз.

Түсініктер (insights)

Нәтижелерді талдау қажет. Гипотеза расталды ма? Немесе қазір оң нәтиже жоқ болып, гипотезаны жаңартсаңыз, нәтиже болады ма?

Егер солай болса, сізге тиісті өзгерістер енгізу керек. Егер жоқ болса, оны сол күйінде қалдырыңыз. Тағы бір гипотезаны тексеріп көріңіз!

Сіз жұмыс принципін байқасаңыз, оны жүзеге асырудың бірнеше әдістері болу керек. Мысалы, үйренгендеріңізді қайталауды жеңілдету үшін жазба жазуды әдетке айналдырыңыз.

Ескі гипотезаларға қайта оралудан қорықпаңыз. Әрдайым өз бизнесіңіздің рентабельділігін арттырудың немесе өзіңіздің жағдайыңызды жақсартудың жолын табыңыз. Дегенмен ең бастысы сол гипотезаларды жүзеге асыру.

Дайындаған: Медина Дүйсенова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!