Біліп жүр

Бизнестің қаржылық көрсеткіштері: табыс, түсім, пайда

Бизнестегі табысыңызды есептеу үшін мына тізбекті есте сақтаңыз: кіріс — түсім — жалпы пайда — операциялық пайда — салық алдындағы пайда — таза пайда. Есебіңіз түгел болсын десеңіз, төмендегі терминдерді жете түсінуіңіз керек.

Түсім

Түсім – бұл шаруашылық қызметтен түскен барлық ақша. Демек бұл тауарды сату, қызметті ұсыну, жұмысты орындаудан түскен табыс. Ол қолма-қол және қолма-қол емес ақша болуы мүмкін.

Түсімді анықтағанда жұмсалған шығын ескерілмейді. Өйткені біз түсім дегенде тауар, қызмет, атқарылған жұмыс үшін түскен барлық ақшаны айтамыз.

Түсімнен барлық шығынды алып тастап, басқа кірісті қосқаннан кейін сіз таза пайда немесе шығын аласыз. Кіріс оң немесе нөлге тең болуы мүмкін. Бірақ теріс болмайды.

Түсім – табыстың негізгі құрамдас бөлігі. Кіріске, шаруашылық қызметтен түскен түсімнен басқа активтерді сатудан түскен төлемдерді де қосуға болады. Мысалы, сіз бизнесті жаптыңыз. Кофейнялар, қымбат кофе машиналары мен тоңазытқыштарды саттыңыз. Одан түскен ақшаны сол кезеңдегі түсімге жатқызуға болады. Егер сіз сату көрсеткіштерін білгіңіз келсе, негізгі қызмет бойынша таза пайданы бөлек есептеңіз.

Кіріс мен айналым бірдей

Бизнес иелері кірісті бір айға, тоқсанға және тіпті бір жылға жоспарлайды. Бұл сомаларды мына параметрлерді ескере отырып есептеуге болады: сатудың маусымдылығы, тоқырау айлары және сұраныстың артуы, тауарларды жеткізу көлемі мен жылдамдығы, өнімділік және т.б.

Сондай-ақ, түсім табыс пен шығын есебіндегі негізгі көрсеткіш. Одан бизнес қызметінің қаржылық нәтижесін есептеу басталады. Түсімді «сату» өлшемдерінде орташа есепшот, үзіліс нүктесі, маржа, сатылымның кірістілігі сияқты көрсеткіштерді есептеу кезінде қолданады.

Кіріс

Түсім – бұл табыстың негізгі бөлігі. Ал кіріс әрқашан түсімге тең немесе одан да көп, бірақ ешқашан аз болмайды.

Кіріс – бұл бизнесіңіз есептеу кезеңде алған барлық түсімдердің жиынтығы. Бұл ұғымның аясы «түсімге» қарағанда кеңірек.

Өйткені, негізгі қызметтен төленетін төлемдерден басқа табысқа депозит бойынша пайыз, шартты бұзғаны үшін клиенттен түсетін өтемақы (айыппұл), қарыз, қаржылық көмек, инвестиция және жоспарланбаған кез келген түсім жатады.

Мысалы, мердігер келісімшартты орындау мерзімін бұзды. Келісімшарт бойынша ол айыппұл төлеуі керек. Бұл сіздің шаруашылық қызметтен бөлек жоспарланбаған табысыңыз.

Кіріс = түсім + басқа кіріс (бұл көрсеткішті жоспарлау қиын.) Табыс көбінесе кіріске теңестіріледі. Бұл негізгі қызметке ақы төлеуден басқа кірістер болмаған жағдайда ғана дұрыс деп саналады.

Бірақ табыс пен пайда әртүрлі ұғымдар. Табыс – бұл бизнестің плюске жұмыс істеуі. Ал егер шығын кірістен асып кетсе, онда компания кіріс алды. Бірақ пайда жоқ.

Салық салу мақсатындағы кіріс

Кіріс – салықты есептеудегі негізгі параметрлердің бірі. Жалпы, жүйеде салық таза кірістен есептеледі: СПД тапқан барлық ақшаға салық салынбайды. Тек кіріс алуға байланысты қызмет шығындарын төлегеннен кейін қалған ақшаға ғана салық салынады.

Пайда

Пайда – бұл бизнестің оң қаржылық нәтижесі немесе одан барлық шығын шегерілгеннен кейін қалған кірістің бөлігі.

Есіңізде болсын, пайда табыс емес. Ол әрдайым кірістен әлдеқайда аз. Тіпті ол мүлдем болмауы мүмкін. Пайда компанияның шығындарын ескереді және дивидендтер төленетін «құрғақ қалдық» болып табылады.

Есептеу формуласы: пайда = кірістер-шығындар

Егер мән оң болса, онда есепті кезеңде пайда бар деген сөз.

Дайындаған: Дидар Сұлтанбекқызы

Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!