Біліп жүр

Орыс тілін жетілдіруге арналған тегін сайттар

Орыс тілін жақсарту

Орыс тілін білу ТМД елдері аумағында жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Әрі тілді үйрену көп адамға қиындық туғызбайды. Дегенмен бұл тілдің де өзіндік қиындықтары мен заңдылықтары бар. Balbal.kz орыс тілін жақсартуға арналған тегін сайттар тізімін назарыңызға ұсынады.

         Грамота.ру

Грамота.ру – сөзді тексеруге арналған қарапайым сайт. Бұл тек қана орыс тілінің сөздігі емес. Мұнда сөздің шығу тарихы мен қолданылу аясы туралы да ақпарат алуға болады. Орыс тіліне қатысты кез келген сұрақты қойып, ғылыми кеңесшілерден жауап ала аласыз. Сонымен қатар жиі қойылатын сұрақтардан өзіңізге қажеттісін табуға болады.

Сайттың балаларға арналған бөлімі де бар. «Ойын» деп аталатын бөлігінде жұмбақтар мен бас қатырғыштар берілген. Олардың көмегімен бала сөздерді есіне сақтап, негізгі ережелерді біле алады. Ойынды ересектердің де ойнауына болады.

Интерактивті диктант

dict.mosmetod.ru – Мәскеу қалалық методологиялық орталығы ұсынған сайт. Бұл жерден диктант тапсырып, қателеріңізді көре аласыз. Диктанттың екі нұсқасы ұсынылған. Біріншісі, аудиожазбаны тыңдай отырып, жазу. Екіншісі, дайын мәтіннен қалып кеткен әріптерді табу. Диктант жазу арқылы сөздердің оқылуы мен жазылуын білесіз. Жұмыс қорытындысы қателердің түсініктемесін бермейді. Тек бірнеше секундтың ішінде сауаттылық деңгейін анықтайды.

         Орыс тілінің ережесі

ilyabirman.ru – орыс тіліндегі негізгі ережелерді түсіндіруге бағытталған сайт. Мұнда тілдегі заңдылықтарды баяндайды.

Сайтты дизайнер Илья Бирман құрастырған. Онлайн анықтама орфография мен пунктуацияға қатысты ережелерді жинастырған. Іздеу қарапайым жолымен іске асады. Негізгі тақырыптар бөлімдерге бөлінген. Мысалдар көркем әдебиеттен алынған.

Пушкин

Пушкин – тыныс белгілерін қою кезіндегі қиындықтарды жоюға бағытталған. Блогты жасаушылар ереженің мысалы ретінде классикалық әдебиетті алған. Құрастырушылардың айтуынша, бұл анықтаманы одан әрі түсінікті етеді. «Пушкин» арқылы тұрақты дайындалу қажет.

Отличник

Бұл – мобильді телефонға арналған қосымша. Орыс тілінде екпінге қатысты туындайтын мәселелер өте көп. Қосымша арқылы жаттығу орфоэпияның негізгі ережелерін меңгеруге көмектеседі. Жұмыстан кейін қателеріңізді көре аласыз.

         russkiypro.ru

Сайт орыс тіліндегі сөздердің айтылуын меңгеруге арналған. «Руский-про» порталы тілдегі негізгі механизмдер мен ережелерді түсіндіреді. Сонымен қатар екпіннің дұрыс қойылуын, оның себебі баяндайды. Мысалы, «жалюзи» сөзінде екпін «и» әріпіне түседі, себебі француз тіліндегі барлық сөздерде екпін тек соңғы буынға қойылады.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!