Біліп жүр

Демалыс күндерін тиімді өткізу. Билл Гейтстен 4 кеңес

Демалыс күні дұрыстап демалу керек

Демалыс күндері – біз өзімізді толықтай еркін сезінетін уақыт. Жұмыс аптасын оңай бастау үшін демалыс күндері тиімді өту керек. Мысалы, кейбірі апта бойы қандырмаған ұйқыны сол күндері толық өтеймін деп, 9-10 сағат уақытты ұйқыға арнайды. Алайда бұл сіздің өзіңізді қалпыңызға келтіруге кері әсерін береді. Билл Гейтс дүйсенбі күні жаңарып, нәтижелі ету үшін сенбі мен жексенбі күндерін қалай өткізетіні туралы айтты.

Жақындарыңызбен уақыт өткізіңіз

Отбасыңызға көңіл бөлмей кеткеніңіз үшін өзіңізді кінәлі сезінесіз бе? Демалыс күні – оны шешудің ең жақсы сәті. Өзіңізге және достарыңызға керемет жиын ұйымдастыруға тырысыңыз немесе жұбайыңыз бен балаларыңызбен уақыт өткізіңіз.

Ұйқыны қандырыңыз, бірақ шектен шықпаңыз

Тим Кук, Билл Гейтс, Джек Дорси және Джефф Безос көңілді сезіну үшін күніне орта есеппен 7,3 сағат ұйықтайды. Алайда бәрі бірдей ол кестені ұстана алмайды. Ерте жұмысқа кірісетін немесе оны кеш бітіретін адамдар үшін режимді сақтау қиын.

Бұл жағдайда демалыс күндері сіз жұмыс аптасында жіберіп алған бірнеше сағаттық ұйқының орнын толтыра аласыз. Сіз әдетте таңертең 6-да оянсаңыз, демалыс күндері 9 немесе 10-да оянуға болады. Бірақ жұмыс күндері 5 сағат, демалыс күндері 12 сағат ұйықтайтын жүйені жасамау керек. Бұл кезде келесі аптаға қайта бейімделу қиын болады.

Жалғыз болыңыз

Бір апта ішінде біз көп адаммен сөйлесеміз. Бес күн ішінде ерекше ештеңе болмаған сияқты көрінсе де,түрлі әсерге бөленеміз. Аз-көп тәжірибе жинаймыз Енді сол әсерден миыңызды тыныштандыру үшін өзіңізге жеке сағат арнаңыз. Оны өзіңіз жақсы көретіндей пайдаланыңыз. Серуендеңіз немесе үйде тыныш отырыңыз. Кітап оқып, жеке күнделікке бірнеше жазба енгізіңіз, өткен аптадағы оқиғалар туралы ойлаңыз. Сезімдеріңізге бір сәт көңіл бөліңіз.

Келесі аптаға жоспар құрыңыз

Келесі аптаға және айға жоспар құрып, соны смартфон күнтізбесіне немесе күнделікке жазыңыз. Бұл сізге уақытты дұрыс бөлуге, достарыңызбен және әріптестеріңізбен кездесулерді реттеуге, сондай-ақ уақытты тиімді пайдалануға көмектеседі.

15 минутыңызды соған арнай отырып, аптадағы 8-9 сағатты үнемдедіңіз.

Демалыс күндері – демалыс уақыты екенін ұмытпаңыз. Кей адамдар демалыста екінші жұмысқа кірісіп кетеді. Мұндай өмір салты сізді ұзаққа апармайды. Себебі өзіне көңіл бөлмеген адамның нәтижеге қол жеткізуі қиын. Қысқа мерзімді пайдаға жұмыс істемеңіз. Денсаулығыңызды күтіңіз.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!