Біліп жүр

Эссе жазудың ережелері

Эссе жазудың басты талаптарымен танысыңыз

Эссе – өз көзқарастарын, іс-әрекеттерін жазбаша негіздеу. Оның өзіндік ережелері мен жақсы жазуға арналған кеңестер бар. Balbal.kz  мотивациялық сайты дұрыс эссе жазудың қағидасын материал ретінде дайындады.

Эссе дегеніміз не?

Ол — еркін композициясы бар шығарма. Эссе прозалық стильде жазылады.  Берілген тақырып бойынша адамның жеке пікірін, тұжырымдары мен әсерін білдіреді.

Эссенің мақсаты

Эссенің мақсаты, әдетте, шығармашылық ойлауды дамыту және ойыңызды жазу шеберлігін шыңдау. Ол ойды тұжырымдау, ақпаратты құрылымдау, анықтауға көмектеседі. Тәжірибені суреттеуге және жетілдіруге ықпал етеді.

Түрлері

Мазмұны бойынша:

  • Рухани және діни
  • Көркем публицистикалық
  • Көркемдік
  • Тарихи
  • Әдеби сын
  • Философиялық т.б.

Әдеби форма бойынша:

  • Хаттар
  • Күнделік парақтары
  • Ескертпелер
  • Лирикалық миниатюралар
  • Рецензия

Форматы бойынша:

  • Аналитикалық
  • Сыни
  • Рефлексивті
  • Хабарлама
  • Сипаттама
  • Композициялық

Сипаттама формасы бойынша:

  • Автордың тұлғалық ерекшеліктерін көрсететін субъективті ой
  • Тақырыпты, құбылысты, идеяны сипаттайтын т.б. объективті ой

Эссе белгілері

Шағын көлем

Оның нақты көлемі белгіленбеген. Бірақ үш, жеті параққа дейін жазу дұрыс. Ал Ресейдің көптеген университеттерінде он бетке дейін жазуға рұқсат етілген. Гарвард бизнес мектебінде әдетте екі бетке жазылады.

Тақырып нақтылығы мен субъективті нақтылық

Кез келген эсседе белгілі бір тақырып бар. Демек, кең тақырыпты қарастыра алмайды. Ол тек бір ойды көрсете алады, бір сұраққа жауап береді.

Еркін композиция

Эсседе ешқандай ресми форма болмау керек. Көбіне эссе логика заңдылықтарына негізделмейді.

Жеңіл сюжет

Эссені жазғанда күрделі сөйлем, түсініксіз терминдерден аулақ болған жөн. Тақырыпты еркін білуге, оны әр түрлі жағынан көрсете білуге ​​міндетті.

Парадокстарды қолдану

Көп жағдайда ондай шығарманы оқырманды таңдандыру үшін жазады. Кейбір сарапшылар бұл шартты міндетті деп санайды. Оны афоризм, парадокс, бір-біріне қайшы келетін ойлар әсемдейді.

Құрылымы

Автордың ойы тезис түрінде ұсынылуы керек.

Тезистер дәлелдену керек.

Дәлел ретінде факт, құбылыс, оқиға, тәжірибе, ғылыми дәлелдерді, сарапшылардың пікірін және т.б. пайдалануға болады. Әр тезис үшін екі дәлелді қолданған дұрыс.

  1. Кіріспе
  2. Тезис, аргумент
  3. Қорытынды бөлім

Эссе жазғанда нені ескеру керек?

Эссеннің негізгі тақырыбы мен мақсаты, сонымен қатар оның жеке тақырыпшалардың мақсаты анықталу керек.

Оқырман назарын аудару үшін жарқын нақыл сөздер, парадокс, аллегорияны, қызықты фактіні және т.б. қолданыңыз.

Кіріспе және қорытынды бөлімдерде басты мәселеге назар аудару керек.

Эссе тақырыпша, абзац, параграфтарға бөлінеді. Әр абзац арасында логикалық байланыс болу керек. Осылайша эссе бүтін болады.

Ол экспрессивті, эмоционалды және көркем болуы керек. Оны қарапайым қысқа сөйлемдерден жеткізуге болады.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!