Біліп жүр

Интернет-эквайринг: қашықтан төлем жасау

Интернет-эквайринг – XXI ғасырда сұранысқа ие төлем жүйесі. Қазіргі таңда банк қызметтері төлемді ғаламтор арқылы қабылдауды жедел дамытып жатыр. Оның басты ерекшелігі – 24/7 төлем жасау мүмкіндігі.

Интернет-эквайринг деген не?

“Эквайринг” термині ағылшын тілінен аударғанда “сатып алу, тұтыну” деген мағынаны білдіреді. Қарапайым тілмен айтқанда интернет-эквайринг – қолма-қол ақшасыз, несие картасымен төлем жасау мүмкіндігі. Эквайрингтің дамуы мен технологиялардың жаңғыруы өзара тығыз байланысты. Бұл функцияның сұранысқа ие болу себебі – қолма-қол ақшаны пластикалық карталарға оңай алмастыра алатынында.

Онлайн жұмыс істеу техникасы:

  1. Тапсырыс берушінің тапсырысы сайтта рәсімделген соң, төлем картасына ауысады. Бұл жердегі бос орынға карта нөмірі, жарамдылық мерзімі, аты-жөні және CVV2/CVC2 кодтарын теру керек;
  2. Сайттағы төлем жүйесі барлық ақпаратты тапсырыс алушыға дер кезінде жеткізеді;
  3. Тапсырыс алушы ақпараттарды банк-эквайеріне жібереді. Әдетте, тапсырыс қабылдаушы тарап үдерісті жеделдету үшін бірнеше банк-эквайерімен келісімге отыруы шарт;
  4. Банк-эквайер өтінішті ұсынылған картаның халықаралық қызмет көрсету орталығына (мысалы, VISA, MasterCard) ұсынады;
  5. Қызмет көрсету орталығы картаның жұмыс істейтін/істемейтінін тексеріп, банк-эквайеріне жауап қайтарады;
  6. Банк-эквайері тапсырыс алушы тарапқа жауабын жеткізеді;
  7. Төлем сәтті өткізілсе, тапсырыс берушіге хабарланады.

Артықшылықтары:

-төлемді оңай әрі дер кезінде жүзеге асыруға мүмкіндік;

-бұл технология мобильді балансты төлеуде де іске асады;

-үйден отырып төлем жасау клиенттер сұранысын арттырады.

Интернет-эквайрингті қалай қосуға болады?

Алдымен, сізге ыңғайлы эквайринг түрін таңдап алыңыз:

Банк-эквайері. Барлық үдерістермен банк қызметі айналысады;
-Банк пен тапсырыс беруші тарап арасында келіссөз жүргізетін қызмет көрсету жүйесі. Оның артықшылығы— бірнеше қызмет көрсету орталықтарымен келіссөз жүргізу арқылы жұмыс тиімділігін арттырады.

Эквайер таңдау барысында мынадай критерийлерге назар аударыңыз:
-комиссия жүйесі;
-жүйенің қарапайымдылығы мен түсінікті болуы;
-техникалық қызмет көрсету бөлімі. Критерийлерге қарай отыра сізге тиімді жүйені таңдағасын, сол эквайер бөліміне хабарласыңыз. Тиісінше, банк жүйесінен тіркеуден өтесіз.

Интернет эквайрингтің әдеттегі төлемнен артықшылығы:
-төлемді 24/7 жасау мүмкіндігі бар (демалыс күндері немесе түнгі уақытта). Бұл сіздің нарықтағы дүкендерден басты артықшылығыңыз болмақ;
-тұтыншуы дүкеннің қызмет көрсеткені үшін артық комиссия төлемейді. Ал, дүкен, өз кезегінде қызмет көрсету сервисіне шығындалмайды;
-жаңа тауар келген бойда тауарлар тізіміне енгізе аласыз. Бұл сатылымның артуына өз септігін тигізеді.

Дайындаған: Айдана Алмаханова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!