Біліп жүр

Като Ломб – 16 тілді меңгерген полиглот

Като Ломб қалай тіл үйренген?

Като Ломб – әлемнің 16 тілін еркін меңгерген полиглот. Ол бір мезетте 8 тілге аударма жасайтын әлемдегі бірінші аудармашы атанған. Ең қызығы, оның мамандығы химик болған. Ломб мұндай жетістікке қалай жетті деген сұрақ қойғыңыз келеді. Ол уақытта аудио дискілер мен тіл үйрету мектептері болмағанын есіңізге салайық. Като Ломб өз тәжірибесінен 10 негізгі қағиданы белгілеп алған.  Оларды «Мен тілдерді қалай үйренемін» кітабына енгізген.

Като Ломб кім?

Катоға бала кезінде тіл үйрену қиынға соққан. Неміс тілі мен өзі қалаған француз тілін төмен деңгейде меңгереді. Нәтижесінде Като жаратылыстану бағытын таңдап, химия саласын зерттей бастайды.

Като Ломб
Като Ломб кеңестері @linguaw.com

Университетті аяқтаған соң Катоның тіл үйренуге деген махаббаты қайта оянады. Ол өзіне мүлде белгісіз ағылшын тілін үйреніп, бір уақытта оны өзгелерге үйретуді қолға алады. Като өз оқушыларынан бар-жоғы бірнеше сабақ қана алда болатын. Бірақ оның ерік-жігері барлық лингвистикалық қателіктерді жеңді.

Екінші дүниежүзілік соғыс уақытында Като тыйым қауіптілігіне қарамастан орыс тілін үйренеді. Бұл жолда өзіне Гогольдың «Өлі жандарын» басшылыққа алады. 1946 жылы Венгрияға орыс әскері енгенде Като комиссия мүшелірінің жанында аудармашылық етеді. Бұл уақытта ол француз, латын, неміс, ағылшын тілдерін де жақсы деңгейде меңгерген еді.

Ал 50 жасында итальян және испан тілдерін меңгеруді қолға алады. 1999 жылы Като иврит тілін үйрене бастайды. Бұдан соң араб тілін үйренгісі келеді, бірақ өкінішке қарай үлгермейді.

Като Ломбтың кеңестері

Тіл үйренумен күн сайын шұғылдану керек. Бұл бұлшық еттерді жаттықтырғанмен тең. Нәтижеге жеткіңіз келсе, жүйелі түрде шұғылданыңыз. Оқу және жаңа сөздерді қайталауға тым болмаса 10-15 минут уақыт бөліңіз.

Егер тіл үйренуге деген қызығушылығыңыз төмендей бастаса, жеке алгоритіміңізді ойлап табыңыз. Мысалы, оқу сосын музыка немесе үзіліс кезіндегі серуен.

Мәтін – біздің барымыз. Жекелей сөздерді емес, мәтіндермен дайындалыңыз. Мысалы, бір сөзді жаттасаңыз ол автоматты түрде екінші сөзді ойыңызға салуы тиіс.

Кітап немесе дәптер бетіне дайын фразалық сөздерді жазып алған дұрыс. Оларды максималды түрде жиі пайдалануға тырысыңыз.

Ойша барлық сөзді аударыңыз: жарнама, өлең жолдары, газеттегі мақала.

Жатқа айту – пайдалы дүние. Бірақ толығымен дұрыс сөз бен мәтінді жаттаңыз.

Жатталған, қолданысқа дайын сөздер, фразаларды жазып, бірінші жақта есте сақтаңыз.

Кез келген тілді бір ғана әдіспен үйренуге болмайды. Тек дәптерге жазып, ұстаздың айтқанын ғана орындаймын деген қате пікір. Кітап оқыңыз. Өзге тілдегі газет, мақала, әдеби шығармаларды оқыңыз.

Қателіктен емес, түзетілмей қалған қателерден қорқыңыз. Ешнәрсені тексерілмеген күйде қалдырмаңыз.

Ешнәрсеге қарамастан тілді үйренетініңізге сенімді болыңыз.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!