Біліп жүр

Логистика және оның түрлері

Логистика не үшін керек?

Логистика – материалдық, ақпараттық, адамдар ағымын бақылау процесінің қосындысы. Оның мақсаты – шығынды азайту және тиімділікті арттыру. Әдетте бұл терминді «жүк тасымалын ұйымдастыру» деп түсіндіреді. Жеткізу қызметінсіз ешқандай өнеркәсіп алға жылжымайды. Жеткізу желісі толығымен қалыпқа түссе, уақыт пен ақшаны үнемдеуге көмектеседі. Логистика дегеніміз не? Ол қандай процестерді жүзеге асырады? Қандай түрлерге бөлінеді? Жауап берейік.

Ақылды логистика және оның мағынасы

Логистика – қызметтің немесе тауардың сатушыдан сатып алушының қолына жеткенге дейінгі қызметтер жинағы. Бұл қызмет ерте кезден бастау алған. Сатушылар өз тауарларын жеткізуді шығынсыз, қауіпсіз және арзан ұйымдастыруға тырысқан. Термин ежелгі Грекияда пайда болған. Барлық логистер екі процесті басшылыққа алады:

  • Тұтынушыны басқару – шығынды азайту;
  • Өндірушіні басқару – пайданы көбейту.

Қазіргі кезде логистиканы негізгі жеті түрге бөледі.

Транспорттық логистика

Бұл қызмет бір нүктеден екінші нүктеге жеткізудің тиімді бағытын анықтайтын процестерді біріктіреді.

Барлығы логистиканы тек жеткізу қызметімен ғана шектеледі деп есептейді. Бірақ бұл дұрыс емес.

Жеткізу – логистиканың шағын ғана бөлігі. Бағыт тауарды жеткізу кезінде:

  • Толық мөлшерде;
  • Белгіленген уақытта кешігусіз жетуін;
  • Аман-есен күйде жетуін назарға алуы тиіс.

Тауардың бүлінбеуі – басты назар аударатын бөлік. Есептеу кезінде келуі мүмкін зиян назарға алынады.

Қордың логистикасы

Белгілі инфрақұрылымның дәл артық қорын есептеу – кәсіпорынды жетістікке жеткізетін фактор. Қорлар логистикасының негізгі мақсаты – нысандарды:

  • Сапалы қормен;
  • Қажетті мөлшерде;
  • Уақытылы қамту.

Өндірістік

Өндірістік логистика барлық кезеңдегі процестер мен мен материалдық ағымның бақылауын қамтамасыз етеді. Ол шикізат көзінен бастап тұтынушыға жеткізілгенге дейінгі барлық бөлікті қамтиды. Өндірістік қорлар бірнеше рет өңдеуден өтетін болса, оны қатаң бақылауда ұстаған жөн.

Қызметтің негізгі мақсаты – дайын өнімнің шығынын азайту, оның сапасын арттыру.

Шекаралық

Мемлекет шекарасы арқылы жеткізу кезіндегі процестерді қамтиды. Бұл қызмет бірден бірнеше маңызды бөліктерді қамтиды:

  • Құжаттарды дайындау;
  • Шекараға дейін тауарды жеткізу;
  • Шекаралық талаптарға сай тауарды бағалау;
  • Тауардың бағасы мен сапасын анықтау;
  • Шекарада құжаттарды рәсімдеу;
  • Шекарадан асқан соң тауарды бақылау.

Ақпараттық

Бұл қызмет тауардың, шикізаттың, өнімнің жеткізілуі кезіндегі барлық ақпарат алмасуды бақылауда ұстайды. Ақпараттың екі ағымы бар:

  • Сыртқы – жеткізуші мен сатып алушының арасындағы ақпарат алмасу;
  • Ішкі – компания ішіндегі ақпарат айналымы.

Материалдық және ақпараттық айналым бір-бірімен байланыста болуы тиіс.

Қоймалық логистика

Ол «қайда?» және «қалай?» деген сұрақтарға жауап береді. Өнімді қайда сақтау керек? Оның есебін қалай жүргізген дұрыс? Қойма – бұл саланың негізгі бөлігі. Олар тек арнаулы мақсаты мен орналасуына қарай бөлінеді. Бірі өндіріс орнының жанында, екіншісі қаланың басқа шетінде орналасуы мүмкін. Қоймалық логистика негізгі үш бөлімнен тұрады:

  • Тауарды қабылдау және орналастыру;
  • Сақталуы;
  • Тауарды беру.

Сатып алу логистикасы

Мұны қамтамасыз ету логистикасы деп те атайды. Оның мақсаты – өндірістің үзіліссіз жұмысы үшін барлық қажеттілікпен қамтамасыз ету. Ол негізгі мына процестерден тұрады:

  • Жеткізушіні зерттеу және таңдау;
  • Келісімшарт жасасу;
  • Шарттың орындалуын бақылау;
  • Ақауларды түзеу;

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!