Біліп жүр

Лос-Анджелес. Періштелер қаласы

Лос-Анджелес - Калифорнияның оңтүстігіндегі шуақты қала.

Лос-Анджелес пен Нью-Йорк әйгілі қалалардың бірі. «Жұлдыз жолақты» елдің ең әйгілі қалаларын ата десеңіз, бірден осы қалаларды естуіңіз заңды. Бүгінгі әңгімемемізге арқау болған Лос-Анджелес Америка Құрама Штаттарының ең маңызды экономикалық орталықтарының бірі.

Зәулім-зәулім ғимараты бар, сиқырлы сұлулыққа ие қалаға саяхат жасауды жоспарлап жүрсеңіз немесе арман қала жайында білгіңіз келсе, «Періштелер қаласы» туралы қызықты ақпараттар пайдалы деп тапсаңыз, өзіңізге түртіп алуды ұмытпаңыз.

Лос-Анджелестің алғашқы атауы —  «Періште Мария ауылы», «Періштелер патшайымы» болған.

Ол 19 миллионға жуық халқы бар әлемдегі ең ірі мегаполис.

Лос-Анджелес  мексикалықтардың ең көп шоғырланған мекені.

Лос-Анджелес порты жер бетіндегі ең тартымды орындардың бірі.

Лос-Анджелес. Періштелер қаласы
Голливуд

Голливудтың арқасында Лос-Анджелес  киноиндустрияның әлемдік астанасы болып саналады. Күн сайын Лос-Анджелестің көшелерінде кем дегенде 50 фильм түсіріледі.

Лос-Анджелес кинотеатрлар мен мұражайлар саны бойынша АҚШ қалалары арасында көшбасшы. Дәл осы жерде 1902 жылы әлемдегі алғашқы кинотеатр ашылды.

Лос-Анджелесте және оған жақын аймақтарда XIX ғасырда ашылған мұнай-кен орындары бар. Олардың кейбірі әлі де жұмыс істейді.

Лос-Анджелесте айналаны жасыл жарықпен жарықтандыратын ерекше шамшырақ орнатылған.

Бұл қалада еркектерге заңды әйелін кішкене белдікпен ұруға рұқсат етілген. Үлкен белдікпен ұру үшін әйелінің келісімін алу қажет болады. Әрине, бұл заңды қолданып жүрген ешкім жоқ. Себебі, адам өміріне қауіп төндіреді.

Голливудта Даңқ аллеясында бүгінгі таңда 2600-ден астам жұлдыз бар. Олардың бәрі ойын-сауық, киноиндустрияға, мәдениетке үлкен үлес қосқан атақты адамдарға арналған.

Лос-Анджелес. Періштелер қаласы
Даңқ аллеясы

Лос-Анджелес  — 1850 жылы ғана қала атағын алды.

АҚШ-та  баткетбол ойнаудан үздік шыққан жалғыз қала. Бұл жердің қарапайым халқы да баскетбол ойынын өте жақсы көреді.

Лос-Анджелес, статистикаға сәйкес, көліктері ең көп қалалар қатарына жатады. Есептеулер бойынша, жүргізуші куәлігі бар адамдардан бөлек,  2 миллионға көп автомобиль бар.

Лос-Анджелес — бұл халықаралық қала болғандықтан тұрғындары 220-дан астам тілде сөйлейді.

«Оскар» сыйлығының дебюті 1929 жылдың көктемінде Лос-Анджелесте ұйымдастырылды. Бір қызығы, кинопремия 15 минут қана болған. Ал фестивальға кіру билеті 5 долларға сатылыпты.

Лос-Анджелесте өзінің ауыз су көзі жоқ.  Су қалаға 390, 545 және 714 шақырым қашықтықтағы  үш су арнасы арқылы келеді.

Лос-Анджелесте «Сиқырлы өнер»  академиясы бар. Онда сіз бөлмені жалға алып, иллюзионистердің немесе елестердің шоуларын көре аласыз. Сонымен қатар алты апталық сиқыршылық өнерді үйрену тренингіне қатыса аласыз.

Қоғамдық көліктер қатаң кесте бойынша жұмыс істейді. Өз уақытымен, дәл минутпен қозғалады. Егер сіз жаяу жүргінші болсаңыз, арнайы Google карталарымен тығыз қарым-қатынас орнатуға тура келеді.

Дайындаған: Бекзат Ғажапбекқызы

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!