Біліп жүр

Өтіріктің белгілері: Ым-ишаратқа мән беріңіз!

Өтіріктің сан түрлі белгісі болады

«Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» демекші қанша жерден өтірікті шындай етіп айтуға бейім болса да, жестикуляциясы бәрібір білдіріп қояды. Шыншылдық психологиясы бойынша адам өтірік айтқан кезде өзінің іс-қимылдарына жауап бере алмай қалады. Ендеше сөйлесу барысында тілдесушінің айтып отырған әңгімесінің өтірік не шын екендігін білгіңіз келсе, оның іс-әрекеттеріне назар салыңыз. Balbal.kz мотивациялық сайты жалған сөйлеп тұрған адамдарды іс-әрекетіне қарап анықтаудың әдістерімен бөлісетін болады.

Аузын жауып сөйлеу

Адам өтірік айтқан кезде өз-өзін бақылай алмай қалады. Жалған сөйлеуші жан өз ернін қолымен не жұдырығымен жабу арқылы шатасып қалудан не оны айтудан қорқып, өзін тежегісі келеді.

Қорғану

Қол жестикуляциясы – шынайылықтың көрсеткіші. Тілдесуші қолымен мойнын, біресе шашын, т.б. дене мүшелерін ұстай бергені ондағы бір шикілікті көрсетеді. Көбіне өтірікшілер құлағын, бетін қасып, өз-өзін алдандырады. Бұны қорғану эффектісі деп атайды. Психологтар бұл  қимылды өтірігі ашылып қалу қорқынышы немесе оған қарсы сұрақтардан сақтануы деп баға береді.

Артық қозғалыстан сақтану

Адам ойын, ақиқатты айтқан кезде өзін жайлы әрі тыныш күйде сезінеді. Ал сөйлесу барысында тым ашулы не жайсыз сезінетін болса, оның сөздерінің шынайылығына мән беру керек. Өтірікші адамды аулақ ұстап, алыс отыруға және артық қозғалыстан сақтануға бейім болады. Тұрысына қарасаңыз болады. Себебі адам былай уақытта тым жайбарақат, еркін тұрады. Ал шынайылыққа сай келмесе, тіп-тіке, қолдары жасырулы күйде болады.

Даусы және тынысы

Адам өтірік айтқанда жүрек соғысы өзгереді. «Шындық детекторы» да жүрек соғысы арқылы шын-өтірігін анықтайды екен. Ал осы кезде кейбіреулердің тынысы тарылып, даусы өте жай шығады. Иықтарын жоғары көтере береді. Мұндай жестикуляция өтірік айтушыларға тән.

Ернін жасыру

Өтірік айтушылардың тағы бір белгісі – ернін тістелей беру, ернін жасыру. Ондай адам өз сөзіне сенімсіз болады. Өтірік айту кезінде сілекей аз мөлшерде бөлініп, аузы құрғайды. Жиі жұтыну және ернін тістелей беруі де содан. Тілдесуші адамның эмоциясын да бақылаңыз: күлкісі қандай, не нәрсеге күледі, т.б. Көбіне өтірікшілер жиі өтірік күледі.

 Басын шайқау

Сіз сұрақ қоя бастағанда тілдесуші жиі басын қозғалта беретін болса, оның көкейінде айтыламай жатқан бір сыр бар. Басын шайқау арқылы ол сіздің көзқарасыныңыздан қашқақтайды не сұрақты ауыстырғысы келеді.

Ойын жеткізуі

Шындықты жасырған кезде басқа оқиғаны тез арада ойлап табу керек. Сол себепті оған ойын жеткізу қиынға соғады. Ойы шашыраңқы болып, асықпай сөйлеу арқылы ол ойланғысы келеді. Ол өзі айтқан сөздерге сізді де, өзін де сендіру керек. Өтірік айтқанда сіз қойған сұрақты қайталай береді. Мысалы, «Мына кесені сен сындырдың ба?», «Жоқ, мына кесені мен сындырмадым».

Көзқарас

Көз – адамның айнасы. Көп жағдайда адамды көзіне қарап түсінеміз. Ал өтірікшілер көзін сізден алмауға тырысады. Маркетологтар не саудагерлер сізден көзін алмай қадала сөйлейтін болса, онда мұнда бір гәп бар. Сізді алдауға дайындалуда.

Өміріңізде түрлі адамдарға жолығасыз. Өзіңізді жаман ниетті адамдардың құрбаны етпеңіз. Шыншылдық психологиясы арқылы өзіңізге манипуляция жасауға жол бермеңіз.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!