WhatsApp бизнес – бұл шағын және орта бизнес иелеріне арналған тегін бизнес-профиль қосымшасы. Мұнда кәсіпкер мекенжайын, электрондық поштасын, веб-сайтын және қызметтің толық сипаттамасын бизнес-профиліне қоса алады. Сонымен қатар қосымшаның хабарламалар туралы статистика және автоматты жауап беретін қызметтері де бар. Осы қызметтер арқылы кәсіпкер тұтынушыларымен қарым-қатынасын жеңілдете алады.
WhatsApp Business vs WhatsApp: айырмашылығы неде?
2018 жылдың қаңтарында WhatsApp шағын бизнес қосымшасын шығарды. Оны шығаруындағы басты мақсат-кәсіпкерлердің қызметін жеңілдетіп, тұтынушыға компания туралы ақпарат беру болып табылады. Сондықтан бұл қосымшалардың айырмашылықтары өте көп. Олар:
- Бизнеске арналған WhatsApp тек компанияларға арналған. Тұтынушы сізге стандартты WhatsApp қосымшасы арқылы жаза алады. Ал сіз бизнес-қосымша арқылы кері байланысқа шыға аласыз;
- Сіздің тұтынушыңыз хабарламаларды, спам-хабарламалардан ажырата алады. Бұл екі жақты да, алаяқтардан қорғайды;
- Сіз тұтынушыларыңызға компания туралы көбірек ақпарат алуға көмектесетін бизнес-профилін жасауға мүмкіндігіңіз бар: электрондық пошта мекенжайы, веб-сайт, нақты мекен-жайы, қызметтер тізімі.
- Бизнес нұсқа статистика бөлімін қамтиды: қанша хабарлама жіберілді, жеткізілді және оқылды. Бұл мәліметтерді ақпараттық бюллетеньдердің тиімділігін талдау үшін пайдалануға болады.
- Сіз автоматты хабарламаларды орната аласыз: сәлемдемелер, еске салулар немесе қызмет көрсету операторлары байланысқа түсетін уақыт туралы хабарламалар. Сонымен қатар сіз жиі қойылатын сұрақтарға жылдам жауаптар орната аласыз.
Аккаунт түрлері
- Бизнес-аккаунт. WhatsApp Business-те тіркелген, компания аккаунты.
- Тексерілген. Сұр белгімен белгіленген аккаунт. Тексерілген деп атауындағы басты себеп-аккаунт нөмірінің компанияның ресми тіркелген нөмірімен сәйкес болуы.
- Расталған. Мұндай аккаунттың профилінде жасыл белгі болады. Компанияның расталған екендігі оның қаншалықты танымал болғанына қарайды. Оның WhatsApp-тың өзі тексереді.
Кемшіліктері
- Тексерілген аккаунтқа ие болудағы реттелмеген ережелер;
- Жасыл белгіні алудағы нақты түсініктің болмауы;
- Пайдаланушыларға жаппай жіберу кезінде кейбір нөмірлер оқшаулануы мүмкін.
Қалай тіркелуге болады?
- Алдымен сіз компанияның веб-сайтынан, Google Play немесе App Store дүкенінен қосымшаны жүктеп алуыңыз керек. Содан кейін телефон нөмірін көрсетіңіз.
- Сіз профильді толтыруды бастай аласыз. Мұнда абай болу керек. Қате туындаған жағдайда деректерді өңдеу мүмкін емес, соңында деректерді сақтау және WhatsApp-тен мақұлдауды күту керек.
- Бекіту мүмкіндігін арттыру үшін компанияның ресми байланыс нөмірін көрсетіңіз. Сондай-ақ инстаграм және Facebook желілеріндегі байланыс мәліметтерін енгізген жөн. Тексеруден бұрын хат жібермеңіз.
Дайындаған: Эльмира Ұзақбаева