Біліп жүр

Жеңілдік және оның 12 түрі

Жеңілдік шығын ба?

Жеңілдік  – кез келген сауда орындары пайдаланатын әдіс. Жеңілдіктен сатушылардың көпшілігі қашады. Мұны шығын деп ойлайды. Бірақ қателеседі. Ол клиенттерді тартатын магнит. Сондықтан жеңілдіктің 12 түрін стратегия ретінде пайдаланыңыз!

Мерзімді жеңілдік

Белгілі уақыт аралығында ғана болатын дүние. Бұл сатып алушыны сауда жасауға ынталандыру әдісі. Ол белгілі мерзім ішінде жеңілдіктің аяқталатын түсінеді. Сондықтан тезірек сатып алуға әрекет жасайды.

Бір күндік науқан

«Тек бүгін» деген ойды түйген клиент неде болса дүкенге жол тартады. Үлкен сауда үшін керемет уақыт.

Тауарға байланған жеңілдік

Жеңілдіктің мағынасы түсінікті. Әдетте уақытпен шектеледі. Бұл жеңілдікті супермаркеттер жиі қолданады.

Алдын-ала тапсырыс

Жаңа тауар сатылымға шықпас бұрын алдын-ала тапсырыс болады. Сол арқылы беру қосымша сыйлыққа ие болуыңыз ықтимал. Сол затты арзанырақ ала аласыз. Әдетте смартфон өндірушілері осы әдісті қолданады.

Көп тауар алса

Қаншалықты көп тапсырыс берсеңіз, соншалықты көп жеңілдікке ие боласыз.

Жинақтық жеңілдік

Тауар сатып алған сайын клиент бонустық картаға ұпай жинайды. Келесі жолы сауда жасағанда сол пайызын, ұпайны пайдаланады.

Қолма-қол төлем жасас

Мобильді телефон сататын дүкендерді еске түсіріңіз. Қолма-қол төлейтін болсаңыз, баға арзанырақ. Бұл базардың үлгісіне жақын.

Жеке жеңілдік

Купон немесе флаер таратылады. Мұндай жеңілдікті поштаңызға жіберуі мүмкін. Кейде газет беттерінен қиып алуды сұрайды.

Мерекелік көңіл-күй

Дүкендер мен мейрамханалар туған күніңізге ескереді. Ал мейрам кезінде бағаны түсіреді.

Арнайы топқа арналған жеңілдік

Дәріханалар мен кинотеатрлардан «зейнеткерлер үшін ….» немесе «студенттер мен балаларға …» деген жазуларды көптеп кездестіреміз.

Абонемент

Фитнес-клубтар мен бассейндер осы әдіске жүгінеді. Клиентке бір рет барғаннан гөрі қолайлы бағаға абонемент алған тиімдірек.

Қосымша жеңілдік

Егер сізде дисконт карта немесе клубтық карта болса, арзанырақ төлейсіз. Мұнда тауарлар тобына байланысты шектеулер қойылуы мүмкін.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!