Кітап

Журналистерге арналған 15 кітап

Журналистерге керек кітаптар

Журналистерге көп оқу керек екендігі бәріне аян. Медиа саласы күннен-күнге дамып келеді. Соған байланысты медиа, ақпараттық қоғам, журналистика туралы кітаптар бар. Balbal.kz мотивациялық сайты журналистерге арналған үздік 15 кітап тізімін жариялады.

Медиа туралы

«Медиа түсінігі», Маршал Маклюен

Бір таңқаларлығы, 1964 жылы жарық көрген бұл кітап бүгінгі күнге дейін БАҚ-тың қасиетті кітабы болып қала береді.

Маршал алғаш болып аудиторияны түрлерге бөлді. Медианы «ыстық» және «салқын» деп қарастырды. «Ыстық» медиа дегеніміз – теледидар, кинолар яғни аудиториясы аз медиа. Ал «салқыны» — әлеуметтік желілер, телефон, аудиториясы көп медиа.

«Жаңа медиа қалай журналистиканы өзгертті: 2012-2016», Александр Амзин, Артем Галустян, Василий Гатов, Мануэль Кастельс

Кітап бірнеше медиа сарапшылармен жазылған. Олар жаңа медиа журналистері және олардың мүмкіндігі туралы, мультимедиялық платформаның пайда болу мүмкіндігі, қазіргі аудиторияның ерекшеліктері, жаңа формат түрлері және дәстүрлі медианың болашағы туралы әңгімелеседі.

«Геомедиа. Желілік қалалар және қоғамдық кеңістіктің болашағы», Скотт МакКуайр

Ірі қалаларда медиа кеңістік біртіндеп қалыптасып жатыр. Бұл жай технологиялық прогресс емес, бұл күнделікті өміріміздегі экономикалық және әлеуметтік процестердегі өзгеріс. Бүгінгі таңда кез келген уақытта, кез келген жерден және кез келген адамнан медиаконтент ала аламыз. Бұл қалай болды, адамзаттың болашағына қалай әсер етеді деген сұраққа урбанист және медиа-теоретик, Мельбурн университетінің профессоры Скотт Маккуирдің кітабынан жауап таба аласыз.

Журналистика тарихы

«Қышқыл тәтті журналистика», Матвей Ганапольский

Кітап әзіл-сықақ, күлкілі форматта шығарылған. Ал осы күлкінің астарында журналистика мамандығы туралы барлық шындық жазылады.

Автор Ресей журналистикасының тарихына тоқталады. Біз білмейтін сырлар ашылады. Журналистте таңдау, еркіндік, батылдық пен талант болу керек, талантты журналистер провинциялық қалаларда қалмауы керек деп айтады.  Ларри Кинг туралы мысалдар келтіреді.

«Қымбат редакция»

Лента.ру командасы Facebook-тің құрамында жұмыс істеді. Кейін ол жақтан шығып кеткені туралы көп ақпарат шықты. Бұл оқиғаның қалай болғаны туралы сыр шерте отырып, ресейлік интернет-журналистиканың біз білмейтін құпияларын айтады.

Шетел журналистикасы

«Би-Би-Си: тарихы, аппараттары  пропагандалау әдістері», Владимир Артёмов, Владимир Семенов

Кітап BBC-дің өзі туралы ғана емес, сонымен бірге медиа алыптың жұмыс істеу қағидаларын керемет суреттейді.

«Біз әлемді өзгерттік. CNN ғаламдық жерсеріктік жүйесінің негізін қалаған жанның естеліктері», Сидней Пайк

Сидней танымал әлемдік телеарналар мен жаңалықтар қызметтерінің тарихына үлес қосқан. Бір кездері ол шынымен әлемді өзгертті, сол кездегі жетекші БАҚ-тың бас редакторлары мен мемлекет басшыларының көзқарасын өзгертті. Қалай? Кітапты оқи отырып осы сұрақтың жауабын табасыз.

Медиапсихология туралы

«Қарым-қатынас билігі», Мануэль Кастельс

Бұл кітап БАҚ-тың бүкіл әлем, ел және ұлт тарихына әсер ету рөлі туралы айтады. Кастельс оқырманды әлеуметтік интеллектті зерттеу процесінде нейробиологтар алған соңғы мәліметтермен таныстырады. Бұл тұлғааралық қарым-қатынаста оң нәтиже береді деп саналады. Қоғам назарын әдістері туралы мысал келтіреді.

«Медиапсихология. Негізгі қағидалар», Питер Винтерхофф-Шпурк

Бұл кітап масс-медиа әдебиеті нарығында үлкен серпіліс жасады. Бұған дейін медиапсихологиясы тек психологияның бөлігі ретінде қарастырылды. Винтерхофф-Шпурк медиапсихологияны дербес ғылым саласы ретінде қарастыруды ұсынды.

Кітаптың басты ерекшелігі — бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған нақты зерттеулер нәтижелерін көптеп шығарды. Олардың негізінде автор БАҚ-тың кәмелетке толмағандардан бастап, ауыр психикалық аурулары бар адамдарға дейінгі әртүрлі әлеуметтік топтардың психикасына қалай әсер ететінін талдады.

Жазу өнері

«Тірі және өлі сөз», Нора Галь

Нора Галь — Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзада» кітабының орысша нұсқасын ұсынған аудармашы.

Галь мәтіндерді басқа тілден аудару мәселелерін шешіп қана қоймай, күнделікті баспасөзде  кездесетін қателіктерді нақты, орыс сөзімен салыстыра отырып, бөліп көрсетті.

«Жаз, қысқарт», Максим Ильяхов, Людмила Сарычева

Копирайтерлер арасындағы ең танымал мәтіндердің бірі. Автор «Главред» артық сөздерден құтылу сервисіндегі тәжірибесінде көргенін кітапқа түсірген. Онда хаттар мен оған жауаптың қалай жазылатыны туралы айтады. Эффективті жарнаманы қалай құруға болады, ойды қысқа, анық және сенімді қалай жеткізуге болатыны жазылған.

«Құстар тізбегі», Энн Ламотт

Ламотт мәтін жазудың технологиялары мен дайын рецепттерді ұсынбайды. Бұл кітап автордың жеке тәжірибесімен бөлісетін әңгімелерінен тұрады. Оны шығармашылық психотерапия ретінде қарастыруға болады.

Ақпараттық интернет-журналистика, Александр Амзин

Ақпараттар ағыны көбейген сайын соған бейімделе түсетін адамдар соғұрлым бағаланады. Кітап интернеттегі жаңалықтармен жұмыс істеу ерекшеліктерін қарастырады. Амзин алғашқылардың бірі болып ықпалды адамдармен, блогерлермен жұмыс істеу жөнінде, сонымен қатар ХХІ ғасырда ақпарат құралдарының редакциясында өмір сүру туралы жалпы практикалық кеңестер берді. Кітап сізді бірінші дәрежелі журналист немесе редактор етпесе де, ақпаратты нақты ұсынудың және фактілерді тексерудің әдістерін тереңірек түсінуге көмектеседі.

«Автор, қайшы және қағаз», Николай Кононов

Николай «Известия», «Форбс», «Слон», «Фирма құпиясы» сияқты танымал басылымдарда жұмыс істеген белгілі журналист. Ол өз тәжірибесінен жазу шеберлігінің 14 кезеңі мен техникасын, оларды қай уақытта және не үшін қолдану керегін түсіндірді,

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!