Онлайн сауда жыл сайын дамып келеді. Сонымен қатар әлеуметтік желідегі алаяқтықтықта көбейіп жатыр. Balbal.kz сайты онлайн саудаға қатысты пайдалы лайфхактарды назарыңызға ұсынады.
Онлайн саудаға арналған лайфхактар
Пікірлерді оқып шығыңыз. Әсіресе ресейліктердің пікірін. Өнім сапалы ма әлде жоқ па олар міндетті түрде жазады. Егер жағымды пікірлер жазылса, демек өнім сапасы жақсы дегенді білдіреді.
Киімге немесе аяқ киімге тапсырыс бермей тұрып аяғыңыздың ұзындығы мен иық арасындағы қашықтықты өлшеп алыңыз. Және тауарды осы параметрлер бойынша іздеңіз.
Онлайн сауда кезінде сатушының рейтингісі мен тауарға жазылған пікірлерге назар аударыңыз. Егер бір-біріне сәйкес келмесе бұл дүкеннен алмағаныңыз жөн.
Тауарды кілт сөз бойынша ағылшын тілінде іздеген дұрыс. Себебі сатушылардың көп бөлігі орыс тілінде сөйлей алмайды. Сапасы мықты тауарлар көбіне ағылшын тілінде іздегенде шығады.
Егер сізге бірнеше зат алу қажет болса бір дүкеннен қараңыз. Затты көп алған сайын жеңілдіктер қарастырылады.
Жеткізу қызметін мұқият оқып шығыңыз. Кейде тауар қымбат болғанымен жеткізу тегін болады. Жеткізу қызметіне ұшақты таңдаған дұрыс.
Тауар сізге белгілі бір күнге қажет болса бірнеше ай бұрын тапсырыс бергеніңіз абзал.
Сонымен қатар тауарды кері қайтару шарттарын да біліп алу артықтық етпейді.
Онлайн сауданың артықшылықтары
Онлайн сауда уақытыңызды үнемдейді. Бір жерге барып уақыт жоғалтудың қажеті жоқ.
Тауар бағасы төмен болады. Себебі сауда орындарын жалға алмайды.
Әртүрлі тауарларды бір дүкеннен сатып алуға болады.
Онлайн сауданың кемшіліктері
Тауарды тексеріп көре алмау, сатып алған затты ұзақ күту.
Ұнамаған тауарды қайтару машақаты сияқты мәселелер.
Әлеуметтік желіде кәсіп бастаудың жолдары қандай?
Барлығы есептелу қажет
Инстаграм парақшасын ашсаңыз да ол арқылы сауда көлемі қанша болатынын есептеуіңіз керек. Егер әлеуметтік желіге жарнама берсеңіз осы арқылы қанша тұтынушы келеді оныда есептеп алыңыз.
Сайтты үнемі дамытып отырыңыз
Көп кәсіпкерлер сайтты жасап болғаннан кейін іс бітті деп ойлайды. Бұл қателік. Сайт жасау – оффлайннан онлайн саудаға қарай жасалатын алғашқы қадам.
Жаңа құралдарды пайдаланып көріңіз
Әлеуметтік желі арқылы өз кәсібіңізге қатысты түрлі сауалнамалар жасап көріңіз. Осы арқылы өзіңіздің бизнесіңізге сәйкес келеді-ау деген бірнеше пікір мен ұсыныстарды таңдаңыз. Не істесеңіз де ең алдымен табыс табуды көздеуіңіз керек.
Бренд жасауға тырысыңыз
Өзі ісіңіздің атын шығаруға тырысыңыз. Мұндай жағдайда SEO, PPC (мәтін арқылы жарнамалау), email-маркетинг (арзандығы жағынан ең тиімді әдіс) көп нәтиже бере алады. Сайтқа кірушілердің үлесі арта түседі.
Қызмет сапасын арттырыңыз
Кез келген кәсіп ашыла салысымен бірден қалыптасып кетпейді. Келеңсіз оқиғаларда орын алады. Сауда көлемі өскен сайын қызмет сапасын жақсарту қажеттігін ұмытпау керек. Онлайн сауданы дамыту мақсатында сауатты ұйымдастырылған жүйені дұрыс пайдалана білген дұрыс.