Лайфхакер

Вебинарды бизнеске айналдыру жолдары

Вебинарда қалай сатамыз?

Вебинарды не үшін өткізу керек? Белгілі бір салада біліміңіз бар. Мысалы, әлеуметтік желіде жарнаманы қалай жасауды білесіз делік. Бұл салада жүргеніңізге 4-5 жыл. 

Енді вебинар өткізуге мүмкіндік беретін платформаларға тіркелесіз. Мысалы, Clickmeeting сайтына кіріп, біліміңізді бөлісіп, вебинар өткізесіз. Бастапқыда аудитория жинап аласыз. Қаласаңыз, вебинарды бизнес көзіне айналдыра аласыз.

Вебинарда қандай сату алгоритмі жұмыс істейді?

Мысалы, сіз жарнама жайлы видео-сабақ жасап шықтыңыз. Сабақ бірнеше модульге бөлінген. Үй тапсырмасы, кері байланыс басқа да қажетті дүниелер бар.

  1. Тұтынушыға бұл өнімнің қаншалықты керек екендігін анықтап алыңыз. Осыған сүйене отырып, нәтижеге жету үшін қандай қадамдар жасау керектігін түсінесіз.
  2. Әр қадамды бақылап отырыңыз. Егер ілгерілеу болса, тұтынушыны одан әрі жігерлендіріңіз. Мысалы чек-лист пен қосымша тегін сабақтар беруге болады.
  3. Энергияңызды жұмсаңыз. Қызықсыз спикердің аудиториясы ұзаққа бармайды. Нақты мысал көрсетіңіз. Тұтынушының сұрақтарына тікелей эфир арқылы жауап беріңіз.
  4. Әрекетке шақырыңыз. Спикерлер көбіне ұялғандықтан сата алмайды. Тәжірибе жасап, әрекетке шақырып көріңіз.

Сату қорқынышымен күрес және вебинарды сату әдістері

Уақытты үнемдей біліңіз. Сабақты жасап шығу үшін қаншама уақыт пен еңбек кеткенін ойлаңыз. Сарапшыдан сенімді сату маманына айналған кезде келесі әдістерді қолданыңыз.

Оқиға айтыңыз

Жарнама немесе пиар саласын меңгеру арқылы табысқа жеткен адам жайлы айтыңыз. Қазір осы сала бойынша шәкірт оқытып жүр деген әңгімені баяндаңыз. Аудитория мотивациялық оқиғаға қызығады. Бірақ адамды қызықтырам деп өтірікке бой алдырмаңыз. Тәжірибеңізде кездескен немесе естіген шынайы оқиғаны айтыңыз.

Төлемнің тиімді тәсілін қолданыңыз

Қомақты қаржыны бірден төлеуге барлығының шамасы жете бермейді. 2-3 айға бөліп төлеуге мүмкіндік беріңіз. Сұранысқа ие саланы 3 айға шаққанда мынандай ақшаға оқи аласыз. Алдын-ала төлем жасап, орын алып қойыңыз деген ұсынысты да айта кетіңіз.

Дәлел көрсетіңіз

Табысқа жеткен оқушыңыз болмаса, төлем жасап, сатып алған тұтынушының санын көрсетіңіз.

Өнімді басқалармен салыстырыңыз

Өзіңіздің және сабақтың артықшылыған айтыңыз. Мысалы, сабақ біткеннен кейін де байланыстың болатындағын, басқа сабақтарға жеңілдікпен қатыса алатындығын айта кетіңіз.

Дайындаған: Гауһар Бердібек

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!