Лайфхакер

WhatsApp-тың сіз білмейтін мүмкіндіктері

WhatsApp-тың құпиялары

WhatsApp – әлемдегі көп қолданылатын мессенджерлердің бірі. Қосымша күннен-күнге жаңарып,  қажетті құралдар мен мүмкіндіктер саны да артып келеді. Бұл мессенджер пайдаланушыларының жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған. Balbal.kz WhatsApp-тың сіз білмейтін мүмкіндіктерін назарыңызға ұсынады.

Мәтінді өзгерту

WhatsApp арқылы жіберілетін хабарламаны түрлендіруге болады. Мәселен, қалың қаріпті қолдану, курсивті пайдалану және сызылған әріппен жазу. Бұл үшін мәтін алдында және мәтіннен кейін бірнеше символды қою жеткілікті.

  • *қалың қаріп*
  • _курсив_
  • ~сызылған әріп~

Жойылатын хабарлама жіберу

Кейде маңызды ақпаратты, мәтінді жіберу қажеттілігі туындауы мүмкін. Мұндай жағдайда WhatsApp-тың «Жойылатын хабарлама» мүмкіндігін пайдаланыңыз. Хабарлама 7 күннен соң чаттан жойылады. Құралды іске қосу үшін чаттағы контактінің атын басыңыз. «Жойылатын хабарлама» баптауларына еніп, қосыңыз.

Хабарламаны белгілеу

Қажетті хабарламаны жоғалтып алмас үшін «Таңдаулылар» тобына қосыңыз. Бұл үшін хабарламаның үстіне басып тұрыңыз. Экранның жоғарғы бөлігіндегі «жұлдызшаны» таңдаңыз. Хабарламаны «Баптаулардағы» «Белгіленген хаттар» бөлімінен таба аласыз.

Хаттың оқылған уақытын білу

Алушының хатты қай уақытта оқығанын білу үшін хабарламаның үстінен бірнеше секунд басып тұру қажет. Жоғарғы бөліктен бірнеше батырманың пайда болғанын көруге болады. Бұлардың ішінен «Ақпарат» батырмасына басыңыз. Хаттың жеткен және оқылған уақыты бірден көрсетіледі.

Медианың автоматты түрде жүктелуін тоқтату

WhatsApp арқылы медиафайлдар бірден жүктеліп, «Галереяда» толып қалуы мүмкін. Мұның алдын алуға да болады. Ол үшін «Баптаулар» бөліміне өтіңіз. «Чаттар» мәзірін таңдаңыз. Бұл жерден «Файлдарды көрсету» опциясын өшіріңіз. Опцияны өшіру файлдардың «Галереяда» көрінуін ғана шектейді. Суреттер мен видеолар телефон жадында сақталады.

Соңғы болған кезіңізді көрсетпеу

«WhatsApp» қосымшасы соңғы кірген уақытыңызды жасыруға мүмкіндік береді. Құралды пайдалану үшін «Баптаулар» бөліміндегі «Аккаунт» мәзіріне өтіңіз. Мұндағы «Жеке ақпарат» батырмасын басыңыз. «Соңғы болған кезді» өшіріңіз.

Хабарламаны «оқылмаған» ретінде белгілеу

Кейде маңызды хабарламаға жауап беруді ұмытып кетуіңіз мүмкін. Мұның алдын алу үшін қажетті чатты басып тұрыңыз. Экранның оң жақ жоғарғы бөлігіндегі үш нүктеге өтіп, «Оқылмаған деп белгілеу» батырмасын таңдаңыз.

Аудиохатты жібермес бұрын тыңдау

Аудио хабарламаны жібермес бұрын, тыңдап тексере аласыз. Жазбаны жазуды бастаңыз. Аяқтаған соң қосымшадан шығып, қайта кіріңіз. Чатқа оралғанда, хаттың сақтаулы тұрғанын көруге болады.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!