Миллионер

Amazon – қызметкерге жұмыстан шығуы үшін ақша ұсынатын компания

Джеффи Безостың акционерлерге жазған 21 хаты

Amazon компаниясы қызметкерлердің жұмыстан шығуы үшін ақша ұсынады. Жалақының орнына компанияның акцияларын бөліп береді. 

Стив Андерсонның «Безостың хаттары» атты кітабы бар. Кітапта Джеффи Безостың акционерлерге жазған 21 хатына талдау жасаған. «Amazon» компаниясын табысты және атақты еткен принциптерді сіз де біліңіз.

Тәуекел ету және қателіктен қорықпау

2014 жылы Amazon компаниясы Fire Phone смартфонын жасап шығады. Смартфон бағасы 649 долларды құрады. Бірақ сатып алушылар саны аз болды. 4 айдан кейін 199 долларға түсірді. Сонда да сатып алушылар саны көбеймеді. Компания 178 миллион доллар қаражатын жоғалтты.

Жіберген қателіктерін келесі гаджетте қайталамады. Amazon Echo колонкасын жасап шығады. Құрылғы сәтті болып, миллиардтаған пайда алып келеді.

«Егер сіз тәуекелге бармай, сәтсіздікке ұшырамасаңыз, онда ешқашан дамымайсыз» ,- дейді Безос.

Батыл шешімдерді қабылдау

Компания тегін жеткізудің болмауынан клиенттерін жоғалтып алатынын түсінді. 25 доллардан артық тапсырыс жасаса, жеткізу тегін болатынын айтады. Тапсырыс беретін адамдар саны екі есеге көбейеді.

Жаңа өзгерістер енгізу

Amazon-да жұмыс істейтін кез келген адам компанияны дамыту үшін жаңа идеялар айтып отырады. Идеяңыз сәтсіз болса да сөз естімейсіз. Керісінше осы ойыңыз үшін алғыс айтады. Қандай тақырыпта кітап оқитытынын таба алмай жүрген адамдар үшін арнайы кітап дүкендері бар.  Дүкеннен 4.6 рейтингті кітаптарды кездестіресіз. Компания қызметкері бір кітапты төмен бағаласа, тіпті ол әлемдік бестселлер болса да кітап сатылымға шықпайды.

Әр кітапқа QR код жасалған. Код арқылы толық ақпарат алуға болады.

Қызметкерлерге шешім қабылдау мүмкіндігін беру

Джефф Безос шешімді екі түрге бөледі:1. Маңызды әрі қиын. Орны толмас және зардабы ауыр шешім. 2. Қарапайым және жеңіл. Бас тартуға болатын ұсыныс.

Мысалы: компаниядағы сату ісі – маңызды шешім. Жаңа қызметті енгізу – қарапайым шешім. Безостың ойынша «Кез келген қызметкер өзі шешім шығара алуы керек. Компания сол адамға сенетінін білдіруі қажет, осы кезде адам жауапкершілікті сезінеді»

Қиынды жеңілдету

Amazon-ның келесі принциптерінің бірі – күрделі процесті қарапайым ету. Тіпті кішігірім дүние болса да. 2008 жылы компания адамдардың сәлемдемені ашқанда көп уақыт жоғалтатынын байқайды. Осы себеппен қораптың жаңа түрін ойлап табады. Тез әрі жеңіл ашылатын қорап аз уақыт ішінде танымал болды.

Қызметкер өзін компания иесі ретінде сезінуі керек

Басқалардың затына қарағанда өз затыңызға ұқыпты қарайсыз. Сондықтан да компания қызметкеріне акцияны бөліп береді. Осы себеппен қызметкер өнімді жұмыс істейді. Табысқа жетсе, тек компания емес, әр қызметкердің акциясы да өседі. Қызметкерге жұмыстан шығуы үшін ақша ұсынады. 2000 доллардан басталып 5000 долларға жеткенше осындай ұсыныс тастайды. «Ақшаны таңдайтын қызметкер болса, онымен жұмыс істеудің қажеті жоқ. Себебі ол компанияны бағаламайды. Кез келген уақытта сатып кетуі мүмкін» дейді  Безос Джеффи.

Дайындаған: Гауһар Бердібек    

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!