Миллионер

Вендинг кафе: Мейрамхана бизнесіндегі жаңа бағыт

Мейрамхана ісінің жылдам қарқынмен дамып келе жатқан бағыты туралы оқыңыз

Вендинг кафе – соңғы жылдары жылдам қарқынмен дамып жатқан кәсіп түрі. Мұндай кафеге арнайы жұмысшылар мен даяшылардың қажеті жоқ. Өз-өзіне қызмет ету жүйесі бойынша жұмыс істейді. Balbal.kz сайты вендинг кафе жайлы толық ақпаратты ұсынады.

Кафенің мәні

Мейрамхана бизнесі бәсекенің орталығы. Мұнда жаңадан ашылған орындардың дамып кетуі екіталай. Сондықтан жаңа әрі ерекше нишаны дамытқан дұрыс.

Кафе вендинг автоматтар негізінде жұмыс істейді. Өзге мейрамханалардан ерекшелігі мұнда жұмыс адам күшіне байланысты емес. Қызметкер іздемейсіз. Кадр таңдау барысында туындайтын мәселелерге ұшырамайсыз. Сонымен қатар автоматтар аса көп орын да алмайды. Бұл мейрамхана бизнесіндегі бос нишалардың бірі. Бәсекелестер саны да аз.

Автомат және нарық

Вендинг автомат нарығы таңқалаларлық жылдамдықпен дамуда. 2000-жылдардың басында сауда үйінде кофе-автоматы  сирек кездесетін еді. Ал 2012 жылы олардың саны бірден 8 есеге көбейді. Бұл нарықтың жыл сайын 50% кеңейгенін көрсетеді.

Бизнеске арналған құрылғылар

Вендинг кафеге көп құрылғының қажеті жоқ. Аппараттар саны 6-дан аспағаны жөн. Өз кафеңізде мына вендинг автоматтарын қолданыңыз:

  • кофе-аппарат
  • пиццемат
  • хот-дог автомат
  • снекомат пен попкорномат және т.б.

Кафеде тұтынушы тамақты өзі таңдайды. Тапсырысты өзі береді. Клиентке ыңғайлы болуы үшін шағын үстелдер мен ыдысқа арналған қоқыс жәшігін орнатуға болады.

Бизнес-идеяның артықшылықтары:

  • Тұтынушы қалаған уақытында дайын тағамды ала алады;
  • Дайындалу технологиясы өзгермейді.
  • Вендинг кафе қызмет көрсету уақытын төмендетеді. Тұтынушы өз тапсырысын ұзақ уақыт күтпейді;
  • Автоматтар адамның бақылауы мен арнайы орынның болуын қажет етпейді. Бұл салық пен орынды жалға алу кезінде ақшаңызды үнемдейді.

Бизнес-идеяның кемшіліктері:

  • Мұндай жаңашылдық тұтынушылардың үйренісуін қажет етеді.
  • Қызметкерлердің болмауы қоқыстың жиналуына, вандализмге алып келуі мүмкін;

Бұл қалай жұмыс істейді?

Адам көп шоғырланған орынға 3-6 вендинг-автомат орнатылады. Тамақтану орнының менеджері ретінде оператор тағайындалады. Ол автоматтардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалайды. Кафенің тазалығын бақылауда ұстайды.

Тұтынушы қажетті тағамды өзі таңдайды. Ақысын әр тамаққа жеке төлейді. Тапсырысын өзімен алып кете алады.

Не сатуға болады?

Вендинг автомат орналасқан орынына байланысты өзгереді. Негізінен сусын, тағам, снек сататын автоматтар қолданылады. Сонымен қатар пиццемат пен снек аппаратын және фреш-автомат пен хот-дог құрылғысын пайдалануға болады. Осылайша сіз өз тұтынушыңызға ыстық-салқын сусындар мен тәттілерді ұсына аласыз.

Кімге сатамыз?

Вендинг кафенің негізгі тұтынушылары қаржысын үнемдегісі келетін студенттер болып табылады. Cауда үйінде балалы отбасы, сауда үйінің қызметкері, өз уақытын үнемдегісі келетін 22-35 жас аралығындағы ер адамдар да сіздің тұтынушыңызға айналады.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!