Психология

Аксесс Барс деген не?

Аccess Bars техникасының мәні

Аксесс Барс – бұл бастағы 32 нүктеге тікелей әсер ету арқылы жасалатын процедура. 15 минуттық осы терапиядан соң, ми тета күйге түсіп, босаңсып демалады.

 Access bars техникасы қашан пайда болды?

Аксесс Барс методикасын Гарри Дуглас 30 жыл бұрын ойлап тапқан. Ол Access Consciousness энергия техникасы мектебінің негізін қалаушы. Олардың ұраны: «Сіздің мүмкіндіктеріңіз шексіз!»

Процедура қалай жүзеге асады?

1. Мидағы электр заряды таралады.
2. Бұл ми мен денеге түскен барлық энергиялардың босатылуына әкеледі.
3. Соның бәрі сізді түрлі шектеулерден арылтады. Басыңыздағы жағымсыз ойлар, түрлі пікірлер мен эмоциялар сіздің одан әрі саналы түрде дұрыс таңдау жасап, дамуыңызға кедергі келтіреді. Бар терапиясы өміріңіздегі және денеңіздегі барлық негізгі блоктарды ерітеді.

Фасилилатор деген кім?

Фасилилатор – Access bars процедурасын орындайтын арнайы маман. Яғни ол бастағы 32 нүктемен жұмыс істеу арқылы сізді тета күйге түсіреді.

Access Consciousness өз клиентеріне қандай уәде береді?

Арнайы мамандардың сендіруінше, Access Bars – бұл сіздің өміріңіздің барлық қырларын түбегейлі өзгертуге қабілетті әдіс. Мәселен:

— Адамдармен қарым-қатынас – «қайта жүктеу», жағымсыз көзқарастардан арылу, қарым-қатынасқа оңай түсе алатын боласыз.
— Ақша сіздің өміріңізге оңай келетін болады.
— Денсаулық пен сұлулық. Артық салмақтан арылу және күйзелістен арыласыз әрі ұйқыңыз тыныш болады.
— Өзіңізді тұлға ретінде қабылдау. Сіздің мінезіңіздің қыр-сырларын біле отырып, сіз өз ұстанымыңызбен үйлесімді өмір сүруді үйренесіз. Шығармашылық және энергия сіздің серігіңіз болады.
— Қоршаған ортамен қарым-қатынас. Қарым-қатынас еркіндігін және сарқылмас күш-жігеріңізді ашасыз.

Дайындаған: Дидар Сұлтанбекқызы

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!