Психология

Ерлер жүкті бола ма немесе кувад синдромы деген не?

Еркектердің алдамшы жүктілігі

Кувад синдромы немесе симпатикалық жүктілік деген екіқабат әйелге жақын адамның (көп жағдайда күйеуі) бастан кешетін психотектік бұзылыстары.

Couvade термині француздың couver деген етістігінен шыққан. Тура аударатын болса, ол «жұмыртқа басу» деген мағына береді.

Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал. Оның белгілері жүктілік белгілеріне қатты ұқсас. Кувад синдромы кезінде адамның тәбеті төмендеп, кейде мүлде жоғалып немесе қатты ашылуы мүмкін. Одан бөлек, науқастың іші қатып әлде өтіп, белі ауырып, жүрегі айнуы да ықтимал.

H. Trethowan мен M. A. Conlon ұсынған деректер бойынша бұл симптомдар жиынтығын еркектердің 11%-ы бастан өткереді екен. Десе де ғалымдар әлі күнге дейін «Алдамшы жүктіліктің» пайда болуының нақты себептерін анықтай алмапты.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close