Психология
Психологиялық құпиялар: Іс-қимыл сіз туралы не дейді?
Психологиялық құпиялар нені аңғартады?
Психологиялық құпиялар адамның ішкі ойы мен көзқарасын көрсетеді. Оларды білу екінші адамның ойын оқумен тең. Түр-әлпеті, ым-ишаратмен іс-қимылдар адамның қандай екені жайынан ақпарат береді. Balbal.kz мотивациялық сайты құпияға іс-қимыл әлемінің бар сырын назарыңызға ұсынады.
Қабақты көтеру
Әңгіме барысында адам қабағын көтерсе, ол сыртқы өмірден жасырынады. Ол сізден қорқады деген сөз емес, керісінше сізді көз алдынан алып тастағысы келуі мүмкін.
Ауызды қолмен қорғау
Кішкентай кезімізде бір нәрсені айтқымыз келмесе, аузымызды қолмен басатын едік. Ересек кезде де сөйтеміз. Қолды, алақанды ауызға қою арқылы айтылатын сөздерді ұстап қалуға болады. Кейде бұл қимыл өтірік жөтелуді білдіреді.
Көзілдірікті тістеу
Танысыңыздың өз көзілдірігін тістеп отырғандығын байқадыңыз ба? Оған көмек көрсетіп, қолдауға асығыңыз. Оның ойын бір нәрсе мазалап отыр немесе қорғаныс іздеу үстінде болуы мүмкін. Сонымен қатар қалам, сағыз, темекіні қолда ұстау да осыны білдіреді.
Иекті сипау
Осылайша адам шешім қабылдайды. Бұл кезде көзқарас жоғарыға, төменге немесе бағытқа қарай бағытталады.
Қолды айқастыру
Жиі кездесетін ым-ишараттың бірі. Кейбірі осылай жасау арқылы өзін еркін сезінеді. Бұл қимыл сырт әлемнен қорғануды білдіреді. Сіздің серігіңіздің әңгіме барысында қолын айқастыруы – сізге деген көңілі толмағандығын көрсетеді.
Алдыға иілу
Егер адам өз серіктесінің әңгімесіне қызығып, онымен байланыс орнатқысы келсе, алдыға қарай иіледі. Аяқтары қозғалыссыз қалып, денесі ғана қимылдайды.
Артқа қарай иілу
Егер адам арта қарай иіліп, орындыққа жатыңқыраса, сіздің әңгімеңіз оған ұнамады немесе іші пыса бастады деген сөз. Бәлкім, ол өзін ыңғайсыз сезінуі мүмкін.
Алақанды сүрту
Қол адамның ойлаған нәрсесін көрсетеді. Алақанды сүрту немесе ысқылау оң нәтижені күтуді білдіреді.
«Қолғап» қол алысуы
Егер амандасқан сәтте серіктесіңіз бос қолымен сіздің білегіңізді ұстаса, ол адамға сенім артуға болады.
Алақанды жоғары ұстап амандасу
Амандасу барысында бос қолымен алақанның жоғарғы жағынан ұстау аяушылық немесе көңіл білдіруді көрсетеді. Егерде екінші қолын тек біраз уақыттан соң ғана алып барса, сізге кімнің басшы екенін көрсеткісі келеді.
Көз арқылы байланыс орнату
Көз – адамның жан-дүниесінің айнасы, байланыстың ең тиімді құралы. Ғашық адамдар бір-бірінен көз алмастан қарайды. Адамның қарашығы қалыпты мөлшерден 4 есеге дейін ұлғаяды. Қарашықты бақылау адамның көңіл-күйі мен оның жағдайынан көп хабар береді.
Дайындаған: Назархан Уән