Психология

Өзіңді «жиіркенішті адамға» теңесең не болады?

Өзің жайлы жаман ойласаң не болады? Мұны Дарвиннің немере інісі психолог Фрэнсис Гальтон тексеріп көрмек болады. Ол айнаның алдына тұрып: «мен Англиядағы ең жиіркенішті адаммын» дейді. Өзі жайлы жаман сөздерді де қосады. Өзін осы сөздерге сендіруге тырысып, көшеге шығады.

Көшеде адамдардың барлығы Гальтонға жиіркенішпен, жаман көзқараспен қараған. Ол адамдарға ұнамады! Сол сәтте Гальтон неге сенсең, сол болады деген тұжырымға келеді. Оған бүкіл әлем оны ұнатпайтындай, шеттеткендей көрінді.

Ол өзінің ойын, түйгенін қағазға түсіру үшін үйіне баруды жоспарлаған. Сол сәтте бейтаныс бір кісі иығынан қатты қағып, соғып өтеді. Әдейі соғады. Ал көшедегі ұры оның қалтасындағы әмиянды ұрлап кетеді. Гальтон ұрының артынан жүгірген кезде оны ат теуіп кетеді. Ол кезде Лондон көшелерінде ат көп жүретін.

Гальтон орнынан тұрып, жарақатын сүртпек болады. Ал адамдар жан-жағына жиналып, атты аяй бастайды. Ал Гальтонға қарап «байғұс жануарды үркіттің» деп ұрсады. Арасында «қаттырақ тебуі керек еді» деген де пікірлер болған. Аяғы ақсап Гальтон үйіне келеді. Ол сол сәтте өзің жайлы өз ойың басқа адамдарға берілетінін түсінеді.

Бізді қоршаған адамдар өзіміз жайлы не ойлайтынымызды сезеді. Егер өзіміз жайлы жаман пікірде болсақ, егер біз күйзеліске түсіп, қараңғы ой қоршап алса, бізді жерден алып, жерге салатын болады; Ал ұрылар барыңызды қолды қылуға асығады.

Өзіңді төмен бағалау мен өз-өзіңді кінәлау – келеңсіздіктердің бастауы. Жаман көңіл күй, құрбан болған адамның рөлінде болу ұрылар мен қаралаушылардың назарын тез аудартады. Сонымен қатар мұндай адамдар мейірімді кісілерге де ұнамайды, себебі біз өзімізді «жиіркенішті», «жолы болмайтын» деп бағаладық.

Адам үйден шыққан кезде өзі жайлы жоғары пікірде болуы керек. Өзіңе жақсы сөздер айтып, дем беруің қажет. Арқаңды тік ұстап, жеңімпаздың жүрісімен жүруің керек. Бұл психологиялық қорғаныстың жақсы тәсілі.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!