Шопоголизм – ақшаны шектен тыс киімге жұмсайтын ауру түрі. Дүкен аралаудан жалықпайтындардың саны көбейіп барады. Тіпті қажеті жоқ затты да ала беру әдетке айналған. Balbal.kz мотивациялық сайты шопоголизм ауруының пайда болуы мен одан құтылу жолдарын назарларыңызға ұсынады.
Шопоголизмде қандай аурудың белгісі бар?
Шопоголизм немесе ониомания терминін психологияға неміс психиатры Эмиль Крепилин енгізді. Шопоголизмде депрессия мен шизофрения ауруларының белгілері бар. Мұның тұрақты белгісі — сатып алуға деген тәуелділік.
Белгілері
1. Уақытыңыз тапшы болcа да, дүкен аралауды ойлап тұрасыз (кешке, түсте, достарыңызбен кездескенде, демалыс күндері)
2. Жеке шкафыңызда әлі күнге дейін киілмеген жаңа киімдер көп
3. Сізге қажет емес заттарды да сатып алғыңыз келіп тұрады. Бастысы дүкен аралап, ақша жұмсасаңыз болды.
4. Сіз маусымдық жеңілдіктердің барлық кезеңдерін нақты білесіз. Интернет- дүкендердегі бағаны қадағалау әдетке айналған.
5. Сізге нәтиже емес, процесс маңызды. Сондықтан шопингтен кейін жиі өкінесіз.
6. Сатып алған жаңа заттарыңызбен, киімдеріңізбен мақтанғанды жақсы көресіз. Тіпті әлеуметтік желіге салып, мақтау естігіңіз келеді.
7. Сән нарығындағы барлық трендтерден хабардарсыз. Ғаламтордағы сайттар мен журналдарға құмарсыз. Соңғы жаңалықтарды бақылап отқан ұнайды.
Шопоголизмнің пайдасы мен зияны
Аптасына 3-4 рет ойын сауық орталықтарына барып, шопинг жасайтындар аз емес. Кейде қалтаңызда ақша жоқ болмаса да, организм бұл процесті қажет етіп тұрады. Нәтижесінде несиеден құтыла алмай, қарызға белшеңізден батасыз.
Шопоголозмнің басқа ауруларға қарағанда ең үлкен «плюсы» денсаулыққа ешқандай зияны тимейді. Бірақ профилактика мен ем қабылдауды қажет етеді.
Шопоголизм қалай пайда болады?
Шопоголизмге әкелетін себептер екіге бөлінеді: ішкі және сыртқы.
Сыртқы себеп маркетологтардың 100% еңбегінің арқасы. Тұтынушылардың қызығушылығын арттыру үшін жарнама немесе жеңілдік жасайды. Сатушының комплименттері де сатып алуға деген тәуелділікті арттыра түседі. Мәселен, «мына көйлек сізге ерекше әдемі жарасып тұр» Осы сөзден кейін сіз ойланбастан қалағаныңызды аласыз.
Ішкі факторлар:
1.Хоббидің, пайдалы істің, өмірлік мақсаттың болмауы;
2.Жалғыздық, психологиялық проблемалар;
3.Балалық шағыңыздағы қиын жағдайлар. Мәселен, отбасыңыздың жағдайы төмен болған шығар. Сол кезеңдері қол жетпеген дүниелерді ойлап, қазір ақшаны оңды солды шашып жүрген боларсыз.
4.Отбасыңыз ауқатты болғандықтан бетіңізді қақпай өсірді. Сол үшін ақшаны қайда жұмсарыңызды білмей жүрсіз.
5.Еркіндік пен махаббаттың жетіспеуі.
Шопоголизм ауруынан қалай құтыламыз?
1.Әуелі сізді мазалап жүрген мәселелердің шешімін табу керек. Үнемі шопинг жасауға не итермелейді? Осы процесс кезіндегі эмоцияңызды талдаңыз. Егер қолыңыздан келмесе, психологқа барғаныңыз жөн.
2.Сыртқы факторлардың әсерін азайтыңыз. Сатып алатын заттарыңыздың тізімін жасаңыз. Артық ақша мен несие карталарын өзіңізбен алып жүрмеңіз.
3.Өзіңізге ауадай қажетті затты жеңілдікпен ғана сатып алыңыз. Бұл тәсіл ақшаны үнемдеуге мүмкіндік береді.
4.Жоспарыңызға пәтер, көлік,саяхат сияқты маңызды дүниелерді енгізіңіз. Сонда мақсатыңызға жету үшін болмашы дүниелерге көп ақша жұмсамайсыз.