Салауат

Екпе салдыртуға баланы қалай дайындау керек?

Екпеге дайындалу керек

Екпе салдыру иммунитеті әлі әлсіз баланы түрлі ауру-сырқаудан қорғаудың ең тиімді амалы. Гепатитке, дифтерияға, сіреспеге және туберкулезге қарсы міндетті екпелер пайда болған кезде нәрестелер өлімі айтарлықтай төмендеген болатын. Бірақ соңғы кезде екпе салдыруға қарсы ата-аналар саны көбейіп жатыр. Сондықтан бүгін біз вакцинациядан төнетін қауіпті барынша азайту жолдарымен бөлісетін боламыз.

Баланы екпеге дайындау

1. Екпе салдыруға 2 апта қалғанда дайындықты бастаған жөн. Ең бірінші қан талдау сараптамасынан өту керек. Соның арқасында сіз балаңыздың дені сау екендігіне көз жеткізіп, кепілдік бере аласыз.
2. Екпе салдыратын кезде баланың дені сау екеніне көз жеткізуіңіз қажет. Сондықтан бала суық тигізіп не қандай да бір инфекция жұқтырып алмас үшін оны екпеге дейін оқшау ұстаған дұрыс.
3. Сондай-ақ екпеге дейін баланың тамақтану рационына жаңа тағам түрін енгізбей тұрған жөн. Олар аллергия тудырып, вакцинаның күшімен одан әрі өршуі мүмкін. Емшектегі балаға екпе салмас бұрын ана да тамақтану рационын дұрыстауы қажет.
4. Екпеге дейін баланың ұйқысы қанық, қарны тоқ болуын қадағалаңыз.
5. Емханаға барар күні баланың көңіл-күйін бақылауда ұстаңыз. Оны психологиялық тұрғыда дайындаңыз. Екпенің не үшін керек екенін түсіндіріңіз. Бала екпеден қорықпауы керек.

Емханадағы тәртіп

1. Вирус не инфекция жұқтырып алмас үшін бүлдіршіннің басқа балалармен араластырмай тұрғаныңыз жөн.
2. Баланың қызуы бар-жоғын анықтаңыз. Кішкене қызуы көтерілген болса да екпе салдыруға болмайды.
3. Медбикенің зарасыздырылған қолғаппен жұмыс істегеніне, препараттың тоңазытқыштан алынғанына көз жеткізіңіз. Сондай-ақ дәрінің кері әсерлері туралы біліп алыңыз.
4. Вакцинаны қақаған қыста немесе шіліңгір ыстықта және эпидемия кезінде салдырмаған дұрыс.

Екпе салдырып болған соң…

— Екпеден кейін емхананың жанында 1-2 саға таза ауаға шығып серуендеңіз. Егер бала өзін жайсыз сезінсе дәрігерге қайта барыңыз.
— Сол күні баланы шомылдыруға болмайды.
— Баланың жағдайын жасаңыз. Бөлме температурасының 22 градустан аспауын, ылғалдылықтың 30% -дан төмендемеуін қадағалаңыз.

Дайындаған: Дидар Сұлтанбекқызы

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!