Салауат

Нейроаэробика дегеніміз не?

5 минут уақытыңызды алатын 5 түрлі жаттығу

Нейроаэробика дегеніміз не? Естіген боларсыз? Салауатты өмір салтының мәні спортта жатқанын барлығымыз жақсы білеміз. Күнделікті жаттығулар тәнімізді сау, сымбатымызды келісті ететіні рас. Алайда дәл сондай жаттығуларды миымызға да жасап отыруымыз керек. Есте сақтау қабілетіміз жақсарып, басымыз жақсы идеяларды жүзеге асырғанын қаласаңыз, нейроаэробикамен шұғылданғаныңыз. Негізгі ережесі – жаттығуларды күн сайын орындау!

Ол қалай жұмыс істейді? Ми нейрондары әр тапсырма үшін жаңа қызмет атқаратынын білесіз бе? Сіз іс-қимылдарды көбірек жасаған сайын, нейрондық байланыстар да соғұрлым көп болады. Миыңызбан жұмыс істемей, бір қалыпты өмір сүрсеңіз, жаңа нейрондық жолдардың құрылысы тоқтайды. Іс-әрекеттерді қайталау үйреншікті болып, ми босаңсиды. Сол себепті мидың қызметін арттыру үшін оны жаттықтырып отыру маңызды. Оң нәтижеге жету үшін кішкентай қадамдардан бастаңыз. Үйреншікті іс-әрекеттеріңізді өзгертуді қаласаңыз, төмендегі жаттығуларды жасап көріңіз.

Қолдарыңызды ауыстырыңыз

Бұл жаттығу сол қолымен жұмыс істейтін адамдар үшін пайдалы. Егер сіз солақай болсаңыз, жаттығу бойынша барлығын оң қолмен істеуді бастаңыз. Оң қолмен жазуды, сурет салуды, тамақтануды үйреніңіз.

Өзіңізді хош иістермен қоршаңыз

Айналаңыздағы иістерге мән беріңіз: тамаққа қосылатын дәмдеуіштердің, кофенің иісін сезініңіз. Үйге арналған эфир майларын пайдаланып, әтіріңіздің, су сабыныңыздың  иісін ауыстырыңыз.

Айналадағы заттарды төңкеріп қараңыз

Иә, иә қағыс естіген жоқсыз. Шындығында, сіз күн сайын мыңдаған затты көресіз. Сол себепті бұл жаттығуды жұмыс үстеліңізден бастаңыз. Мысалы үстеліңізде тұрған сағатты, жиектемедегі суретті керісінше төңкеріп қойыңыз. Осылайша сіз үйреншікті нәрселерді жиі байқағандықтан белсенділігі төмендеген мидың оң жақ бөлігін жұмыс істеуге мәжбүрлейсіз.

Дауыстап оқыңыз

Әдетте біз ішімізден оқуға дағдыланғанбыз.  Ал егерде дауыстап оқитын болсаңыз, мүлдем басқа нейрондық тізбектер іске қосылады. Мидың шығармашылыққа жауап беретін жарты шары  жұмыс істей бастайды. Сондай-ақ, тыңдаушы болу да өте пайдалы. Егер сізге оқып беретін адам табылмаса, аудиокітап қосып қойыңыз. Осылайша оқу мен тыңдауды кезектестіріп отырыңыз.

Көзіңізді жұмыңыз

Көзіңізді жұмып, қиялыңызды іске қосыңыз. Кофе ішіңіз, көзіңізді жұмып музыка тыңдаңыз. Бір істің шешімін таппасаңыз да осы техниканы пайдаланып, болған істі  ой елегінен өткізіңіз. Миды жаттықтыру үшін, кешке көзіңізді жұмып бөлмеңізді аралап көріңіз.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close