Ұйқы — мидың үйлесімді қызметінің бір көрінісі. Ол біздің ағзамыздың қажеттілігі. Balbal.kz мотивациялық сайты ұйқы және ұйқысыздық, ұйқының маңызы туралы материал дайындады.
Ұйқы кезінде болатын процестер
Ұйқы кезінде зат алмасу бәсеңдеп, жүректің соғу жиілігі бояулайды. Ол кезде ми күндіз алған ақпараттарды асықпай талдап, ертеңге қажетті бағасын белгілейді. Сол аркылы ағза өзінің жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіреді. Жасушалар қоректік заттарды белсенді түрде пайдаланып, энергия жинақтайды.
Ұйқы кезінде ми демала ма?
Ұйқының белгілі бір уақытында мидың белсенділігі күндізгіден де артатыны анықталды. Адам күндіз белсенділік көрсетіп, сергек жүреді, ал түнде демалады. Әйтсе де ол кезде ми жұмыс істей береді.
Ұйқының маңызы
Ағза ұйықтағанда тынығып, өзін ширақ сезінеді. Еңбек етуге деген құштарлығы артады. Ұйқысыздық адам ағзасы үшін зиян. Ұйқы қанбаса бас ауырып, шаршайды. Есте сақтау кабілеті төмендеп, жүйке және басқа да ауруларға шалдығады. Медицина саласында 19 жыл еңбек өтілі бар дәрігер дұрыс ұйықтау адам организмі үшін өте маңызды екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, ұйқының көптеген функциясы бар. «Ұйқы – ем. Біріншіден, ол адамның ағзасын қалыпқа келтіреді».
Ұйқы синдромы немесе «айкезбе»
Егер режим дұрыс болмаса, ұйқы синдромы жағадан жармасуы ықтимал. Синдромның кесірінен адам санадан тыс іс-әрекет жасайды. Қазақтар «айкезбе» деп атайтын бұл адамдар ұйықтағанда күндізгі әрекеттерін қайталап, тіпті қалағанын жасап жүре береді екен. Бұл аурудың қозар шағы — ай толған кезеңде. Көздері жұмулы, бірақ қимыл-қозғалыста жүрген осындай жандарды байқасаңыз тездетіп оятуды көздемеңіз. Солай жасаймын деп өлтіріп алуыңыз да ғажап емес.
Қанша уақыт ұйықтау керек?
Ересек адамдар тәулігіне 7-8 сағат ұйықтаса жеткілікті. Сегіз сағаттан астам ұйқыдағы жасөспірімдерде депрессия белгілері айтарлықтай жоғарылағаны белгілі.
6-7 сағат ұйықтайтын адамның мезгілсіз ажал құшу ықтималдылығы 8 сағат ұйықтайтын кісіден әлдеқайда аз болады. Ал күніне 5 сағат ұйықтайтын адам психологиялық проблемаларға 3 есе жиі ұшырайды.
Ұйқы режимі
Терең ұйқыда, яғни түннің алғашқы жартысында иммунды қорғаныс жүйесінің күшеюіне ықпал ететін гормондар бөлінеді. Ал адам түнгі 12-ден кейін ұйықтаса, оның иммунитеті төмендеуі мүмкін. Ағзада май, көмірсу, ақуыз алмасуына жауап беретін гормондар бар. Олар да ұйқының нақты фазасында бөлінеді. Егер адам белгіленген уақытта ұйықтамаса, ол артық салмақ жинауы мүмкін», — дейді Әлия Байдәулетова. Сомнологтың айтуынша, ұйқыны күтіп, оны бақылап отыру керек.
Тамақтың ұйқыға әсері
«Ұйқым кеп тұрғаны-ай!» деп түскі астан кейін жиі айтасыз ба? Бұл шындық. Адам ағзасына ас арқылы берілетін глюкоза қимылды бәсеңдетеді. Мөлшерінен көп желінген тағам шаршатады. Мұндайда дәрігерлер шынымен-ақ бір мызғып алуды талап етеді.
Тәтті мен қуырылған ас шаршататындықтан, түскі асқа сорпа және салаттарды алғаныңыз жөн болмақ. Ал көзіңізді мүлдем аша алмай қалсаңыз, сізге кофе мен қою шай жедел көмек көрсете алады. Солай екен деп бұл сұйықтықтарды жиі пайдалануға болмайды.
Ұйқы безі деген не?
Кофені көп ішу ұйқы безіне алып келуі мүмкін. Ол адам организмінде, әсіресе ас қорытуда маңызды рөл атқарады.
Ұйқы безі қабынған адамның ұстамасы келгенде құса бастайды. Дене ыстығы қалыптан аспау мүмкін, бірақ адамның халі нашарлайды. Кейде жата да алмай, тек қисайып қана отырады. Ұйқы безінің қабынуына өт жолының қабынуы қосылса, адамның денесі сарғаюы мүмкін. Бірқатар аурулардың тыныс алуы бұзылады, кейбіреулердің ішектері қызметін дұрыс атқара алмайды, үлкен дәреті жүрмей қалады.
Мұндайда адамға ашығу керек. Қан тамырына новокаин, атропин енгізген тиімді.
Дайындаған: Тыныс Шұғыла