Табыс

Полковник Сандерс – атақты ресторатордың тағдыры

Полковник Сандерс деген кім?

Полковник Сандерс немесе Харландр Дэвид Сандерс – KFC-дің негізін салған атақты ресторатор. Оның тамақ пісіру қабілеті бала күнінен біліне бастаған. Balbal.kz мотивациялық сайты Харландр Сандерстің басынан өткен қиын жағдайлары мен жеткен жетістігі турал материал дайындады.

Өмірбаяны

Полковник Сандерс 1890 жылы 9 қыркүйекте Индиана штатындағы Генривиллде бай пресвитериандық отбасыда дүниеге келді. 5 жасында әкесі қайтыс болады. Анасы консерві фабрикасында жұмыс істейді. Харландр үйдің үлкені болғандықтан, екі қарындасына жауапты болған. Анасы жоқта тамақ әзірлеген. Жетінші сыныпта мектептен шығарылды. Анасы екінші рет тұрмыс құрғанда үйінен кетіп қалды. Өйткені өгей әкесі оны ұрып-соққан. Осылай Нью-Олбанидегі ағасының үйінен көшіп барады. Сол кезде Кубада америкалық басқыншылыққа қарсы толқулар болды. АҚШ әскерін толтыруға еріктілер керек болған. Сандерс өзінің туған жылын үлкейтіп, 1906 жылы 16 жасында әскерде қызмет етті.

Әскери өмірдің қиыншылықтары

Ол Кубада тыл жұмысын атқарды, жылқы көңін өңдеумен айналысқан. Климатқа үйренісе алмай әрі тропикалық ауруларға байланысты 40 фунт яғни 18 киллограмдай салмақ жоғалтты. Әскерден құрметпен босатылып, теңіз арқылы Нью-Орлеан портымен теміржол жолына жеткен. Миссисипи өзенінің бойымен өтіп бара жатқан жүк пойызына мініп, Сент-Луиске, Миссуриға, одан Алабамаға бет алған. Алабамада теміржол көмекшісі, темір жолдарды жуушы, содан кейін Теннессиде өрт сөндіруші болып жұмыс істеді. Сол кезде Ла-Салле университетінде бизнес саласында сырттай оқып жүрді. Жұмысында басқа қызметкермен төбелескені үшін жұмыстан шығарылып, Арканзасқа көшуге мәжбүр болды. Оқуын бітірген соң Сандерс көптеген жерде жұмыс істеді: кемеде, сақтандыру агентінде, теміржолда пеш жақты, фермер, шахтер болды.

Жеке кәсіпті бастауы

1930 жылы ол АҚШ-тың 25-ші тас жолындағы Shell жанармай бекетін иемденді. Станция Кентукки штатындағы Норт-Корбин қаласының маңында Аппалачи тауларының шетінде орналасқан. Станцияның қоймасын кішігірім асханаға айналдырып, жанармай құйдыруға келгендерге стейк пен шошқа етін сатты.

1934 жылы тағы бір ірі жанармай бекетін сатып алды. Мұнда алты адамдық орын бар асхана құрды. Сол кезден бастап кәсіпкер қуырылған тауық етінен жасалған тағамдарды сата бастады. Біліктілігін арттыру үшін Корнелл университетіндегі қонақ үй бизнесі мектебінде сегіз апталық мейрамхана менеджменті курсына қатысты. 1936 жылы оның оның кәсіпорны танымал бола бастады. Кентукки губернаторы оған «құрметті Полковник» атағын берді.

1937 жылы Сандерс 142 жерден мейрамхана ашып,  1940 жылы «Сандерс орны мен кафесі» деген жолдың бойынан мотель ашты.

11 шөп және дәмдеуіштер құпиясы

Сандерстің темір табада тамақ пісіруіне 35 минут кетеді. Ол көп уақытты алады, сол үшін тез пісірудің жолдарын іздестірді. Бірақ фритюра тауық етін құрғақ, қатты әрі онша емес қуырады деп оны қолданғысы келмеді. 1939 жылы алғаш көкөністерді дайындауға арналған қысымды пештер пайда болды. Сандерс оны бірден сатып алып, өз кафесінде қолдана бастады. Осымен тез пісіріп, уақытын үнемдеді. 1940 жылдың шілдесінде өзінің әйгілі 11 шөп пен дәмдеуіштер қоспасын жасады. Ол бұл 11 шөптің қайдан екенін ешкімге айтпай құпия ретінде сақтаған. «Алайда оның бәрі кез келген асханада бар, ішінде тұз бен бұрыш қосылады» — дейді.

Бренд қалай қалыптасады?

Ол өз кәсібінің имиджін қалыптастырғысы келді. Алдымен Rotary club массондық орталықтардың құрамына кірді. Массондармен бірге қайырымдылық жасаумен айналысты. Сосын өзінің сырт келбетіне көңіл бөлген. Сақал-мұрт өсіріп, ақ костюм, қара галстукпен жүретін болған. Ол 20 жыл бойы осыдан басқа киім кимеген деседі. Өзін әркез «Полковник Сандерс» деп атауды талап еткен.

KFC – Кентуккидің қуырылған балапаны

Sanders Cafe көп жағдайда автокөлік жүргізушілерге қызмет көрсетті. Алайда 1955 жылы I-75 автомобиль жолының жоспары жаңа жарияланды. Ол Корбин қаласының айналма жолына шығарылатын болған. Сандерс енді ол жерде дамымайтынын түсініп, мүлкін сатты. Өзінің рецептін рестораторларға сатуға тырысып, АҚШ қалаларын аралай бастады. «Құпия қоспа», Сандерстің жарнамалық бейнесі мен франшизаның орнына  бизнесмендер әр тауық үшін бес цент төлеуге келіскен. Сандерс франшизаны Юта штатындағы Солт-Лейк-Сити қаласында Пит Харманға сатты. Харман қаладағы ең үлкен мейрамханалардың бірін басқарды. Пит Харман бренд жасау үшін атақты дизайнерді жалдаған. Дон Андерсон KFC (Kentucky Fried Chicken) атауын ұсынды.

Осы франшизаның арқасында Харманның табысы үш есеге өскен. KFC атақты гамбургерлермен бәсекелесті. 1960 жылы KFC-дің екі жүзге жуық мейрамханасы болды және сауда орындарының саны бойынша АҚШ-та көш бастады. Сандерс KFC Corporation-ді Джон Браунға 2 миллион долларға сатты. Келісімге канадалық мейрамханалар кірмеген. Ол Сандерске өмірлік зейнетақыны төлеуді қарастырды, сонымен қатар сапаны бақылау және бұрынғы «тірі сауда маркасы» рөлін берді.

1965 жылы канадалық франчайзингтерін басқару үшін Онтарио штатындағы Миссиссогаға көшті. Сол жылы Ұлыбританияның Престон қаласында KFC мейрамханасы ашылды.

Ол 1980 жылы 16 желтоқсанда 90 жасында Кентукки штатындағы Луисвиллде пневмониядан қайтыс болды. Оған лейкемия диагнозы қойылған екен. Сандерс Cave Hill зиратында өзінің атақты ақ костюмі мен жұқа қара галстукпен жерленді.

КФС қазір

KFC – әлем бойынша McDonald’s-тан кейінгі екінші тұрған ең ірі мейрамхана.. 2019 жылы әлемнің 134 елінде 15 мыңнан астам мейрамханасы болды. Онда 820 мың қызметкер жұмыс істеді. Қазір Yum! Brands корпорациясының еншілес компаниясы. Қазақстанда КФС-дің 58 мейрамханасы бар, оның 26-сы Алматыда.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!