Табыс

Toyota – Сакичи Тойоданың өнертапқыштығы мен Киичороның тәуекелі

Toyota автомобилінің тарихы

Toyota Motor Corporation – жапондық ірі авто өндіруші. Өнеркәсіп жеңіл, коммерциялық және жүк көліктері мен қосалқы бөлшектер шығарумен шұғылданады. Штаб-пәтері Жапониядағы Тойота қаласында орналасқан. Қазіргі уақытта автокөлік сатылымы бойынша алғашқы орынды иеленеді. 

Құрылу тарихы

Компания тарихы 1933 жылдан бастау алады. Алғашқы уақытта тігін станоктарын шығаратын компанияның бір бөлігі ретінде бастау алды. Сакичи Тойода – талантты инженер және өнертапқыш, автоөнеркәсіптің негізін салушы. Ол Жапонияда алғаш болып жеке автоматты тігін станогын ойлап тапты. Оның өнертабысы Жапонияда кең сұранысқа ие болды.

1930 жылдар басында осы қондырғылар текстиль мануфактурасының үздігі «PlattBrother&Co» атты британдық компанияның қызығушылығын тудырды. Сакичи станокты өндіруге арналған патентті сатуға келіседі. Ал келісімшартқа қол қоюға ұлы Киичиро аттанады.

Сатылым компанияға 100 000 франк алып келеді. Осы қаражатты пайдаланып Киичиро автомобиль өндірісіне бағытталған жаңа құрамды құрады. Ал 1937 жылы «Toyota Motor Corporation» ретінде мүлде бөлініп кетеді.

Жаңа өнеркәсіптің жұмысын Жапония билігі де қолдайды. Себебі мемлекетке манчжурлармен соғыста әскери жүк көліктері керек еді.

Бірінші автокөлік

Киичиро тәжірибе ретінде екі цилиндрлі қозғалтқышты алады. Нәтижесінде алты цилиндрлі «Шевролеттің» қозғалтқышын алады. Ал шоссиді «Крайслер» автокөлігінен алады. Алғашқы қозғалтқыш 1934 жылы «А типінде» құрылады.  Ал алғашқы жүк көлігі 1935 жылы жасалынады. Ол «Модель А1» деп аталды.

Алғашқы жеңіл көлік 3389 см кубты құрайтын қозғалтқышпен қамтылды. Төрт есікті седан шанағы толығымен темірден жасалды. Бұл сол кезең үшін жаңалық еді. Оған дейін көліктерге ағаш детальдар да қосылатын. 1936 және 1943 жылдар аралығында барлығы 1 404 седан құрастырылып шықты.

Тойото соғыс жылдары

Компания соғыс уақытында белсенді жұмыс істеді. Ол азаматтық көліктерді өндіруден бас тартты. Өндіріс әскери жүк көліктері мен амфибиялар, жеңіл жол талғамайтын көліктер мен әскери ұшақтардан тұрды.

Соғыс уақытында компания зауыты бомбалауға тап болады. Бірақ бұл өндіріске қатты әсер етпеді. Алайда капитуляция кезеңінде компанияға көлік шығаруға тыйым салынды. Бірақ АҚШ билігі тұрмыс құралдарын өндіруге рұқсат берді.

Компанияның алға өрлеуі

Соғыс аяқталған соң Киичиро жеңіл көліктер өндірісін дамытты. «SA» типіндегі екі есікті седан шығарылды. Ол 1 литрлі, 4 цилиндрден тұратын қозғалтқышпен қамтылды. Оның максималды жылдамдығы сағатына 88 шақырымды құрады.

«Тойота» компаниясы бұдан бөлек «SD» және «SF» үлгісіндегі жаңа көліктерді өндірді. 1955 жылы конвейерден 8 400 көлік шықса, 1965 жылы бұл көрсеткіш 600 000-ға жетті.

1953 жылы компания «Land Cruiser» атты жол талғамайтын көліктің үлгісін таныстырды. Осы жылы 298 данасы сатылды. Алл 1955 жылы жол талғамайтын көліктің екінші буыны шығарылды.

1950 жылдардан бастап компания өндіріс жылдамдығын қолға алды. Осы кезден бастап «Just-In-Time» приципіне көшеді. Бұл уақытты үнемдеп, өндірісті сағаттай дәл етуге көмектесті.

1967 жылы «Toyota Motor Corporation» алғашқы спорт көлігін таныстырды. Аңызға айналған «2000GT» автокөлігі жапондық компанияның жарысуға қабілетті спорткар дайындай алатынын дәлелдеді.

Компанияның әлемді жаулауы

1970 жылдардан бастап «Toyota Motor Corporation» компаниясы дәл құрылған стратегия арқасында еңбегінің жемісін жеді. Ол шетелдік автоөндіруші компанияларды шаңында қалдырды. Ал 1972 жылы тек АҚШ-тағы көлік сатылымы 1 000 000 дананы құрайды. 3 жыл өткен соң АҚШ-тағы танымал көлік атанады.

1990 жылдан бастап «Toyota Motor Corporation» автокөлік үлгілер қатарын көбейтеді. 1998 жылы «Toyota Motor Corporation» Мәскеуде жаңа филиалын ашады. Осылайша компания ТМД елдерінің шекарасына енеді. Ал көлік сатылымы жылдан жылға өседі.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!