Біліп жүр

Kaspi Business картасы: Мүмкіндіктері мен артықшылықтары

Kaspi Business картасының мүмкіндіктері мен артықшылықтарымен танысыңыз

Kaspi Business картасы – заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге арналған карта. Бұл карта есепшотыңызды 24/7 басқаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар картаны қосымша арқылы бақылауға болады. Назарыңызға «Kaspi Business» картасының атықшылықтары мен картаны ашу нұсқаулығын ұсынамыз.

Карта қандай мүмкіндіктер береді?

Ақшаны картаға аудару арқылы:

  • Тауардың, транспорттың ақысын, кеден салығы және қонақ үйге қажетті шығындарды төлеуге;
  • Банк бөлмішесіне бармай-ақ, әлемнің барлық нүктесіндегі банкоматтан ақша шешуге;
  • Ғаламтор арқылы сауда жасауға болады.

Картаны қалай ашуға болады?

«Kaspi Business» картасын алу үшін жеке кәуліктің түпнұсқасы, мобильді нөмір мен мекеменің мөрі (егер болса) қажет.

Картаны рәсімдеу мен қызмет көрсетудің алғашқы жылы тегін. Екінші және одан кейінгі жылдары қызмет көрсету құны 1 995 теңгені құрайды. Сомма қолданудың екінші жылында автоматты түрде картадан алынады.

Бірнеше қызметті  карта тегін ұсынады. Картаны толтыру мен қаржыны өз есепшотыңызға аудару – 0 теңге. Әлемнің кез келген банкоматынан ақша шешу 300 000 теңгеге дейін ешқандай комиссия ұстамайды. Ал 300 000 теңгеден асатын болса, комиссия сомманың 0,95% тең болады.

Карта жайлы ақпаратты «Kaspi Business» мобильді қосыммшасынан көре аласыз. Мұнда аударымдар тарихы толығымен сақталады. Картаның уақыты өтіп кетсе, қайта жасату құны – 0 теңге. Ал уақытынан бұрын жасату – 1 995 теңге.

Картаның өзге де артықшылықтары

«Kaspi Business» картасымен сіз салықтарды, кеден салықтарын төлей аласыз. Ақшаны «Kaspi Business» картасына аударып, кассадан қаржыны төлеуге болады.

Картаның көшірімі (Выписка по карте) картаның шығындары жайлы бухгалтерлік есепті алмастыра алады. Аванстық есепті толтырудың қажеті жоқ. Мобильді қосымшадан көшірімдерді жүктеп, шығарып алыңыз. Бұл ақпаратты өзіңіздің бухгалтеріңізге жіберіңіз. Қажет болса, бұл көшірімге сауда жасау барысында берілген чектерді қосуға болады.

Картаны жабудың жолдары

Kaspi Business картасын жабу үшін есепшот ашылған банктің заңды тұлғаларға қызмет ететін бөлімшесіне барыңыз. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз бен мөр болу керек. Картаны жабу процессі 45 күнге созылады. Бұл – халықаралық төлем жүйесінің ережесі. Осы уақытта банк сізде қарыздың бар-жоғын тексереді. Картаның жабылғандығын 45 күннен кейін «Kaspi Business» қосымшасындағы «Есеп» (Счет) бөлімінен көре аласыз.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!