Таным

Мақсатты айқындап беретін 4 әдіс

Мақсатты қоя білген адам тезірек табысқа кенеледі

Мақсатты қоя білген адам жетістікке жетеді. Уақытты бос жұмсау мен жетістікке жету жолында көп кедергіге жолығудың себебі – керекті мәселеге зейін қоя алмау. Мұны түп-төркіні мақсаттың болмауында жатыр. Мақсаты жоқ адам әртүрлі нәрсеге алданып жүре береді.  Ол істеймін деген шаруасын кешірек бітіреді не ертеңге қалдырады. Қорытындысында ол шаруасын ұмытып та кетеді. Болмаса робот сияқты бірнәрсені меңгеріп істеп жүреміз. Алайда бұның бәрін не үшін жасап жатқанымызды түсіндіре алмаймыз.

Брайан Трейсише мақсатыңызды анықтаңыз, оны маңыздылығы бойынша топтаңыз және ең бастысына назар аударыңыз.

Өзіңіздің нақты нені қалайтыныңызды анықтаңыз. Болашақтағы іс-әрекетіңіздің мақсатын, міндетін және нәтижесін анықтаңыз.

Клемент Стоун

3%

Әдетте 3%-дан кем адам өзінің мақсаттарын айқын біледі және оны қағаз бетіне түсіріп отырады. Көбіне осы адамдар кез келген бағытта жетістікке жете алады. 1%-дай адамдар өздерінің мақсаттарын күнделікті қайталап, оны қайта жазады.

Брайан Трейси мақсатсыз адамдарға былай деп сөз қатады: «Егер сізде мақсат болмаса, онда сіз басқаның мақсаты үшін жұмыс істейсіз». Бұл сөздер әлі де болсын өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ.

Мақсатты анықтаудың негізгі әдістері

1 әдіс. Армандаудан жалықпаңыз!

Тек ең батыл армандар қажетті мотивация бере алады. Тек ең ерекше ойлар сіздің қиялыңызға ерік беріп, мақсатқа жету жолындағы қиындықтарды жеңуге мүмкіндік беретін ішкі күшіңізді оятады. Үлкен нәрселерді ойлау арқылы сіз шабыт алып, ынтаңыз ояна түседі.

Өз мақсатыңызды анықтау үшін дәріптеушілік техникасын қолданыңыз. Сіздің ойыңыздың іске асуына кедергі келтіретін нәрселерді ұмытыңыз. Өзіңізге олар жайлы ойлауға мүмкіндік бермеңіз. Есіңізде болсын, сіз  барлығына да қол жеткізе аласыз. Оның тек бір шарты бар: өзіңіздің нені қалайтыныңызды нақты білуіңіз қажет.

2 әдіс. Мақсатыңызды қазіргі шақпен қағазға түсіріңіз

Сізге өз мақсатыңызды қағазға олар іске асқандай етіп жазу қажет. Түпкі сана командаларды  тек казіргі шақта қабылдайды. Мысалы: «Менің салмағым 55 келі», «Мен айына 1 миллион теңге табыс табамын», «Мен Алматы қаласының ортасында орналасқан зәулім пәтерде тұрамын» т.б.  Бұл түпкі сананы оятып, сананың барлық күшін іске қосуға мүмкіндік беретін оңай әрі сенімді тәсіл.

Мақсатқа жету программасы түпкі санаға беріледі және ойдағының іске асуы мүмкін екендігіне сенім күшейе түседі. Мақсатыңызды күнделікті қайталап, оны қайта жазып отыру – мақсатты түпкі санаға тереңірек енгізуге септігін тигізеді. Бір уақытта сізде мақсаттың орындалатындығына сеніміңіз кәміл болады.

3 әдіс. Тепе-теңдікті сақтаңыз

Өзіңіздің өміріңіздің гармониясын бұзбау үшін мақсаттар тепе-теңдігін ұмытпаған жөн. Әртүрлі типтегі мақсаттар бір-біріне қарама-қайшы болмасын. Әрбір көліктің қозғалысы үшін дөңгелектерінің теңесіп тұрғаны талап етіледі. Дәл осылай сізге де өмірде жетістікке жетіп бақытты ғұмыр кешуіңіз үшін мақсаттарыңызды теңестіріңіз.

Сіз нақты нені қалайсыз?

Алғашқы типке бизнесіңізді дамытатын, карьералық өсім мен қаржылық еркіндікке қол жеткізуге мүмкіндік беретін мақсаттар жатады. Бұл өз еңбегіңіздің қорытындысы ретінде жетуге болатын әрі өлшенетін, сезілетін жетістік. Бұл мақсатты анықтау үшін келесі сұраққа жауап беріңізші: сіз өміріңізде нені іске асырғыңыз келеді? Өзіңіздің материалдық мүмкіндіктеріңізді жоспарлай отырып, сіз нақты қай уақытта қанша қаражат табатыныңызды анықтайсыз. Есіңізде болсын, көрінбейтін нысанаға дөп түсу мүмкін емес.

Не нәрсеге қол жеткізгіңіз келеді?

Екінші типтегі мақсатқа денсаулық, отбасылық және жеке жайлылық жатады. Шынын айтсақ, бұл ең маңыздысы.

Көбіміз карьера, кірісі өсіруге барымызды салғанымыз соншалық ақырында мұны не үшін бастағанымызды естен шығарамыз. Бұл мақсатты «Жетістікке қалай жетемін?» деген сұраққа жауап беру арқылы анықтауға болады.  Өз-өзіңізбен жұмыс жүргізу арқылы сіз өз жұмысыңызды реттей аласыз. Нәтижесінде мақсатыңызға тез әрі жеңіл жетіп, отбасындағы жайлылыққа, жеке жетістікке қатысты мақсатыңызға қол жеткізесіз.

4 әдіс. Өміріңіздегі басты мақсатты анықтаңыз

Сіз қандай мақсат өзіңіз үшін маңызды екенін анықтауыңыз қажет. Бұл сіздің өміріңіздегі ең маңызды мақсат. Оған қол жеткізу арқылы сіз басқаларына да қол жеткізе аласыз. Сіз жаныңыз бен тәніңіздің барлық энергиясын бір нүктеге бағыттай аласыз. Ал бұл сіздің өміріңізге қатты әсер етеді.

Брайан Трейсидің «Тайм-менеджмент» кітабынан алынған.

Дайындаған: Айгүл Нұрқожаева

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!