Біліп жүр

Презентацияны Гай Кавасакише жасаудың жолдары

Презентацияны жасау барысында мән беретін детальдер

Презентацияны жасаудың пайдасы көл-көсір. Ойымызда жүрген немесе басшылықтан тапсырылған жобаларды жүзеге асырып, тауар сатылымын көбейту үшін  батылдық танытып, белгілі бір қадамдар жасауға тиістіміз. Тапсырма мүлтіксіз орындалу үшін «нені қалай жасаймын?» деп жиі ойланатыныңыз анық. Міне, мұның ең тиімді жолы презентация екені айтпасақ та белгілі.

Кез келген презентацияның екі басты мақсаты бар: тыңдаушының мінез-құлқына әсер ету және практикалық тұрғыдан жоспарыңыздағы нәтижеге қол жеткізу. Қысқасы, оңайлықпен жасалатын іс те, олжа да жоқ. Алайда адамның істегенін адам істей алатынын естен шығармаңыз. Мәселен, Гай Кавасаки Apple брендіне табынушыларды қалай жинады? Ауадан алмағаны белгілі ғой. Оның да өз құпиясы бар шығар. Клиенттердің, серіктестердің, инвесторлардың назарын аудару үшін ол жай ғана өнімді таныстырып қана қойған жоқ, сіз білмейтін жаңа әдіс-тәсілдерді қолданды. Бірақ қандай?

Гай Кавасакидің презентация жасау әдістері

  1. Алдымен аудиториямен байланыс жасауға әрекет еткеніңіз абзал.
  2. Презентацияның өту барысын бақылауда ұстаған дұрыс.
  3. Алғашқы 5 минутыңызды тыңдарманның назарын аударуға күш салыңыз. Сонда ғана аудитория сіздің уақытты қаншалықты бағалайтыныңызға толықтай көз жеткізеді.
  4. Өніміңіздің қаншалықты адамдарға таныс екенін білуге тырысыңыз. Қалай дейсіз бе? Қиындығы жоқ, небәрі ойыңыздағы 3 сұраққа жауап алыңыз.

Мен сіздің қанша уақытыңызды иемдене аламын?

Бірінші кезекте сізді қызықтыратын қандай 3 зат туралы білгіңіз келеді?

Егер мүмкін болса мен презентациямен таныстырып, кейін сауалдырыңызға жауап берсем қалай қарайсыздар?

Басқасы маңызды емес, кіріспе сөзіңізді қысқа-нұсқа сауалдардан, ойындардан, бейнебаянға көз жүгіртіп шығудан бастасаңыз тіпті жақсы. Алғашқы 3-4 минутты қарапайым амандасу, таныстыру дейтін ескі идеялармен өткізбеңіз.

Презентацияның негізгі бөлімі

Негізгі бөлімнің жағдайы қалай болмақ? Мына қағидаттарды санаңызға шегелеп алсаңыз болғаны.

  1. Өз компанияңыз туралы анық әрі қысқаша айтып өтіңіз. Бар жоғы уысыңыздан шыққан екі-үш сөйлем сіздердің нарықтағы орындарыңыз жайлы көрініс қалыптастыру керек.

2. Уақытты қажетсіз фразаларға жұмсамаңыз, шектен тыс мақтанып, компанияның тарихына тоқталып, алыстан орағытпай, көп сөзбен көпшілікті жалықтырып алмаудың қамына кірісіңіз.

«10-20-30» ережесі

«10-20-30» ережесінен хабарыңыз бар ма? Ол мына бөлімдерден тұрады:

  1. Презентация 10 слайдтан 20 минутты қамту керек. Басты элементтер: компанияның атауы, электрондық пошта және телефон нөмір. Есіңізде болсын, бір сурет мың сөзді, прототип 10000 слайдтың орнын баса алады.
  2. Мәселе және оның шешімін қарастырыңыз. Сіздің өніміңіз тұтынушының өміріне қаншалықты және қалай әсер ете алады?
  3. Түпкі ой. Аудитория өнімді қалай сататыныңызды және оның қалай жұмыс істейтінін түсіну керек. Егжей-тегжейлі баяндаудың қажеті жоқ.

6.Технологияның сиқырын ашыңыз. Өнімнің  ерекшелігін айқындап беретін құпия ингредиент туралы айтыңыз.

  1. Көрерменді идеяңыздың жүзеге асатынына сендіріңіз.

Аз сөз алтын. Презентацияны артық деректермен толтырмаңыз. Белгілі бір тізімдерді, графиктерді, диафрагмаларды пайдалансаңыз, тыңдарманға әлдеқайда түсінікті болады.

  1. Слайдты бастан-аяқ айна-қатесіз оқудың қажеті жоқ. Ауызша айтып беріңіз, түсіндіріңіз, нәтижеге жеткіңіз келсе, кемінде жиырма бес рет қайталаңыз. Бары осы ғана.

Шектен тыс қобалжу, сенімсіздік, соқыр үрейден арыла алмай, презентацияны қалай өткіземін деп сары уайымға көп салынбаңыз. Презентацияға дейін бірнеше күн бұрын жақын адамдарыңыз бен туыстарыңызды жиып, бір минут ішінде керекті дүниелерді айтыңыз, ойыңыздағыны жеткізуге тырысыңыз. Кейін кері байланыс орнатып, түйгендерін қағазға түсіруін сұраңыз. Сіздегі мақсат орындалды ма, шағын аудиторияны бағындырып, сендіре алдыңыз ба, қалай ойлайсыз? Сосын аудиториямен жақын танысып алғанға қалай қарайсыз? Артық етпейді ғой, иә?

Танитын адамдардың есімін айтып, мысал келтіріп отырасыз. Ал адам өз есімі аталғанда міндетті түрде сөзді соңына дейін зейін қойып тыңдайды.

Әрекет етсеңіз, берекеттің бір шеті көрінері сөзсіз. Кез келген жағдайға дайын болыңыз. Келеңсіздіктер өзіңізге деген сенімділікті, батылдықты жойып жібермесін. Қайрақ қатты болса, пышақ өткір болады. Қаншалықты дайындалсаңыз, соншалықты нәтижеге қол жеткізесіз.

Тағы да қайталап айтамыз. Адамның істегенін адам істей алады. Гай Кавасакиден де асып түсуіңіз әбден мүмкін. Қаласаңыз сіз алмайтын қорған қалмайды.

 Дайындаған: Айжан Сыланова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!