Біліп жүр

Жетістік құпиясы (Ғибратты әңгіме)

Жетістік құпиясы ол мына 5 кеңес...

Жетістік құпиясы Ғибратты әңгіме. 5 кеңесті balbal.kz  сайты назарларыңызға ұсынады.

Бір ғұлама данышпан қартайып, кәрілік жақындағанда өзінің білгендерін шәкірттерінің біріне үйретпекші болады. Алайда шәкірттерінің арасынан ең лайықтысын қалай таңдарын білмей, ұзақ бас қатырады. Кеш батысымен шәкірттерінің барлығын үйіне шақыртып алады.

Ең соңғы шәкірті үйге кірген бойда, данышпан былай деді:

— Менің басыма іс түсті. Қазір сендердің көмектеріңе зәрумін. Маған қол ұшын бергендеріңді қалаймын. Менімен бірге жүріңдер!

Барлығы сыртқа шығып, ұстаздарының артынан жүріп отырды. Бірнеше көшені кесіп өткеннен кейін бір есіктің алдына келіп тоқтады.

— Мына есікке қараңдаршы. Қандай үлкен, ауыр екенін көріп тұрсыңдар… Қазір есікке асықпай зер салып қараңдар, араларыңда есікті жалғыз өзі аша алатын адам болса, маған айтыңдар, — дейді данышпан.

Шәкірттердің барлығы есікке мұқият қарай бастайды. Бірнеше уақыт өткеннен кейін шәкірттердің біразы:

— Бұл мүмкін емес, — деп жауап береді.

Қалғандары да ұзақ қарады, асықпай есікті ұстап, тартып көрді. Бірақ олар да біраз уақыттан кейін:

— Бұл шынымен де мүмкін емес, — десіп жатты.

Тұтқасынан да тартып көрді, бірақ ешбір нәтиже шықпады. Шәкірттердің барлығы бірінен соң бірі бас шайқап, есікті ашуға талпынған ойларынан бас тартты.

Осылайша шәкірттердің барлығы «бұл іске бір адамның шамасы келмейді» деген ойға келді. Алайда көп шәкірттің біреуі ғана басқаша ойда болатын.

Өзгелерден ерекшеленген шәкірт есікті асықпай қарап, қолымен ұстап көрді. Есікті бірнеше жерінен қағып көріп, ой-шұқырына дейін асықпай зерттеп шықты. Тіпті есіктің неден жасалғанын да мүдірмей айтып берді.

Сосын ол сәл итеріп көріп еді, есік еш қиындықсыз ашылды. Шындығында ол жабық емес еді. Сәл күш жұмсап, итергеннен кейін бірден ашылатындай күйде тұрған.

Түйін 

Данышпан ұзақ іздеген адамын тапқанына шын жүрегімен қуанды. Ол өзінің сағы суға кеткен басқа шәкірттеріне бұрылып:

— Сендердің жетістіктерің өмірдің кейбір жағдайларына байланысты. Оны қазір өздерің дәлелдеп көрсеттіңдер және оған көздерің әбден жеткен болар. Біріншіден, өздеріңінің ішкі түйсіктерің мен сезімдеріңе жүгініңдер. Екіншіден, ешқашан асығыстық танытпаңдар. Артынан бармақтарыңды тістеп, өкінішке  ұрынасыңдар. Үшіншіден, қорқыныштарыңа жеңіс бермеңдер, сол үшін батыл қадам жасаңдар. Төртіншіден, шешім қабылдадыңдар ма, одан ешқашан бас тартпаңдар. Әрдайым өз мүмкіндіктерің мен күштеріңе сеніңдер. Бесіншіден, ешкімді тыңдамаңдар және кез келген істі аяғын дейін жеткізу үшін барынша еңбек етіңдер. Және соңғы айтарым, қандай да бір қателік жасасаңдар, өкінішке бой алдырмаңдар, — деп өсиет айтты. Міне, жетістік құпиясы осында жатыр.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!