Қарым-қатынасты сақтап қалу кей сәтте қиын болып көрінуі мүмкін. Қытайда үш ай карантиннен кейін ажырасуға өтініш берген жұптар саны күрт ұлғайған. Balbal.kz мотивация сайты жұптардың арасында қарым-қатынасты берік етуге кеңес беретін үштік кітаптар топтамасын ұсынады.
Кешірім сұрау жеткіліксіз болғанда («When Sorry Isn’t Enough») Гэри Чепмен, Дженнифер Томас
Кей кезде жай ғана кешірім сұраумен шешіле қоймайтын реніштер туындайды. Бұл кезде қолды сермеп қоюға болмайды. Авторлар дұрыс кешірім сұрау және ренішті жоюдың әдістерін көрсетеді. Ол тек ғашықтық емес, достық және отбасылық мәселелерді шешуге көмектеседі. Кез-келген істі кешіруге болады, бастысы – көңілін дұрыс табу. Кітапты оқи отырып, адамды ренжіткен жағдайда өзіңізді қалай ұстай керек екенін түсінесіз.
Қуантатын кішкене заттар. Әрі қарай қалай өмір сүруді білмейтіндерге арналған шабыттандыратын оқиғалар («Beautiful little things») Шерил Стрэйд
Шерил ұзақ уақыт бойы интернет-басылымның бір бөліміне жауапты болды. Ол Лапочка лақап атымен оқырмандардың сұрақтарына жауап беріп, кеңес берген. Оқырмандардың оқиғаларын біріктіріп, осы кітапты жарыққа шығарды.
Кітапта отбасыда кездесетін кез-келген мәселе туралы сөз қозғалып, автор шешімін айтуға тырысқан. Онда әке, ана, бала және сырттағы үшінші тараптың көзқарасы бойынша талданады. Отбасыдағы қаржылық және махаббат кризисін қалай жеңуге болатынын айтады. Кітаптың мақсаты – оқырманға мәселе тек оның басында ғана болмайтындығын түсіндіру.
Әлем әр қадамда. Күнделікті өмірден даналыққа жету («Peace Is Every Step: The Path of Mindfulness in Everyday Life») Нат Тит
Тит Нат Хан — буддисттік монах. Ол өз кітабында ішкі үйлесімділікті қалай табуға және өз эмоцияларыңызды жеңуге болатынын көрсете отырып, әлеммен байланысты қалай нығайтуға болатынын айтады. Монах әр адам әлемнің маңызды бөлшегі ретінде қарастырады.
Онда ішкі отбасылық мәселелер, бала тәрбиесі, ер мен әйел арасындағы байланыс туралы айтады. Кітапта мысалдар, теңеулер айқын түсіндірілген. Агрессивті жағдайлардың өзін позитивті көңілмен сипаттайды.
Итке қарап үрмеңіз! Жануарлар, адамдар және өзіңізді басқару туралы кітап («Don`t shoot the dog!: The new art of training and teaching) Карен Прайор
Карен Прайер кітабында өзіңізбен, айналадағылармен және жануарлармен байланысты нығайтып, жақсартуды көрсетеді. Психолог манипуляция, гипноз әдістерін емес, қарапайым қарым-қатынас техникасын ұсынады. Осы арқылы жұбайыңыздың шағымдана беруін, үйдегі мысықтың тұсқағаздарды жыртуын және балаңыздың тентектігін қойдыра аласыз.
Автор өмірде қысым, негативті әрекеттердің неге көмектеспейтінін дәлелдеп, қалай бабын табу керек екенін айтады.
Енді сөзге келмейік. Отбасылық жанжалдар мен оларды шешудің 12 түрі («Stop the fight: AN ILLUSTRATED GUIDE FOR COUPLES») Мишель Броди
Мишель — 20 жылдық тәжірибесі бар психолог. Оның кітабында отбасылық жанжалдар қаржы, жағымсыз ағайын-туыс, отбасылық мереке және жеке қарым-қатынастың кесірінен туындайды. Ол әр жанжал түріне тоқталып, ол қала өрбитінін, салдарын айтып өтеді. Содан кейін оны шешу және болдырмау туралы кеңес береді. Кеңес қызықты иллюстрациялы комикс арқылы көрсетілген.
Кітап оқылуға ыңғайлы, қарапайым тілде жазылған. Осы кітапты оқи отырып, қарым-қатынаста жіберілген қателігіңізді байқайсыз.
Берік некенің 7 қағидасы немесе махаббаттағы эмоционалды интеллект («The Seven Principles of Making Marriage Work») Джон Готман
Джон Готман өзінің «Махаббат зертханасы» зеттеу еңбегімен әйгілі. Ол 700 жұптың қарым-қатынасын бақылаған.
Готман өз еңбегінде ажыраспай, некені қалай сақтап қалуға болады, қандай жанжал қарым-қатынасты суытады, ақша үшін ұрысып қалмау сияқты сұрақтардың жауабын айтады. Автордың пікірінше, неке ұзақ сақталуы үшін маңыздысы романтика емес, эмоционалды интеллект. Және осы интеллектті қалай дамытуға болатынын көрсетеді.
Дайындаған: Қырмызы Скендирова