Біліп жүр

Bullet Journal дегеніміз не?

Bullet Journal қалай жасалады?

Қазіргі уақытта кез келген адам жұмысының өнімділігін арттырып, мақсатына бір қадам жақындаудың жолын іздейді. Кейбірі уақытпен жұмыс істемесе, енді бірі күнделік жүргізеді. Бүгін сіздерге Bullet Journal күнделігі жайлы айтып береміз.

Bullet Journal дегеніміз не?

Жоспарлауға, өнімді жұмыс істеуге шабытты оятатын күнделік. Өміріңізді бір жүйеге келтіретін дәптер. Ол өнімді болуды ғана емес, сонымен қатар тұлға ретінде қалыптастыруға көмектеседі.

Күнделік сізді әртүрлі бөлімдерімен қызықтырары сөзсіз.

Ойлап тапқан кім?

39 жастағы Райдер Кэрролл өмірін стикермен байланыстырады. Бала кезінде оған «назар жетіспеушілігі синдромы» диагнозын қояды. Оның есте сақтау қабілеті төмен болады. Ақпаратты қалай есте сақтаймын деген ой туады. Осы кезде Райдер дәптерге ойларын жазып бастайды. Одан кейін күнделікке ауысады.

Колледжде күнделіктің саны алтыға дейін өседі. Райдер оларды тиімді пайдаланудың жаңа тәсілдерін ойлап табатын. Коллаж жасап, маңызды дүниелерді стикермен безендіріп отырды. Хоббиі тек тиімді жұмыс істеуге ғана емес, сонымен бірге демалуға да көмектесетінін түсінеді. Колледжді бітіргеннен кейін веб-дизайнер болып жұмыс істейді. Бірде ол әріптестерінің күнделік жазатынын байқап қалады. Сөйтіп Райдер Bullet Journal күнделігін жасап шығады. Ол әп-сәтте танымалдылыққа ие болды.

Неден бастаған дұрыс?

Өзіңізге сұрақ қойыңыз. Маған бұл күнделік не үшін керек? Ол қандай функцияларды орындауы қажет? Күнделік туралы жалпы түсінікке ие болғаннан кейін толтырып бастаңыз. Барлық мақсатыңыз бен жоспарыңызды жазып шығыңыз.

Bullet Journal-дағы бөлімдер

Күнделікте әр бөлімнің өз атауы бар. Бірақ қызығушылығыңызға қарай жаңа бөлімді ойлап шығарсаңыз болады. Мысалы, 1-10 бет аралығында оқуыңыз керек кітаптың тізімін жазып шығыңыз. Кітаптан алған білім мен ойыңызды осы жерге жаза кетіңіз. 10-25 бет аралығын денсаулық бөліміне арнаңыз. Күнделікті жасайтын жаттығулар, тағам мәзірін, ұйқы режимін жөндеп шығыңыз. 25-35 бет аралығын білім бөліміне арнаңыз. Қатысуыңыз керек курстар мен тренингтер тізімін жазып шығыңыз. Дайын Bullet Journal күнделігін сатып алуға, немесе қызығушылығыңызға қарай осылай жасап шықсаңыз болады.

Күнделіктегі басты ерекшелік – белгілер. Мысалы,

– орындалу керек тапсырмалар;

Х – орындалған тапсырмалар;

< – тапсырманың жоспарланғанын білдіреді;

– тапсырманың келесі күнге немесе айға ауыстырылғаны;

– ойлар мен жазбалар;О – маңызды оқиға.

Райдер Кэрролл мына видеода Bullet Journal-ды қалай қолдануға болатынын өз аузымен түсіндіреді. 

Дайындаған: Гауһар Бердібек  

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!