Миллионер

Роман Абрамович: Табысқа жету үшін дұрыс ойлан

Роман Абрамовичтің берген кеңестері

Роман Абрамович – ресейлік кәсіпкер, миллиардер. Кәсіпкер еңбек жолын қарапайым механик болудан бастаған. 2019 жылғы есеп бойынша ол Ресейдің бай адамдары тізімінде 12,4 миллиард доллармен 10 орында тұрған. Balbal.kz сайты Роман Абрамовичтің кәсіпкерлерге берген кеңесін назарыңызға ұсынады.

         Роман Абрамович:   

      Шешім қабылдауда асықпаңыз

Адамдар болашақты болжауды білмейді не дұрыс болжай алмайды. Болжамның барлығы дұрыс болмайды. Бұл дұрыс әрекет етпеуге әкеліп соғатынын ұмытпаңыз. Сол себепті шешім қабылдамас бұрын асықпай ойланыңыз. Өзгенің ойын оқып, іс-қимылын алдын-ала болжаймын деп үміттенбеңіз. Бұл тек қана арадағы қарым-қатынасты бұзады.

Көбісі «түймедейді түйедей» етіп, өзіне мәселе тауып алады. Кішкентай сәтсіздікті дұрыс қабылдау керек. Соған сай әрекетіңізді жоспарлаңыз. Шағын қателіктен қорқу бойыңызда қорқыныш сезімінің орнығып алуына себепкер болатынын естен шығармаған жөн.

Ешқандай ереженің қажеті жоқ

Адамдардан өзінің жазылмаған «ережесін» сұрасақ, нені жасап, нені жасамайтынын тізбектеп айтып береді. Алайда бұлардың арасында пайдалысынан бөлек, зияндылары да болуы мүмкін. Ереже жасау арқылы өз ойыңызда белгілі деңгейдегі кедергілерді орнатасыз. Ойыңыз бен санаңызда ешқандай бөгет болмағаны дұрыс.

Бір-екі сәтсіздік сіздің болашағыңызға әсер етпейді. Жетістіктермен де солай. Аяқ асты орын алған не жылдам табысқа кенелу сіздің алда да осылай табысқа жететініңізді білдірмейді. Сол үшін жетістік пен сәтсіздіктерге қарап өзіңізге баға берудің қажеті жоқ.

         Барлығын жаныңызға жақын алмаңыз

Достарыңыз, әріптестер мен көршілер, жақындарыңыз барлық уақытта сізді ойламайды. Сондықтан барлығына көңіл бөліп, әр орын алған оқиғаға жаныңызды ауыртпаңыз.

Эмоцияға ерік берудің қажеті жоқ. Түрлі сезімдер мен эмоциялар шаршаудан, тұмаудан, қарын ашу секілді факторлардың әсерінен туындауы мүмкін. Өзіңізді жақсы не жаман сезіну болашақты өзгертпейді.

         Оптимист болуды үйреніңіз

Оптимист болуға тырысыңыз. Өмірден, жұмыстан жаман нәрселерді күтсеңіз, олар міндетті түрде сізді тауып алады. Сіздің ойыңыз барлығын тартады. Көңіл күйдің түсуі, жаман ой өмірге кір көзілдірікпен қараумен бірдей. Тек кемшіліктерді байқап, басқаға назар аудармайсыз

Өткенге бұрылудың қажеті жоқ. Өкіну, күрсіну, ашу, көңіл қалу секілді сезімдердің туындауына бұрынғы реніштер мен проблемалар әсер етеді. Бұларды ойыңызға сақтап, қайта-қайта еске түсірудің кесірінен өзіңізді жайсыз сезінесіз. Өткенмен күресудің пайдасы жоқ. Бәрін ұмытып, әрі қарай өмір сүріңіз.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!