Психология

Деменция – ойдың тұралап қалуы

Деменция синдромы туралы толық ақпарат алыңыз

Деменция – ми қызметінің жиі тұралап қалуы. «Тілімнің ұшында тұр» деп қарапайым сөзді ұмытып қалатын кезіңіз есіңізде ме? Бұл жағдай – деменцияның көрінісі. Назарларыңызға деменция синдромынан құтылу жолдарын ұсынамыз.

Деменция деген не?

Деменция – ұмытшақтық емес. Ол есте сақтау, ойлау, түсіну сияқты танымдық функциялардың төмендеуімен сипатталады.

Адам өзгереді. Бұл аурудың нақты себебі анықталмаған. Бірақ дәрігерлердің айтуынша, дұрыс емес өмір салтын ұстанғанда пайда болады. Яғни, миға қажетті қорек бармайды немесе оған қажетті қысым түспейді. Ол кез келген жанда кездесуі мүмкін. Әсіресе жас ұлғайған сайын пайда болу қауіпі жоғары.

Деменцияның алғашқы белгілері

  1. Дұрыс сөз табудағы қиындықтар

«Тілімнің ұшында» деп жиі сөзді дұрыс таңдай алмай қалады.

  1. Ұмытшақтық

Кейде кілттердің немесе телефонның қай жерде жатқанын ұмытып кету болып жатады. Алайда кеше қандай тамақ ішкенін есіне түсіре алмаса, жағдай қиын. Өзіңізді тексеру үшін соңғы 3 күнде не істегеніңізді есіңізге түсіріп көріңіз.

  1. Мазасыздық, күдік

Кез келген нәрсеге мазасыздану да – демнцияның бір белгісі. Болмашы затқа күдіктенеді, айналасына сенбейтін болады.

  1. Көңіл-күйдің өзгеруі, депрессия

Деменция синдромы бар жандар жиі күйзеліске ұшырайды.

  1. Тұлғаның өзгеруі

Мінез, темперамент күрт өзгеруі мүмкін. Экстраверт адам тұйық болып кетеді немесе интроверт жан бәрімен араласқысы келеді. Қызығушылығы да ауысады.

  1. Заттарды үнемі жасыру, тығып қою

Көзілдірікті «жоғалып кетпес үшін» жасыру керек деп оны қайда қойғанын ұмытып қалады.

Деменцияның алдын алу жолдары

Көбірек қозғалыңыз

Дене белсенділігі миды қанмен жақсы қамтамасыз етеді және оның қалпына келуіне көмектеседі. Көбірек жүріңіз, велосипед айдаңыз.

Адамдармен араласыңыз

Тіпті қаламасаңыз да адамдармен араласыңыз. Әлеуметтік белсенділік ми үшін ауа сияқты.

Миыңызды жаттықтырыңыз

Кітап оқыңыз, жұмбақтар мен кроссвордтарды шешіңіз. Тіл үйреніңіз, жаңалықтарды қадағалаңыз. Күн сайын жаңа нәрсені үйренуге тырысыңыз.

Темекі, ішімдік

Темекі мен ішімдіктен аулақ болыңыз. Никотин деменция ауруын қоздырады.

Витамин тапшылығына жол бермеңіз

Д дәрумені жетіспесе, ол деменцияның дамуына алып келеді. Сол үшін дұрыс тамақтаныңыз.

Ұйқы

Өзіңізді күніне кемінде 7-8 сағат сапалы ұйқымен қамтамасыз етіңіз. Бірақ 10 сағаттық ұйқы да деменцияны тудыруы мүмкін. Егер сізде ұйқысыздық, ашығу немесе апноэ байқалса, дәрігермен ақылдасып, көмек сұраңыз.

Деменция белгілері байқалса не істейміз?

Соңғы үш күнді есіңізге түсіріңіз. Не жедіңіз, не кидіңіз, т.б. Ми шабуылын жасап көріңіз. Егер жағдай қиын екенін байқасаңыз, дәрігерге көрінген жөн. Ол сіздің миыңызды түсіріп, не болғанын анықтайды. Дер кезінде емдеу шараларын жасайды.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!