Психология

Сұрақ-жауап. Шапшаң жауап берудің айла-тәсілдері

Сұрақ-жауап кезінде не істейміз?

Сұрақ-жауап кезінде тыңдармандар мен қарсыласыңыз түрлі сұрақтар қоюы мүмкін. Біріне дайын болсаңыз, енді бірі күтпеген соққы болады. Қойылған сұраққа дұрыс жауап беру – біліміңіз бен ойыңыздың дұрыстығының көрсеткіші. Әрқашан шынайы жауап беру сізге пайда алып келмеуі ықтимал. Сол үшін бірнеше айла-тәсілді білген жөн.

Қойылған сұраққа жауап бергіңіз келмесе, не істеу керек?

Кейде семинар немесе кездесулер барысында сұрақ-жауап кезінде бар сұраққа жауап беру міндетті секілді болып көрінеді. Бұл дұрыс емес. Ораторға екі жағдайда сұраққа жауап бермеуіне болады: егер сұрақтың жауабын білмесе немесе сұраққа жауап бергісі келмегенде.

Жауап бергіңіздің келмейтінін бірден айту дұрыс шешім емес. «Сұраққа жауап бермеймін» деудің орнына «Қазір менде бұл сұраққа жауап берерлік ақпарат жоқ» немесе «Дәлелдерсіз жауап беру қағидама жатпайды» деп айтқан жөн. Бұдан кейін сұрақ қоюшыға дайындалуға уәде беріп, байланыс нөмірін алып қалыңыз. Бұл сіздің аудитория ойына бейжай қарамайтыныңызды көрсетеді.

Пікіріңізбен келіспейтін тыңдарманға не деп айтқан жөн?

Кей жағдайда тыңдарман сөздеріңізге күмән келтіруі мүмкін. Оны міндетті түрде тыңдаңыз. Радислав Гандапас мұндай тыңдаушыларға «студенттің әдісін» қолданған жөн деп есептейді. Жауабыңызды мына фразалармен бастаңыз: «Сіздің сұрағыңызға жауап беру үшін алдымен мынаны айтып алған дұрыс…». Бұдан соң өз жауабыңызды айтыңыз.

Әдетте мұндай тыңдармандар «интеллектуалды террористің» рөлін атқарады. Сіздің жауабыңыздың орнына оларға назар керек. Осындай жағдайда аудитория назарын тыңдарманға аударсаңыз жеткілікті. Олар бұдан соң ыңғайсыз сұрақтар қоюдан қашқақтайтын болады.

Арнольд Шварценеггер Калифорния штатының губернаторлығына сайлауға түскенде журналистердің бірі «Жас кезіңізде эротикалық фильмдерге түскеніңіз рас па?» деп сұраған екен. Сонда Арнольд «Бұл – ескі сұрақ» деп жауап қатыпты.

Сұрақтар болмаған жағдайда не істеу керек?

Оратор: «Енді сұрақтардың кезегі. Сұраңыздар» деп айтқан соң аудиторияда тыныштық орнауы мүмкін.

Аудиторияны сөйлетудің бірнеше әдісі бар. Тыңдармандарды асықпай қарап шығыңыз. Егер біреуін қимыл-қозғалысты байқасаңыз, оның көзқарасын ұстап қалуға тырысыңыз. Жай ғана күліп бастауға болатынын жеткізіңіз.

Әдетте тыңдармандар бірінші сұрақ қоюдан қашқақтайды. Тыңдармандарды сөзбен баурап алыңыз. «Сонымен, бірінші сұрақ…» деп бастаңыз.

Сұрақ қойылмай жатса, «Менен жиі сұрайды…» деп сөзді бастаңыз. Осыдан кейін тыңдармандар батылдығын жиып, сұрай бастайды.

Сұрақ тепе-теңдікті бұзса не істеу керек?

Әдетте аудитория тарапынан сіз күтпеген, құйтырқы сұрақтар қойылуы мүмкін. Өзіңіздің сезіміңізді жасырып қажеті жоқ. Жасыруға әрекет жасасаңыз, тыңдарманға бұл бірден байқалады. «Таң қалып тұрмын» немесе «Мені ұялтып жібердіңіз ғой» деген фразаларды пайдаланыңыз. Бұл сізді тыңдармен жақындастыра түседі. Сонымен қатар ойша дәлел жинап алуға уақыт ұтасыз.

Дайындаған Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!