Психология

Жаман ойдан арылудың ең оңай тәсілдері

Жаман ойдан арылудың ең оңай 7 тәсілін біліп жүріңіз.

Жаман ойдан арылудың ең оңай тәсілдері қандай? Balbal.kz сайты назарларыңызға жаман ойдан арылып, жақсы ойлаудың тәсілдерін ұсынады. Керек жерін қойын дәптеріңізге түртіп алып, тәжірибе жүзінде пайдаланып көріңіз.

  1. Ары қарай не болатынын бақылаңыз.

Біз кез келген қиын жағдайда тез шешім қабылдауға бейім келеміз. Сол себепті іс насырға шауып, қателіктерге бой алдыруымыз мүмкін. Ал психолог мамандардың айтуынша, әр мәселенің қалай өрбитінін жай ғана бақылау керек. Бір сөзбен айтқанда әліптің артын баққаныңыз жөн.

  1. Кінәліні іздемеңіз.

Өткен істі ой елегінен өткізіп, тек  біреуге (сол сияқты өзіңізге де) кінә артуға болмайды. Өйткені әр істе тек бір адам кінәлі болмайды. Жаман ойлаудың ең басты себебі біреуді кінәлаудан туындайды.

  1. Ең басты жауымыз – ашуымыз.

Ашу үстінде ауыр ойлардың жетегінде кетуіміз мүмкін. Ол жағынан біздің ашуымыз өзімізге жау. Ашуды жеңудің ең оңтайлы тәсілі – жаяу қыдыру, медитация жасау, әр түрлі жаттығулар жасау. Ашуланып тұрған кезіңізде жалғыз қалып, тынышталуға тырысыңыз.

  1. Өзгелер не ойлайды деп бас қатырмаңыз.

Бұл жаман ойдан арылудың тағы бір тәсілі. Өзгелер сіз туралы не ойласа да, сіздің шын мәнінде жан дүниеңізде не жатқанын білмейді. Сол үшін өзгелердің ойы сізге не керек? Өзгелердің пікіріне құлақ түру, не айтатынын бағып жүру – ең үлкен қателік. Ол сіздің уақытыңызды алады, әрі жүйкеңізді жұқартады.

  1. Шын мәнінде олай емес.

Сіз не ойласаңыз да, ол шын мәнінде олай болмай шығуы мүмкін. Сол себепті ойыңызда тек жаман ой болатын болса, ол сіздің ішкі қорқынышыңыздың әсерінен. Сол себепті қорқыныштардан арылыңыз. Біздің эмоцияларымыз физикалық жағдайымызға байланысты.

  1. Сіз сиқыршы емессіз.

Жаман ойлар көп жағдайға өткен іске байланысты болады. Егер де… Осы тіркестің салдарынан өткен іске сан мәрте рет өкінген боларсыз. Өз-өзіңізді қинамаңыз, өткен іс өтті. Оны өзгертетіндей сіз «сиқыршы» емессіз. Өткен іс түгілі, 1 секунд бұрынғы әрекетіңізді өзгерте аламайсыз.

  1. Қиянат жасаған адамдарды кешіріңіз.

Бұл оңай дей алмаймыз, бірақ сіз үшін ең дұрысы осы қадам. Иә, сізге солай жасады. Иә, бұл сатқындық. Бірақ жамандық жасаған адам үшін емес, өзіңіз үшін оны кешіріңіз. Бұл ең дұрыс шешім. Жаман ойдан арылудың ең оңай тәсілі де осы.

Дайындаған: Маржан Сәбет

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!