Салауат

Кофе шынымен бұлшық ет ауырғанын баса ма?

Кофе ішкен неліктен пайдалы?

Кофе су мен шайдан кейін ең көп ішілетін сусын.  Офиста жұмыс істейтін қызметкерлердің басым бөлігі жұмысты кофе ішумен бастайды.

Шығу тарихы

Қалди есімді эфиопиялық адам жайылымда ешкісінің қанық қызыл жемісті жегенін көреді. Бұл өсімдікке Қалди күдікпен қарайды. Ертесі таңертең ауыл тұрғындары осы өсімдікті сөз етіп отырады. Қалди өсімдікті өзіне сынап көреді. Сергек болғанына және күш алғанына таңғалады. Халықты өз қасиетімен таңғалдырған кофе тарихы осылай бастау алады.

Кофенің дүние жүзіне таралуы

14 ғасырда Эфиопияда кофе ағашы көп өсіп, кең таралып кетеді.

16 ғасырда кофе сусыны дамиды. Осман исмпериясында етек жая бастайды.

16 ғасырда Еуропа саудагерлері Араб кофесін сатып алады. Еуропада дами бастайды.

16 ғасырда Үндістанда кофе өсіріле бастайды.

17 ғасырда Үндістаннан голландиялық саудагерлер сатып алып, Ява мен Суматра аралдарына таратады. Осылайша кофе бүкіл әлемге таралады.

Алғашқы кофехана және оның ізбасарлары

Әлемдегі алғашқы кофехана 1475 жылы Константинополда ашылды. Қазір бұл Түркия астанасы – Стамбул. Түріктер кофенің дамуына елеулі үлес қосты.

Еуропада 1670 жылы әрбір ірі қалада кофехана пайда болды. Францияда ерлер мен әйелдер кездесетін орын ретінде қаралды. «Сafé au lait» деп аталатын сүт қосылған кофе танымал болды.

Америкада бірінші кофехана Бостонда 1670 жылы ашылды. 1773 жылдан бастап америкалықтар үшін кофе ұлттық сусынға айналды.

Англияда кофехана өзекті мәселелерді талқылайтын орын ретінде саналды. Лондонда 16 ғасырдың соңында 300 жуық кофехана болды.

Кофенің пайдасы

  1. Сергітеді және жұмыс өнімділігін арттырады

Ғалымдар кофенің есте сақтау қабілетін арттырып, көңіл-күйді көтеретінін айтады. Сонымен бірге кофеин ағзадағы метоболизм процесін жылдамдатады. Мысалы, кофеин арық адамның бойындағы 29% майды, ал толық адамда 10% майды ыдыратады. Тәжірибе нәтижесінде күніне бір шыныаяқ кофе ішетін әйелдерде күйзеліске ұшырау дәрежесі 20% төмен болатыны анықталды.

  1. Жаттығудан кейінгі бұлшық ет ауруын басады

Зерттеушілер жаттығудан кейін екі шыныаяқ кофе ішуге кеңес береді. Олар өздері жасаған тәжірибеде жаттығудан келген адамдардың жартысына кофе ішкізген. Бұлшық еттегі ауырсынуды сұрағанда кофе ішкендердікі төмен болған.

  1. Бауыр, асқазан ауруларының алдын алады

Сингапур ғалымдары күн сайын екі немесе одан да көп шыныаяқ кофе ішу бауыр ауруына, қатерлі ісікке шалдығудың алдын алатынын айтады. Өтте тас жиналмайды. Сондай-ақ 489 706 адам қатысқан тағы бір зерттеуде күніне 4-5 шыныаяқ кофе ішетін адамдардың асқазанында қатерлі ісіктің пайда болу қаупі 15% төмендейтіні анықталған.

Кофенің зияны

  1. Ұйқысыздыққа шалдықтырады

Кофені көп ішкен жағдайда ұйқысыздыққа шалдықтырады. Кофе ішкеннен кейін 15 минутта ағзаға әсер етеді. Алты сағат белсенді боласыз. Егер ұйқыңыздың қанғанын қаласаңыз, түстен кейін немесе ұйықтар алдындағы 2-3 сағатта кофе ішпеңіз.

  1. Кофе дәріге әсер етеді

Егер қандай да бір дәрі қабылдап жүрсеңіз, дәрігерден кофемен бірге ішуге болатыны немесе болмайтыны туралы сұрап алыңыз. Себебі кофе дәрілік заттардың әсерін арттырып немесе әлсіретіп жіберуі мүмкін.

  1. Кофе тәттіқұмарлыққа әкеледі

Кофе ішкен адамдар жеміс шырынын, газдалған немесе өзге де тәтті сусындарды ішуге құмартып тұрады. Бұл шешімді австралиялық ғалымдар шығарған.

Олар тәжірибеге қатысушыларды екі топқа бөліп, бір топқа бірнеше күн бойы кофе ішкізген. Екінші топ ештеңе қабылдамаған. Нәтижесінде бірінші топтағылар күніне 419 мл, ал екіншілері 273 мл тәтті сусындарын ішкен.

  1. Қан қысымын көтереді

Италия ғалымдары 18 бен 45 жас аралығындағы 1200 адамға зерттеу жасайды. Көп кофе ішетін адамдарда қан қысымы 4 есе, ал 2 шыныаяқ ішетіндерде 3 есеге жоғарылайды.

Дайындаған: Гауһар Бердібек

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!