Миллионер

Бизнес жайлы фильмдердің үздік бестігі

Бизнес жайлы фильмдердің үздік бестігі сізге де пайдалы болар.

Бизнес жайлы фильмдердің санында есеп жоқ. Дегенмен назарларыңызға ең үздіктерін ұсынамыз. Қолымыз босай қалған сәтте немесе бір шабыт іздеген кездерде кино көргіміз келетінін анық. Отбасымызбен, достарымызбен немесе сүйіктіңізбен отырғанда қандай кино көремін десеңіз Balbal.kz сайты арнайы сіздер үшін үздік фильмдер топтамасын әзірледі. Шабыттандыру мақсатында қарапайым адамдардың жетістіктерін баяндайтын, сізге  жаңа бір белесті бағындыру үшін серпін беретін жиынтық – бизнес туралы болмақ.

Бизнес жайлы фильмдердің ең айтулыларын көріп,  шабыт пен мотивация алады деген үмітпен үздік топтамалармен таныстыруды бастайық.

1. Уолл-Стрит қасқыры (Волк с Уолл-Стрит)

Бизнес жайлы фильмдердің үздік бестігі
«Уолл-Стрит қасқыры» фильмінен үзінді

Режиссері: Мартин Скорсезе

2013 жылы жарыққа шыққан бұл фильм көрермендер жүрегінен кең орын ала білген туындылардың бірі. Джордан Белфорт есімді банк қызметкері, жұмысынан айырылып, жұбайының ұсынысымен Иорданияға келеді. Бұл жерде акциялармен айналысатын шағын мекемеге орналасып, аз уақыт ішінде өзінің тапқырлығы мен шапшандығының арқасында жақсы жетістікке жетеді. Бірде ол көрші тұратын Дони есімді саудагер жігітпен танысады. Екеуі ортақ бір кәсіпті бастауды көздеп, өздерінің достарын жұмыс істеуге шақырады. Алайда, Джордан  Белфорттың ең осал тұсы болды. Ол – қыдыруды қатты жақсы көреді. Осы қалпында Джордан өзінің кәсібін алып кете алды ма екен?

2. Кремний алқабындағы қарақшылар( Пираты Силиконовой Долины)

Бизнес жайлы фильмдердің үздік бестігі, Пираты Силиконовой Долины
«Кремний алқабындағы қарақшылар» фильмінен үзінді

Режиссері: Мартин Берк

Бұл фильмді көрермен назарына ұсынғанына бақандай жиырма жыл өтіпті. Фильмнің басты кейіпкерлерін танымайтын адам жоқ шығар. Тақырыбына қарасаң бір төбелес деп қаласың. Бірақ олай емес. Тұнып жатқан тарих. Сексенінші жылдардың басында екі адамның қиялынан туған бұл дүниелерді қазіргі таңда біздің күнделікті қолдасымызда.  Ол не дейсіз ғой? Ендеше бұл фильмді міндетті түрде көріңіз.

3. Корпорация

Бизнес жайлы фильмдердің үздік бестігі, Корпарация, үздік фильм
Корпарация

Режиссерлері: Марк Ахбар, Джениффер Эбботт

Бұл деректі фильм. Осы фильмді көре отырып, құдды бір бизнес тренингте отырғандай сезімде боласыз. Себебі бұл фильмде сіз білмейтін көптеген құпиялар ашылады. Үлкен тәжірибе жинай алатыныңызға сенімдімін. Және сіз заманауи бизнес мастодондарына «психологиялық диагноз» қойып, олар жасаған қателіктерден аулақ боласыз. Қызық па? Онда төмендегі сілтеме арқылы көрсеңіз болады.

4. Бизнесмендер

Бизнес жайлы фильмдердің үздік бестігі, Бизнесмендер, Ақан Сатаев
Отандық «Бизнесмендер» фильмі

Режиссері: Ақан Сатаев

Кезек өзіміздің Қазақстандық туындыларғада жетті. Ақан Сатаевтың «Бизнесмендер» атты фильмі тоқсаныншы жылдарды суреттейді. Басты кейіпкерлер  –  Дамир, Асқар, Ануар есімді қарапайым отбасыдан шыққан, үш студенттің бизнес жолында кешкен қиындықтары мен қызықтарын бірге тамашалайық. Олар өздері қалаған шыңға шыға алды ма екен?

5. Қазақша бизнес

Бизнес жайлы фильмдердің үздік бестігі, Қазақша Бизнес, Бизнес по-казахский
Отандық фильм -«Қазақша бизнес»

Режиссері: Женісхан Момышев

Қазақстандық бизнес туралы фильмдерге шолу жасай отырып,  мына фильмді елеусіз қалдырсам ұят емес пе? Көпшілігімізге «Бизнес по-казахски»  есімімен таныс бұл фильмнің көрермендерге жақсы көңіл күйден бөлек,  үлкен ой салары анық. Жомарт есімді ірі кәсіпкер, қонақ үйін аман алып қалу үшін қандай амал ойлап табады екен? Жомарттың кәсібін аман алып қалуға кімдер көмектеседі?  Фильм көріп, жақсы көңіл күйде жүріңіздер!

Дайындаған: Дидар Орынғали

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!