Табыс

Кәсіпкерлер көруі тиіс 5 фильм

Кәсіпкерлер көруі тиіс фильмдер топтамасын ұсынамыз.

Кәсіпкерлер көруі тиіс фильмдер рухтандырып немесе шабыттандырып қана қоймайды, сонымен бірге көрерменге қиындықтан шығудың тиімді жолдарын ұсынады. 

1. Джой 

Кәсіпкерлер көруі тиіс 5 фильм
Джой

Оқиға желісі Ingenious Designs компаниясының негізін қалаушы Джой Манганоның өміріне негізделген. Ол кез келген әйелге үй тазалауға көмектесетін, өздігінен сығылатын еден жуғышты (швабраны) ойлап тапқан адам. Қаржылық қиындықтарға, отбасылық кикілжіңдерге, сенген адамдарының сатқындығына қарамастан, Джой өзінің кәсіпкерлік қабілетіне сенуді тоқтатпайды. Оның ең басты арманы – күнделікті күйбеңнен құтылып, қаржылық жетістікке жету. Ол арманының орындалатынына сенді. Қарапайым қыздан үлкен бизнес-империяның негізін қалаушыға айналды. Фильмнің негізгі түйіні – әрбір бизнес-идея міндетті түрде тек қаржы әлемінің ғана емес, жақын адамдардың да сынағынан өтетіндігін дәлеледейді.

2. Бақытқа ұмтылу (В погоне за счастьем)

Кәсіпкерлер көруі тиіс 5 фильм
Бақытқа ұмтылу (В погоне за счастьем)

Басты рөлдердің бірін Уилл Смит сомдаған есте қаларлық фильмдердің бірі. Крис Гарднер есімді жалғызбасты әке баласына тамақ тауып беру үшін клиникаларды аралап, денситометрлерді сатуға ұмтылады.  Қаражы құрдымынан шығудың жалғыз жолы – ол брокерлік компанияға ақы төленбейтін алты айлық тәжірибелік жұмысқа орналасады. Көрермендерді шабыттандыратын фильмнің негізгі түйіні: шынайы ниет пен жүйелі еңбек қана кез келген жобаның жетістікке жетелейді.

3. Барлығын өзгерткен адам (Человек, который изменил всё)

Барлығын өзгерткен адам (Человек, который изменил всё)
Барлығын өзгерткен адам (Человек, который изменил всё)

Окленд бейсбол командасының бас менеджері Билли Биннің команданы құтқару үшін математикалық тұрғыдан дәлелденген ерекше шешімді қалай тапқаны туралы суреттелген фильм. Ол бір ғана бағытта жақсы ойнайтын «қымбат емес» бейсбол ойыншыларын сатып ала бастап, өзінің арманыныдағы топты құрады. Фильмнің аты айтып тұрғандай, алғашқы болудан және ойын ережелерін өзгертуден қорықпау керек. Тіпті азғантай мүмкіндіктердің өзімен мәселенің шешімін табуға болады.

4. Әлеуметтік желі (Социальная сеть)

Кәсіпкерлер көруі тиіс 5 фильм
Әлеуметтік желі (Социальная сеть)

Марк Цукербергтің Facebook-ті қалыптастыру кезеңі суреттелген кино туынды. Фильм Facebook-тің құрылу тарихы туралы ғана емес, сонымен қатар Гарвардта оқитын үш жолдастың сюжеттік желілерін біріктіреді. Эдуардо Северин пайда үшін бизнеспен айналысады, Шон Паркер, болашақ Facebook кеңесшісі. Марк Цукербергтің серіктестерінен айырмашылығы, ол өз ісінен әлеуметтік жағдайын жақсартудың ғана емес, сонымен қатар өз идеясын растаудың әдісін көреді. «Әлеуметтік желінің» фильмінің басты құндылығы – жаңа кезеңдегі бизнестің психологиясын ашу.

5. Бэнкс мырзаны құтқару (Спасти мистера Бэнкса)

 5 фильм
Бэнкс мырзаны құтқару (Спасти мистера Бэнкса)

Фильмде Disney компаниясының «Мэри Поппинс» романын экранға шығару тарихы суреттеледі. Романды түсіру құқығына ие болғысы келген Уолт Дисней шығарма авторы  Памела Траверспен екі апта бойы келіссөз жүргізеді. Фильмнің эскиздері де, музыкасы да, костюмдері де талапшыл жазушының көңілінен шықпайды. Режиссер кез-келген амалдарды қолданады, бірақ бәрі бекер болып шығады. Бір қарағанда, кәсіпкерлер үшін пайдасыз болып көрінетін фильмнің берері мол. Егер дегеніңе жетіп, адамдарды өз жағыңызға тартқыңыз келсе, әр адамның көңілінен шыға алатын психолог бола білуіңіз керек. «Иә» деген жауапты естімейінше, тоқтамаңыз!

Дайындаған: Маржан Сәбет

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close