Миллионер

Ең бай спортсмендер және олардың миллиондары

Ең бай спортсмендер кімдер?

Ең бай спортсмендер халық аузында жүретін адамдар. Спорт әлем бойынша бірнеше миллион инвестиция жинаған сала болып табылады. Соңғы 100 жылда халықаралық жарыстар ұйымдастыратын спорт федерациялары, клубтар мен командалар пайда болды. Әр ай сайын әлемде 10 жаңа стадион салынады. Сәйкесінше адамдарды ең көп ақша табатын спортшы қызықтыратыны сөзсіз. Ең бай спортсмендер ең тәжірибелі, ең табанды болып шығады. Ең бай спортсмендер тізімінде футболшылар мен былғары қолғап шеберлері көптеп кездеседі.

Шакил О’Нил

Шакил О’Нил – әлемге белгілі баскетбол шебері. Оның карьерасындағы пайда 735 миллион долларды құрайды. Баскетболшы өзінің «Shaq» компаниясындағы үлесін «Authentic Brands» кәсіпорнына сатқан және болашақта сатылымға шығатын тауарлардың бөлігін алып тұруға құқығы бар. «Shaq» компаниясы құрылған уақыттан бастап барлығы 120 миллион жұп аяқ киім сатылған. Қазіргі уақытта спортшы бапкерлік қызмет атқарып, өзге де кәсіптердің иесі.

Флойд Мейвезер

Флойд Мейвезер – жеңіл және орта салмақта өнер көрсеткен белгілі кәсіпқой боксшы. «Ring» бойынша үздік боксшы атағын иеленген. Өз карьерасында ол 785 миллион доллар пайда тапқан. Қазіргі уақытта Флойд өз кәсібін жүргізу арқылы пайдасын көбейтіп жүр.

Дэвид Бекхэм

Дэвид Бекхэм – америкалық белгілі футболшы. Ол кезегінде футбол арқылы 800 миллион доллар пайда тапқан. Карьера соңында оның пайдасы көбейе түскен. Дэвид «Beckham» брендімен виски өндіретін бірнеше компаниялармен келісімшартқа отырған. Қазіргі таңда футболшы өзге кәсіп иесі атанып, инвестициялау арқылы кіріс көзін көбейткен.

Коби Брайант

Коби Брайант – америкалық кәсіпқой баскетбол шебері. Спортшы 2020 жылы қаза тапқан. Өз карьерасында 1346 матчта өнер көрсетіп, 800 миллион доллар пайда көрген. Спортшы 20 жыл NBA-да ойнап, топ-10 ең үздік баскетболшы қатарына енген. Коби капиталы 100 миллион долларға тең «Kobi Inc.» компаниясының негізін қалаған.

Фил Микельсон

Фил Микельсон – кәсіпқой гольф ойыншысы. Фил 5 рет мейджор ойындарының жеңімпазы атанған. Өзінің спорт карьерасындағы табысы 815 миллион долларды құрайды. Қазіргі уақытта Фил әлем бойынша бірнеше компанияларға басшылық етеді.

Михаэль Шумахер

Михаэль Шумахер – әлемге танымал автоспорт майталманы. Ол «Формула-1» жарысын бірнеше рет жеңген. Шумахер жылдамдыққа қатысты және маусымдағы жеңісі бойынша бірнеше рекордтардың иесі. Ол өз карьерасында 1 миллиард доллар тапқан.

Арнольд Палмер

Арнольд Палмер – әлемге белгілі гольф ойыншысы. Спортшы 2016 жылы қаза тапқан. Оның карьерасындағы табысы 1,4 миллиард долларды құраған. Қазіргі уақытта «Arnold Palmer» атты Азияда спорт киімдерін өндіретін компания бар. Бұл компанияның тауарлары 39 мемлекетте сатылады.

Джек Никлаус

Джек Никлаус – кәсіпқой гольф ойыншысы. Оның карьерасындағы табысы 1,6 миллиард долларды құраған. Қазіргі таңда Джектің компаниясы 41 мемлекетте орналасқан 410 спорт мектебіне жауапты. Спортшы лимонад, балмұздақ, ыдыс-аяқ және гольфтың құрал жабдықтарын өндірумен айналысады.

Тайгер Вудс

Тайгер Вудс – 15 рет халықаралық турнирлерді жеңген танымал гольфшы. Ол өз карьерасында 80 рет жарысқа түсіп, 1,7 миллиард доллар пайда тапқан. Қазіргі уақытта Тайгермен келісімшартқа отыруға гольф жабдықтарын өндіретін көптеген компаниялар мүдделі.

Майкл Джордан

Майкл Джордан – 2019 жылдың ең бай спортшысы атанған. Баскетбол карьерасында 1,85 миллиард доллар пайда тауып, бірнеше рет чемпион атанған. Өз кәсібін жүргізіп, инвестициямен айналысады. Оның қазіргі табысының басым бөлігі инвестициялау арқылы түсіп отыр.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!