Миллионер

Ричард Брэнсон немесе мектеп бітірмеген бизнесмен

Ричард Брэнсон қалай байыды?

Ричард Брэнсон – Ұлыбританияның ең атақты, ең дәулетті бизнесмені. Ол Virgin Group корпорациясының жетекшісі ретінде әлемге танымал.

Өмірбаяны

Ричард Чарльз Николас Брэнсон 1950 жылы18 шілдеде Лондондағы Блэкхет ауданында дүниеге келді. Әкесі Эдвард адвокат, ал анасы Ева театрда планер ұшқыштарының нұсқаушысы болды. Ричард үйінің үлкені. Одан кейін інісі және екі қарындасы бар. Оның бауырлары әкесі мен атасының жолын қуып, заң саласына барған.

Брэнсон мектепті нашар оқыды. Себебі дислексиямен ауырды. Кәсіп ашамын деп армандаған ол тіпті мектеп бітірмей, Лондонға аттанады.

Арман жолындағы әрекеті

Жасөспірім кезінде Жаңа жыл қарсаңында шырша өсіруді қолға алады. Кейін тотықұстарды будандастырып, асыл тұқым алуға тырысқан. Бірақ бұл бизнестері нәтижелі болмайды.

16 жасында Лондонға көшкеннен соң Student атты журнал шығарады. Ондағы иллюстрациялы жазбаларды жасауға суретші Джеральд Скарф көмектескен. Журналға Джон Леннон сияқты атақты жұлдыздарды шығарғаннан соң бизнесі жүре бастайды.

17 жасында Student Advisory Centre қайырымдылық қорын ашады.

Virgin корпорациясы қалай пайда болды?

Брэнсон Ла-Маншқа барған кезде базардан аудиотаспалар бар жәшікті арзанға сатып алады. Ол таспаларда ақау бар екен. Осы таспаларды ол Лондондағы сауда орталықтарына сатты. 1970 жылы оларды пошта арқылы сатуды қолға алды.

Сол кезде маркетингтік келісім қатаң болды яғни баға саясаты бойынша жеңілдікпен сатуға болмайтын. Ричард ерекшелене білді. Ол сатпас бұрын жазбаларды тыңдап көруге берді.

Осылайша Оксфорд-стритта Virgin дүкенін ашты. Алайда 1971 жылы экспортталған тауарларды сатты деген айыппен тұтқындалды. Айыппұлды төлеу үшін үйін кепілдікке қойды.

Аудиожазба лейблінің жетістігі

Кейін Ник Пауэллмен бірге Virgin Records аудиожазба лейблін ашты. Ол бизнесі өркендеді. Көп ақша тауып, дыбыс жазу студиясын құрды. Оны мульти-аспап Майк Олдфилге жалға берді.

Virgin Records-тің алғашқы еңбегі – Майк Олдфилдің Tubular Bells альбомы. Ол миллиондаған тиражбен таратылды. Ұлыбритания альбомы рейтінгінде 1 орынға ие болды және «Үздік аспаптық жұмыс үшін» Грэмми сыйлығын алды.

Sex Pistols, Culture Club Faust, Can және Heaven сынды ерекше топтармен жұмыс істеді.  Англияда рок стилін жандандырды.

1992 жылы авикомпанияны дамыту үшін лейблін EMІ компаниясына сатты. Ол компания кейін лейбл бағытын өзгертіп жіберді. Sex Pistols-пен отырған 1 миллиондық келісімшартты бұзды. Бұған өкінген Ричард V2 Records лейблін ашты.

Туризм саласына бет бұруы

1984 жылы  Virgin Atlantic Airways, одан кейін Virgin Blue авиакомпаниясын ашты. Ал 1997 жылы теміржол компаниясын құрды.

Ең ірі бизнесі Virgin Galactic ғарыш компаниясын құрды.

Virgin монополиясы

Ричард бірнеше саланы тоғыстыра алды. Оның ұялы телефон оператор жүйесі, анимациялық және ойын-сауық кешені компаниялары, әлемдік мәселені шешуге бағытталған орталықтары және медициналық  Virgin Health Bank орталығы бар. 2007 жылы Virgin антимонополиялық тексерістен өтті.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!