Табыс

Telegram арқылы табыс табудың жолдары

Telegram арнаңызды дамытып жүрсіз бе?

Telegram — мессенджер ретінде белгілі әлеуметтік желі. Көбісі бұл желіні тек хабарламамен бөлісу үшін пайдаланады. Алайда барлығы telegram арқылы ақша табудың жолдарын білмейді.Сонымен қатар бұл «дұрыс өңделмеген алаң». Бұл дегеніміз қазіргі уақытта оның мүмкіндіктері көп. Balbal.kz сайты telegram арқылы табыс табудың жолдарын назарларыңызға ұсынады.

Жарнамалық пост жариялау

Бүгінгі таңда Telegram-дағы негізгі пайда көзі – өзге арналарға жарнама жариялау. Администраторлардың көбі дәл осы жолмен пайда табады. Егер сіздің арнаңызда 1 000 жазылушыдан көп болса, оны көптеген биржалар мен статистикалық сервистерге ұсына аласыз. Мысалы, tgstat  пен sociate. Алдымен клиентпен барлық жағдайда келісесіз. Уақыт пен күні, ақысы. Постың сіздің арнаңызда тұру ұзақтығы да маңызды. Бұдан кейін клиент сізге бұрын келісілген ақыны төлейді. Ал сіз өз арнаңызда немесе өзге арнада жариялап бересіз.

Жұмыс істеу ыңғайлы болуы үшін онлайн Excel кесте жасаңыз. Мұнда бос уақыттар мен бос емес күндер белгіленіп отыруы тиіс.

Топтамаларды жариялау

Бұл да жарнама жариялауға ұқсас. Бірақ сіз бір емес, бірнеше арналардың жарнамасын бірден жариялайсыз. Сәйкесінше ақы мөлшері жарнамаға қарағанда төмен. Дегенмен пайда көбірек. Топтама құрамының алғашқысы мен соңғысы өтімдірек. Олардың бағасы да жоғары болады. Бірақ мұндай топтамаларды көп жариялаудың қажеті жоқ. Бұл оқырмандардың арнаға деген сенімділігін төмендетеді.

Тауарлар мен қызметтерді сату

Тауар мен қызметтерді сату — Telegram-дағы тұрақты пайда көзінің бірі. Егер сіздің жеке тауарыңыз немесе ұсынатын қызмет түріңіз болса, жылдам жарнамалай аласыз. Статистикалық көрсеткіштерге сенсек, өз арнаңызда жариялау табысты болып келеді. Яғни өз дүкеніңізді Telegram алаңында ашыңыз.

Серіктестердің тауарын жарнамалау

Егер өзіңіздің ұсынатын тауар немесе қызметіңіз болмаса, серіктестер іздеңіз. Тауарын сата алмай жүрген кәсіпкерлердің саны жетерлік. Бастысы аудиториясы кең, жазылушылар саны көп арнаңыздың болуы шарт. Сіз серіктесіңіздің тауарын жарнамалайсыз. Әр сатылымнан түскен қаржының белгілі пайызын сіз алып отырасыз.

Боттар жасау

Telegram арқылы ақша табудың жаңа жолы. Telegram қазіргі уақытта боттардың орталығына айналғаны ешкімге құпия емес. Ал жасаушылар автоматтандырылған көмекшілерді жасау арқылы пайда көруде.

Барлығы бот жасауды қиын жұмыс деп ойлайды. Әрине, қызметі күрделі бот жасасаңыз, көп еңбекті қажет етеді. Ал қарапайым көмекшілерді жасау аса қиын емес. Мұнда қызықты, мессенджер қолданушыларын қызықтыратын дүние ойлап тапсаңыз жеткілікті.

Өзге арналарды басқару

Егер өзіңіздің арнаңыз немесе арнаны дамытуға қаржыңыз болмаса, өзге пабликтерді жүргізіңіз. Бұл қаржысыз мессенджерде пайда табудың тиімді жолы. Ереже бойынша администраторлардың жұмысы:

  • Пост жариялау;
  • Мақалалардың ретін құру;
  • Жарнама беруші және клиенттермен тіл табысу;
  • Материалдарды өңдеумен шектеледі.

Мұндай жұмыстың ақысы да жаман емес. Сіздің табысыңыз бір арна үшін 7 000-10 000 теңгені құрайды.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!