Таным

«Тақтар ойынында» айтылған ең үздік ойлар

"Тақтар ойынында" айтылған ең үздік ойларды назарларыңызға ұсынамыз.

«Тақтар ойынында» әрбір кейіпкердің аузынан шыққан сөз философиялық ойларға толы. Оның Джордж Мартиннің «Мұз бен жалынның әні» шығармасының желісімен түсірілгені сериал сүйер қауымға жақсы таныс. Сериалдың әлем бойынша миллиондаған жанкүйері бар. «Тақтар ойынында» атақ, даңқ, таққа талас жолында басын бәйгеге тіккен әрбір кейіпкердің образында, айтқан сөздерінде терең мағына жатыр.

1. Адамдар әрдайым шындықты талап етеді, алайда ол бәріне бірдей жаға бермейді.

2. Бір күндік бостандық – өмір бойы шынжырға шырмалудан артық.

3. Сіздер, көлеңкелермен күресіп жүрсіздер. Ал негізінде көлеңкесін түсіретін адамдармен күресу керек.

4. Біздің барлығымыз күндердің-күнінде таңдау жасаймыз. Ерлер мен әйелдер, балалар мен қарттар, патшалар мен қарапайым халық. Бәрінің таңдауы – біреу. Біз жарықты немесе қараңғылықты таңдаймыз. Жақсылықты немесе жамандықты өмірімізге енгіземіз.

5. Кейбір есіктер мәңгілікке жабылады, ал басқалары күтпеген жерден ашылуы мүмкін.

6. Ол маған бірде, лорд болу – әке болу сияқты екенін айтқан. Алайда мыңдаған бала үшін. Және олардың барлығына жауапты екенімді ескерткен. Сенің парызың – егістікте еңбек етіп жүрген қарапайым қара халықты қорғау. Еден жуушы қызметкерлерге, соғысқа бастап барған әскерилерге қорған болу. Ол таңертең ұйқыдан қорқынышпен оянып, түнде ұйқыға кетерде қорқынышпен жататынын айтқан. Мен оған сенбедім. Сосын: «Адам қорқатын болса, қалай батыл болады?», – деп сұрадым. Ал ол: «Тек осылай ғана адам батыл бола алады», – деген.

7. Өз қорқынышыңызды мойындау – нағыз ерлік!

8. Күндердің күнінде бұйрық бергіңіз келе ме? Онда мойынсұнуды үйреніңіз.

9. Бірде ағам маған: «Адамның «бірақ» сөзінен бұрын айтқанының бәрі маңызды емес», – деді. Бірақ …

10. Біз кім екенімізді түсінген кезде ғана қалаған нәрсемізге қол жеткізе аламыз.

11. Патшалықты жаулап алу және оны басқару екі түрлі нәрсе.

12. Кішкентай адамның өзі үлкен көлеңке түсіре алады.

Дайындаған: Маржан Сәбет

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close