Таным

Zoom қосымшасын қолдануға арналған 10 нұсқаулық

Zoom арқылы жиналыс өткізіңіз

Zoom – онлайн кездесулерге арналған тиімді сервистің бір түрі. Жиналыс өткізу үшін арнайы орын іздеп, адамдарды бір кабинетке жинап отыратын уақыт өтті. Дамыған технологияның арқасында тек бір батырмамен жүздеген адаммен бір уақытта байланыса аласыз.

Қосымшаны жүктеп, өз атыңыздан тіркелген соң мына кеңестерге құлақ түріңіз:

Zoom жақсы жұмыс істеуі үшін

Zoom-ды қолданбас бұрын қосымшадағы бетті жаңартыңыз. Осылайша сервис толыққанды әрі жақсы жұмыс істейді.
Интернеттің жылдамдығын тексеріңіз. Zoom үшін байланыс қарқы секундына 100 кб болуы шарт.

Zoom сізді әдемі қылады

Сырт келбетіңізді ретке келтіріп алу үшін видеокамераны алдын ала қосып қойыңыз.

Егер сіз ұйқыдан жаңа тұрып жиналысқа дейін өзіңізді ретке келтіруге үлгермей қалсаңыз да оның шешімі бар. Zoom-да мәзірде «сырт келбетімді әдемілеу» деген батырма бар. Онда беттегі кейбір дақтар жасырылып, бейнеңіз фокусқа алынады.

Тыныш жер іздеңіз

Конференция басталғанша бір микрофон мен динамикті «баптаулар» батырмасын басу арқылы тексеріп алыңыз.
Егер өз даусыңызбен қоса жаңғырып естіп тұрсаңыз, дыбыс ұлғайтқыш пен микрофонды бір-бірінен алыс ұстаған жөн.
Конференцияға қатысуға тыныш жер таңдаңыз. Сырттағы көліктердің шуы ойыңызды бөлмес үшін терезені де жауып қойған дұрыс. Ал егер кездесуді шулы жерде өткізетін болсаңыз, арнайы микрофон қолданғаныңыз жөн.

Адамдарды танымасаңыз

Егер кездесудегі адамдарды етене танымасаңыз не істеу керек? «Баптаулар» батырмасын басып, ондағы жалаушамен белгіленген «атын көрсету» батырмасын басып қойыңыз. Конференция кезінде батырмаларды экраннан іздеп отырмас үшін клавиатура байланысын қолданыңыз. Мысалы, экранға демонстрация жасау үшін клавиатурадағы #Cmd+Shift+S (Alt+Shift+S). батырмаларын бірдей басыңыз. Ал #Cmd+Ctrl+M (Alt+M) батырмаларын басу арқылы қатысушылардың дауысын алып тастауға болады. Сондай-ақ, zoom қосымшасында өзіңіздің артыңызға әдемі виртуалды фон қоя аласыз. Ол өз кезегінде уақытыңызды алып әдемі фон іздеп жүрмеуге көмектеседі.

Дайындаған: Дидар Сұлтанбекқызы

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!